Дария Субханкулова, 24 жаста, орта дизайнері
Орынборда 2011 жылдан бастап тұрамын. Бұл жерде қазақтар өте көп, себебі қазақтар — бұл Орынбордың байырғы халқы. 2010 жылғы санақ деректері бойынша Орынбор Ресейдегі қазақтар санынан екінші орында. Бұл шамамен 120 000 қазақ.
Біздің қазақ қауымы белсенді. Қаламызда қазақ мәдениетін дамыту мақсатымен іс-шараларды өткізетін бірнеше ұйым бар. Мен қазақ жастарының арасындағы белсендісімін, біз өз мәдениетімізді дамытуға тырысамыз. Жақында бізде «Орынбор қазақтарының құрамасы» атты КТК командасы пайда болды, «Бәйтерек» футбол командасы және шығармашылық топ бар.
Бұл жерде қазақтар өте көп, себебі қазақтар — бұл Орынбордың байырғы халқы
Біз әдет-ғұрпымызға, салт0дәстүрімізге, тілімізге, мәдениетімізге ықыласпен қараймыз. Туған тілімізді сағынамыз. Бұл ауқымды іс-шаралар өткізілген кезде байқалады, жергілікті қазақтар дәстүрлі атмосфераға бөленіп, туған тілді есту үшін тырысып келеді. Тіпті жастар арасында тіл мен мәдениетке үлкен қызығушылық бар. Егер клубтық форматтағы қазақша кештер ұйымдастырылса, онда тек қана қазақша әндер ғана ойнайды.
Кейбір дастүрлер мен әдетғұрыптар заманауи Қазақстанға қарағанда бізде жақсырақ сақталған. Тіпті беташарды алатын болсақ, Солтүстік Қазақстанда бұл салт біздегідей дәстүрлі түрде аталмайды.
1920 жылы Орынбор астана аталған кезде, мемлекет Қазақ КСР немесе Қырғыз КСР деп аталды. Айта кету керек, бұл ақпарат бізде аса жарияланбайды, кейбіреулері тіпті бұны да білмейді. Бірақ, қызығушылық танытатын адамдар бар, соның ішінде мен.
Соңғы екі жылда Қазақстанда жиі болдым. 2016 жылы алғаш рет Астана, Алматы, Ақтау, Атырау және тағы басқа қалаларына бірінші рет бардым. Бұрын бала кезімде тек Ақтөбе облысында ғана болдым. Осындай мүмкіндігім бар болғанына қуанамын, себебі Астананың әдемілігі, Алматының табиғаты туралы білмеппін. Ресейде туып, Ресейде өстім, әкем де осы жерде туылды, сондықтан осында тұратынын айтты. Бірақ кей кезде Қазақстанға көшуді ойлаймын, себебі бұл менің тарихи Отаным.
Айват Баймешов, 26 жаста, программист
Ресейде туғанымнан бастап тұрамын, Орынборда тоғыз жыл бойы тұрып келемін. Қазақтарды сирек кездестіремін, бірақ олар мұнда көп деп айтады, әсіресе ОРММУ мен Аграрлы университетте. Менің таныстарым қазақтар көп деп санайды, меніңше, олар аз.
Қазақтардың салт-дәстүрі мен мәдениеті өміріміздің бір бөлшегі, өзімізді қазақтарға қауымдастырамыз, сондықтан да қазақтың дәстүрлері бізге жат емес. Бірақ, мысалы, мен қазақ тілін білмеймін. Зейнетке жақындаған уақытта оны үйренуді жоспарлап жатырмын, себебі қазір қазақ тілін тәжірибеде қолданудың қажеті жоқ.
Менде Орынбор Қазақстанның астанасы болғаны туралы түсінік жоқ. Бірақ, Орынбордың Қазақстанмен байланысы бар екені сезіледі. Ең алдымен, Орынбор облысының аумағында тұратын қазақтардың санымен.
Әлеуметтік желілердегі қазақ қауымдарына жазылғанмын. Олар жиі жиналып, іс-шаралар өткізеді. Оларға қатыспаймын, себебі ондай іс-шараларды ұнатпаймын. Бірақ жастар арасында «қазақ пати» тұрпатындағы клубтағы кештер танымал, ол жерде олар билеп, танысып, демалады.
Әлемде көптеген ұлыстар мен ұлттар бар, бірақ әр ұлтта ауданы бойынша мұндай үлкен мемлекет жоқ
Қазақстанда бірнеше рет болдым және кей кезде көшіп кету туралы ойлар пайда болады. Себебі, халқымның үлкен ауданы бар екенін түсінемін. Әлемде көптеген ұлыстар мен ұлттар бар, бірақ әр ұлтта ауданы бойынша мұндай үлкен мемлекет жоқ. Бұл қазақтар үшін мақтаныш сезімін туғызады, Қазақстанға тәуелсіздігін сақтап, экономиканы белсенді дамытып, көрші мемлкеттер нарығында белсенділік таныту қажет.
Алтынай Жанаева, 27 жаста, қас шебері
Орынборда 2008 жылдан бастап тұрамын, Губкин атындағы РМУ-ға түскеннен кейін көшіп келдім. Оған дейін 15 жыл бойы Орынбор облысындағы Дружба кентінде тұрдым.
Менің анам Ақтөбеден, ол жерге жиі барып тұрамын, қазақтардың осы жерде және Қазақстанда қалай тұратынын салыстыра аламын. Орынборда қазақтар көп емес, мүмкін 10-15% шығар. Сонымен қатар кейбір дәстүрлерді ұстанамыз, жұма сайын шелпек дайындап, мешітке баруға тырысамыз, бірақ ресейлік қазақтар мен Қазақстандағы қазақтар өзгеше. Біз туған тілімізде мүлдем сөйлемейміз, орыстанып кеткен қазақтармыз деп айтуға болады.
Қаламызда іс-шаралар мен концерт ұйымдастыратын қазақ ұйымдары мен жастар қоғамдастықтары бар
Дегенмен, қаламызда іс-шаралар мен концерт ұйымдастыратын қазақ ұйымдары мен жастар қоғамдастықтары бар. Мен өзім бұрын «Арай» қазақ ұйымында болдым, біз өлең айтып, іс-шаралар өткізетінбіз.
Қазақстанда жиі боламын, бірақ Ресейде тұруға үйреніп қалыппын. Сондықтан, Орынбор қазақтардың мекені, олар бұрын осы жерде тұрған деген кезде түсінбеймін. Менің ойымша, бұл дұрыс емес. Иә, бұл тарихта болған нәрсе, бірақ қазір бәрі басқаша, біз дәл осылай өмір сүруге үйреніп қалдық.