WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.
WE адамдары:
Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады
Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді
Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз
Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби
Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі
Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын
Сайт материалдарын қолдану
ЕРЕЖЕСІ
Назар аударыңыз! weproject.kz сайтының (ары қарай - "сайт") материалдарын қолдана отырып, сіз нақты Ережелермен келісесіз. Ережелерді білмеу оны орындау қажеттілігінен босатпайды. Егер сіз ұсынылған шарттармен келіспесеңіз, сайт пен оның материалдарын қолдануды тоқтатуға міндеттісіз.
1. Сайт материалдарының мәртебесі
Осы сайтқа орналастырылған барлық мәтіндер, фотосуреттер, суреттер мен басқа да материалдар (ары қарай - "материалдар"), сондай-ақ материалдар жинағы мен орны қазақстандық заңнамамен және халықаралық келісім шарттармен қорғалатын авторлық құқық объектісі болып табылады.
2. Сайтта жарияланған ақпаратты, кеңестер мен нұсқауларды қолдану
Сайт жарияланымдарында көрсетілген ақпараттар, кеңестер мен нұсқауларды практикалық түрде қолдануға рұқсат етіледі. Сайт пайдаланушылары сайт материалдарында автордың жеке көзқарасын көрсететіндігімен, ресми және міндетті сипатта еместігімен келіседі.
3. Авторларының келісімінсіз сайт материалдарының кез келген қолданысына тыйым салу
Нақты ережемен тікелей рұқсат етілгендерден басқа сайт материалдарын қолдану тек сайт редакциясының келісімімен ғана жүзеге асырылады.
Сайт редакциясының рұқсатынсыз тыйым салынады:
1) материалды қолданудың рұқсат етілген жағдайында ақпараттың дереккөзін көрсетпеу (weproject.kz сайты);
2) сайт редакциясы туралы деректерді өзгерту (авторлығында басқа тұлғаны көрсету);
3) материалдың атауы мен оның мазмұнын өзгерту, мазмұнының реті мен реттілігін және материал бөлімдерінің орналасуын өзгерту;
4) материалды басқа интернет-ресурстарда (интернет-сайттарда, веб-сайттарда), деректер базасында жаңғырту және орналастыру;
5) кітаптар, жинақтар, энциклопедиялар, газеттер, журналдарды қоса алғанда материалдың жаңғыртылуы мен кез келген материалдық пішіндегі жарияланымы;
6) материалдар мен олардың көшірмесін кез келген әдіспен тарату (сауда, айырбас, жалдау, жалға беру, басқа да операцияларды орындау);
7) материалдарды көпшілікке ұсыну;
8) материалдарды кабель бойынша эфирге беру;
9) материалдарды басқа тілдерге аудару;
10) материалдарды өңдеу;
11) автордың жеке және мүліктік құқықтарын бұзатын басқа әрекеттерді жүзеге асыру.
4. Материалдарды қолдану үшін рұқсат алу
Сайт материалдарын қолдануға рұқсат алу үшін электронды мекен-жайға немесе осы сайттың әр бетінің астында көрсетілген мекен-жайға келесі ақпараттарды көрсетіп хабарласу керек:
1) сізді қызықтырған материалдар орналасқан беттің адресі;
2) материалдарды қолданудың жоспарлы мақсаты.
5. Сайт материалдарының авторлық құқығын бұзу жауапкершілігі
Сайт материалдарының құқығын бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүліктік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Қазақстан Республикасының «Авторлық және сабақтастық құқық туралы» Заңының 49 бабының 1 тармағына сәйкес құқық иеленушінің сот реті бойынша таңдауына сай:
· құқық бұзғанға дейін болған жағдайды қалпына келтіру;
· құқық бұзу немесе оны бұзу қаупін тудыратын әрекеттер қиылысы;
· құқық бұзушының авторлық құқықты бұзғаннан тапқан кірісі өндіріледі;
· сот шешімі бойынша 100 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) бастап 15 000 АЕК дейін өтемақы төлеу немесе салыстырмалы жағдайларда, әдетте,шығарманы заңды қолдану бағасынан шығатын шығарма данасының бағасының екі есе немесе шығарманы қолдану құқығы бағасының екі есе мөлшерін өтеу. Өтемақының мөлшері шығынды өтеу немесе кірісті өндірудің орнына сотпен анықталады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 198 бабына сәйкес:
Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, сол сияқты авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiнiң контрафактiлiк даналарын өткiзу мақсатында иемдену, сақтау, алып өту немесе дайындау не авторлықты иемденiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу 100 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 120 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады (198 баптың 1 бөлігі).
Дәл сол іс-әрекеттер, егер олар айтарлықтай мөлшерде жасалса немесе айтарлықтай залал не автордың немесе өзге құқық иеленушiнің құқықтарына немесе заңды мүдделерiне елеулі зиян келтiрсе не бірнеше рет жасалса, 300 айлық есептiк көрсеткiшке (АЕК) дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 240 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 75 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады (198 баптың 2 бөлігі).
198-баптың екінші бөлігінде көзделген:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) iрi мөлшерде жасалған немесе iрi залал келтiрген;
3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, 5000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады (198 баптың 3 бөлігі).
198-баптың 2 және 3 бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.