facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
men-astanada-al-ash-p-ter-md-alay-satyp-aldym
logo
Мен Астанада алғаш пәтерімді қалай сатып алдым

02.10.2017

Мен Астанада алғаш пәтерімді қалай сатып алдым

Айнаш Ахметова, 29 жас, туған қаласы — Жетіқара, Қостанай облысы, техникалық бақылау бөлімінің инженері


Мен Астанаға төрт жыл бұрын көштім, осы уақыт бойы туысқандарымда тұрдым. Менің ата-аналарым маған әзірше жас болғанша,ақша табуға мүмкіндігім бар болғанша маған Астанада пәтер сатып алу керек деп айтатын. Сол кезде мен пәтеріме ақша жинай бастадым.


Мен банкте депозит ашып, үш жарым жыл бойы ай сайын 100 000 теңгеден оған ақша саламын


Осы жылы ипотека алуға қажетті 50%-ын жинап алдым, пәтер таптым және қажетті құжаттарды дайындадым.


2017-09-30 03.28.10 1.jpg


Пәтер кілтін мен бір апта бұрын қолыма алдым. Кілтті қолыма алғанда оның шыңдығына сенбей тұрдым,бұл шыңымен үлкен қуаныш болды. Қазіргі кезде менің пәтерімде пәтершілер тұрады, бірақ жақын арада пәтерімде жөндеу жасап,өзім көшемін деп жоспарлаймын.


Мен пәтерді таңдағанда оның қала шетінде орналаспағаны, жанында мектеп, балабақша, емхана, көлік жолы бар болғаны мен үшін маңызды болды.


2017-09-30 03.28.12 1.jpg


Егер біреу пәтерді сатып алу жайлы енді ойлана бастаса, уақытты созбай ақшаны жинай бастау керек, себебі оларды қажетті емес заттарға жұмсауға өте оңай.


Табыстың 60-70%-ын алып қою керек. Менің ақша жинағаныма қарамастан, мен өзімнің қажеттіліктерімнен бас тартқан жоқпын, сонымен қоса өзіме көлік сатып ала алдым


Әр адамның өзінің ынталысы болу керек,менде ол болды. Әр адам 30 жасқа дейін тұрақтану керек, пәтер, көлік сатып алу, жақсы тұрақты жұмысқа ие болу керек,толық тұлға ретінде қалыптасу керек.




Асия Ильясова, 33 жас, туған қаласы — Теміртау, SOUL GROUP негізін салушысы және басшысы


Мен Астанаға он екі жыл бұрын көштім. Бір ғана шабаданы бар жас,жасыл қыз бала болдым. Бірінші жылы мен бөлме жалдадым. Және өз кеудемсоқтыққа ие шағын қалалардан келген кез-келген қыз сияқты мен өз бұрышым туралы армандадым.


Мен арманыммен ұзақ созбай пәтер сатып алуға мақсат қойдым. Астанаға көшкенен бір жыл өткен соң, 22 жасымда мен сондай қауіпті, бірақ сондай қызықтыратын қадам жасадым.


2017-09-30 03.28.15 1.jpg


Нарықты бақылап, сол кездегі 2006 жылы құрылыс компанияларының серпілісі аса жоғары болды және ипотекалық несиелер бойынша тиімді шарттар ұсынылды, пәтер салынатын обьектісінің кепіліне берілетін және төмен бастапқы мөлшерлемер мен жарналар болды.


Менде бастапқы жарнаға жинақ ақшаларым болған жоқ, сондықтан мен ең тиімді шаралар іздестірдім.


Мен бастапқы жарнасы 10% болған ипотека таптым, бұл ең аз пайыз


Және 49 шаршы метрлі, сол кездегі аса қоныстанбаған 13 магистраль ауданында пәтер таптым.


Мен бастапқы жарнаға ақшаны қарызға алдым, таңдауға мүмкін ең ұзақ мерзімді ипотекаға ақшамды салдым – бұл 30 жыл, және ең төмен ай сайынғы төлем таңдадым – 465$, сол кезде бұл шамамен 70 000 тенге болды. Сонымен қоса,менің сол кездегі жалақым 55 000 теңге болды, бірақ менде үнемі қосымша табыс болатын, бірнеше жерде жұмыс істеп,қарыз алып, бірденені сатып, шығармашылықпен айналысып,әйтеуір үнемі қосымша ақшам қалтамда болатын.


2017-09-30 03.28.19 1.jpg


Бұл шыңымен қауіпті болды, , кенеттен дағдарыс немесе тағы бірдене болып қалса не болады деп көптеген адамдар мені айныттырды. Қазір осы жастамен ипотеканы алмауы не алуы жайлы 100 рет ойланатын едім. Бірақ сол кезде менің жастық ұшқарылығым,кеудемсоқтығым және өз бұрышыма ие болу мақсатым басым болды.


Ипотека маған қарсы істеген жағдайлар да болды. Девальвация кезінде менің 70 000 теңгем бір мезетте 100 000 теңгеге айналды.Бірақ сол кездегі менің жалақым маған одан көп төлеуге мүмкіндік беретін және бұл дағдарыс менің өмірімде қатты байқалмады. Жарты жылдай мен қажетті сомадан көбірек төледім, содан соң қайта қаржыландыру жасадым, ипотекамды теңгеге ауыстырып және менің ай сайынғы төлемім қайтадан 70 000 теңге болды.


Ең басынан мен өзіме 30 жыл бойы ипотекада тұру тым ұзақ деп айттым. Оны жақын 10 жыл ішінде жабуға өзіме мақсат қойдым. Несие шарттары артық төлеусіз осылай істеуге мүмкіндік беретін. Сол себептен мен бүкіл уақыт бойы және менде үнемі мүмкіндік болғанда көбірек төлем еңгізуге тырысамын,мен осылай бұрын да істедім,қазір де істеймін. Мен 10 жылдық мерзім ішінде өз бетіммен ипотеканы ашқаныма және жаба алғаныма ,Астанада өз бұрышыма ие болғаныма өзім үшін өте қуаныштымын және осы жағдайды мақтан етемін.


Менде жаңа мақсатым бар – Сол жағажайда орналасқан көп шаршы метрлі пәтер


Маған EXPO немесе Ботаникалық бақ аудандарында пәтерді сатып алғым келеді.


2017-09-30 03.28.17 1.jpg


Ипотека алғанда, өз күшін дұрыс бағалауға қажет. Көптеген күтпеген кедергілер мен ерекшеліктер пайда болады. Қазіргі кезде пайыздық мөлшерлеме анағұрлым жоғары,жылжымайтын мүлік бағаларының жоғары болған себебінен ай сайынғы төлемдері де жоғары. Осы ай сайынғы төлемерді төлей алатынын нақты білу үшін қаржы тұрақтылығы болу керек. Және форс-мажорлық жағдайлар болып қалса,міндетті түрде қосымша қауіпсіздік шешімдеріне ие болу керек.


Маған қатты тілекке, кеудемсоқты мақсатқа және арманға ие болу өте маңызды. Егер адам бірденені шыңымен қаласа, бүкілі оның пайдасына жасалады. Сәттілік өзі оның қолына келеді және табыс, жақсы банктер, шарттар және қозғалмалы мүлік табылады. Мен тағдырға сеніп,қорықпау керек деп ойлаймын. Егер сен оған сенімді болсан,сонда ол да ғажайып түрде сенің артынан ериді.


Ипотека – тәртіпке үйретеді


Мен ипотеканы жамандық деп санамаймын. Керісінше, бұл дұрыс шығынға, кемел,ақылды үнедмеуге мүмкіндік пен ынталыс.




Николай Ли, 32 жас, туған қаласы — Қарағанды, event


Астанада тұрғаныма бес жыл болды, осы уақыт бойы пәтер жалдаймын. Мен әрқашан болашақта менің отбасым тұратын өз үйімді қалайтынбым. Мен Қарағандыда өз пәтерімді саттым, бұл ақша менің Астанада сатып алуға жоспарлаған пәтер бағасының үштен бір бөлігіне жетті.


2017-09-30 03.28.06 1.jpg


Мен «Вена орамында» орналасқан бизнес-классты пәтерді таңдадым, себебі оның бағасы нарық бағаларынан төмен болды және EXPO маңайында орналасуы жақсы болды. Салушы жақсы үй болады деп уәде берді.


Мен алғашқы жарна төлемді 2014 жылы енгіздім және 2016 жылға дейін менде 250 000 теңге ай сайынғы төлеммен бөліп төлеу болды


2016 жылдың басында бізге кілттер беру керек болды және біз пәтерлерімізге қоныстана алар едік. Мен ай сайынғы бөліп төлеуімді төлей бастадым, төртінші айда мен төлеміммен аздап кешігіп қалдым және маған « Тұрғын-үй әліппесінен» ешкім қоңырау шалмады, бұл жағдай алаңдата бастады,мен бұл мәселенің басын аша бастадым.Іс жүзінде құрылыс басталмаған болып шықты.


2017-09-30 03.28.09 1.jpg


«Вена орамы» әңгімесі сәтті шешілді. Қазіргі кезде үлкескерлер өз бетімен үйлер құрылысын аяқтап жүр, мен өз пәтерімді осы жылдың аяғында аламын.


Мен үй сапасына көңіл аударуына кеңес беремін,әйтпесе пәтерде жөндеу жұмыстарын жүргізуге мәжбүр боласыз. Міндетті түрде пәтерді сататын салушы-компанияны тексеру керек, достарынызды,таныстарынызды компанияның беделі жайлы сұрастырыныз.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақстанда қандай кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктер танымал
Қазақстанда қандай кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктер танымал
Қазақ халқының тарихы туралы 10 фильм
Қазақ халқының тарихы туралы 10 фильм
Өзін-өзі бағалауға және ішкі сенімділікке ие болуға көмектесетін 9 кітап
Өзін-өзі бағалауға және ішкі сенімділікке ие болуға көмектесетін 9 кітап
Көруге тұрарлық топ-10 аниме
Көруге тұрарлық топ-10 аниме
Қазақстанда қандай ұлттық тағамдардан дәм тату керек
Қазақстанда қандай ұлттық тағамдардан дәм тату керек