facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
mektept-so-y-zhylynda-zd-k-sheteld-k-universitetterden-sha-yrtudy-alay-alu-a-bolady
logo
Мектептің соңғы жылында үздік шетелдік университеттерден шақыртуды қалай алуға болады
Главный (каз)

11.05.2023

Мектептің соңғы жылында үздік шетелдік университеттерден шақыртуды қалай алуға болады

Мектеп түлектері емтиханға дейін әлемдік университеттерден қалай оқуға шақырту алғандары және келесі жылы қайда баруды жоспарлап отырғандары жайында айтып берді.


Гауһар Мейрам, 17 жаста, қаласы — Алматы, түлек, @oilapqoi

Гаухар М


Өзі туралы


Мен Алматы қаласындағы НЗМ 12-сынып оқушысымын.
Желтоқсан айында мен Абу-Дабидегі Нью-Йорк университетіне Full-ride берілетін шақырту алдым.

10-сыныпқа дейін оқыдым, GPA-мен айналыстым. Шетелге оқуға түсуге тек 11-сыныпта дайындала бастадым. Адам оқуға түсуге неғұрлым ертерек қызығушылық танытса, оның жақсы нәтижеге жету мүмкіндігі де соғұрлым жоғары болады. Мен тек үш университетке құжат тапсырдым: NYUAD, KAIST, UBC. Ал Top Choice University-ден шақыру алған кезде, қалған өтініштерді кері қайтарып алдым.

Оқуға түсуі туралы

Барлығы perfect fit университетті іздеуден басталды. Әр университеттің ерекшеліктерін талдай келе, мен үшін NYUAD-тың өте қолайлы екенін түсіндім.

Әрбір университеттің сайтында қабылданған студенттердің мөлшерлі статистикасын табуға болады, сондай-ақ олардың ұпайлары мен жеке қасиеттерін біле аласыз. 11-сыныптан кейін жазда IELTS тапсырып, 8,5 алдым. Содан кейін екі ай бойы SAT-қа дайындалдым да, 1540 балл жинадым. Теорияны оқығаннан кейін біліміңізді бекітудің ең тиімді жолы — күн сайын сынамаларды шешу. Емтихандарға үш ай, ал жеке Рersonal Statement жазуға бір ай қажет болды. Мен барлық бос уақытымды extracurriculars-тарыма және Common Application толтыруға арнадым.

Ең қиыны Рersonal Statement-ке тақырып таңдау болды. Бұл мәселені шешу үшін мен келесі алгоритмді қолдандым:

— университет құндылықтарын анықтау

— өз дағдыларымды көрсеткен кездерді еске түсіру

— эссе тақырыбын таңдау

— екінші пунктідегі жағдайларды өз жетістіктеріммен және эссе тақырыбымен байланыстыру.

Оқуға түсуге ертерек қамдану туралы

Оқуды бітіруге бір жыл қалғанда дайын тізім болу үшін 9-10-сыныпта елдер мен университеттерді зерттей бастаған дұрыс. Мекетп бітіргенге дейін жыл бойы қатаң кесте бойынша жұмыс істеуге кеңес беремін: емтихандарға дайындалып, эссе жазуға. Ал соңғы жылы құжат тапсырып, жауапты күту ғана қалады.

Көптеген америкалық университет жобаларға ғана емес, сіздің оларға деген commitment-іңізге де назар аударады. Көшбасшылық лауазымдар ерекше бағаланады! Қоғам өміріне әсер ететін белсенді әрекеттеріңіз де маңызды рөл атқармақ.

Сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен өнертабыстар, ғылыми-шығармашылық жұмыстарды танымал журналдарда жариялау, Model United Nations-тағы жетістіктер, клубтың қызметі: пікірталас, робототехника, зымыран жасап шығару, театр, би, шағын бизнес жоғары бағаланады.

Қабылдау комиссиясы үміткерді портфолио арқылы бағалайды. Грамматикаға ерекше назар аударыңыз. Шектеулі кеңістікке өзіңіз туралы көбірек ақпарат сыйдырыңыз.

Ақыл-кеңес

Менің басты кеңесім: өзіңізге сеніңіз және ұнайтын іспен айналысыңыз! «Жайлылық аумағынан шығыңыз» — Тhe more you put yourself out there, the more likely you are to be successful.


Айдана Испаева, 18 жаста, қаласы — Семей, түлек, @aidaanky

Айдана И

Өзі туралы

Оқуға тапсыруға дайындықты 10-сыныпта @impact.admissions командасымен танысқан кезде бастадым. Мен олардан оқуға тапсыру және өтініш беру процесі туралы негізгі білімді алдым.

Мен Шанхай NUY, Дрексел NUY Shanghai, Drexel University-ге оқуға түстім, АҚШ-тың бірнеше университетіне кезек күтуге тұрдым. Сондықтан басқа ұсыныстарды әлі де күтемін.

Оқуға түсу туралы

Құжаттарды қабылдаудың ең қиын кезеңі эссе болды. Мен Coursera платформасында Creative Writing курстарынан өттім, Рersonal Statement жазу туралы негізгі ақпаратты білдім. Әпкелік махаббат туралы жан тебірентерлік эссе жазып шықтым.

Мен оқуға түсуге үш жыл бойы дайындалдым, профайлымды түрлі белсенділікпен дамыттым, олардың ішінде есте қалғандары:

— Қоңыр-Әулие жартасының рухани күш-қуатын зерттеу

— түсірілім алаңдарындағы тағылымдама

— есту қабілеті бұзылған балаларға арналған қосымша құру.

Ол сондай-ақ бизнес көбірек білу үшін әртүрлі стартап-байқауларға қатыстым.

Оқуға түсуге ертерек қамдану туралы

Профайлыңызды дамытудың ең тиімді нұсқасы — өзіңізге қатты ұнайтын жұмыс туралы әңгімелеу.

Ерекше болыңыз. Сонда ғана өтінішіңіз басқалардың арасынан бірден көзге түседі.

Ақыл-кеңес

Менің басты кеңесім — бәрін уақытында жасаңыздар. Идея келді ме — бәрін жоспарлау сатысында қалдырмай, бірден іске асырыңыз. Барлығы өз қолымызда. Ең бастысы — әрекет ету.


Көркем Жарылқап, 16 жаста, қаласы — Павлодар, түлек, @__mekrok__

Коркем Ж

Өзі туралы

Мен «Білім-Инновация» лицейінде оқимын. Биыл АҚШ-тың сегіз университетіне шақырту алдым. Бұған дейін ол өз ісімді дамытып, техникалық жобаларды басқарып, халықаралық байқауларда жеңімпаз атанып жүрдім.

Жазғы тілдік мектептерде оқып жүргенде әртүрлі елдерде болып, шетелде оқығым келетінін түсіндім. Осылайша 9-сыныпта АҚШ-та оқимын деп шештім.

Мен түскен университеттер: University of Notre Dame, Emory University, University of Washington, University of Wisconsin-Madison, University of Illinois Urbana-Champaign, University of North Carolina at Chapel Hill, Rochester Institute of Technology, Bentley University.

Оқуға түсуі туралы

Мен 9-сыныптың аяғында белсенді түрде дайындала бастадым. Осы жазда тіл курстарына жазылдым. 10-сыныптан бастап портфолиомды жақсарттым. Жазғы ғылыми бағдарламаларға өтініш бердім, олимпиадалар мен жарыстар үшін жобалар жасадым.

SAT-optional жібердім. Мен екі рет IELTS тапсырып, 7,5 балл жинадым. Дайындыққа екі-үш ай уақыт кетті. 10-сыныпта «Білім-Инновация» маған Advanced Placement сабақтарына қатысуға мүмкіндік берді. AP университет деңгейіндегі бакалавриат оқу бағдарламаларын және емтихандар ұсынады. Мен AP Seminar-ға қатысып, 4/5 алдым. Бір жыл бойы ұстазыммен бірге аянбай жұмыс істеп дайындалдым.

Оқуға түсуге кеш дайындала бастадым. Менде academic writing-те қиындықтар болды. Бірақ мен оны AP және Pioneer Academics ғылыми жобаларының арқасында жетілдірдім.

Оқуға түсуге ертерек қамдану туралы

Егер сіз мақсатты түрде шетелге оқуға түскіңіз келсе, дайындықты 7-ші немесе 8-сыныптан бастап бастауға кеңес беремін. 9-сыныпта немен айналысуды ұнататыныңызды шешіп, осы салада белсенді дамыңыз.

Жазғы бағдарламаларға тапсыруға кеңес беремін. Олар деңгейіңізді көтеруге, ой-өрісіңізді кеңейтуге және қабылдау комиссиясына университеттегі жүктемені көтере алатыныңызды көрсетуге көмектеседі.

Әлеуметтік жобалар жасаңыз. Университеттер студенттерінің белсенді болып, қоғамға үлес қосқандарын қалайды.

Өтініш берген кезде университетке оларға лайықты екеніңізді көрсетіңіз. Қабылдау комиссиясы мұны өтінішіңізден түсінуі керек.

Ақыл-кеңес

Әрқашан ата-анаңызбен кеңесіңіздер. Бұл өте маңызды.

Университетті одан әрі даму құралы ретінде қарастырыңыз.

Демалуды ұмытпаңыз. Жоғары оқу орындарына түсу оңай жұмыс емес. Бірақ егер өзіңізге ұнайтын іспен айналысып, арасында демалып тұрсаңыздар, оңайырақ болады.


Эльмира Әбенова, 18 жаста, қаласы — Астана, түлек, @elmira_abenova

Эльмира А

Өзі туралы

Мен Астанадағы NIS IB-дің 12-сыныбын бітіремін. Әлеуметтік ғылымдар мен журналистика саласында жоғары білім алуды жоспарлап отырмын.

Minerva University және Northwestern University in Qatar университеттеріне оқуға түстім. Дегенмен Minerva University университетін таңдадым. Бұл — әлемдегі ең инновациялық университет. Мұнда студенттер төрт жыл бойы түрлі елдің жеті мегаполисінде тұрады, саяхаттайды: Сан-Франциско, Сеул, Хайдарабад, Берлин, Буэнос-Айрес, Лондон, Тайбэй.

Оқуға түсуі туралы

Мен 9-сыныптан бастап дайындала бастадым. Көбірек мүмкіндіктер табуға тырыстым. Ғылыми байқауларға қатыстым, сыныптан тыс жұмыстармен айналыстым, The Steppe-те штаттан тыс автор болып жұмыс істедім, ерікті болдым, медицина қызметкерлерінің балаларына ағылшын тілінен сабақ бердім.

Мен IELTS тапсырдым және ұпайым 7,5 болды. Бір жарым айдың ішінде қызу дайындалдым. Мектебімдегі IB бағдарламасы осы емтихансыз тапсыруға мүмкіндік беретіндіктен, SAT тапсырмауды шештім.

Академиялық оқу үлгерімін, сабақтан тыс жұмыстар мен қабылдауға дайындықты біріктіру маған қиын болды. Сондықтан әр университетті оқуға жеткілікті уақыт жұмсамадым. Ал бұл қосымша эссе жазу үшін маңызды.

Соның нәтижесінде мен алдын ала эссе жазудың қажеті жоқ университетті таңдадым. Оның орнына үміткердің қабілетін бағалайтын challenges-тен өту керек.

Оқуға түсуге ертерек қамдану туралы

IELTS, SAT, TOEFL сияқты қажетті емтихандарды мүмкіндігінше ерте тапсырған жөн. Нәтиже қолыңызда болса, мектеп бітіретін жылы дайындыққа уақыт кетірмейсіз. Білім беру жүйесі, климаты және жер ерекшеліктері сізге сәйкес келетінін түсіну үшін елдерді, университеттерді ертерек зерттеуді бастаған жөн.

Өзіңізге ұнаған университеттер тізімін жасап болған соң, олардың әрқайсысына эссе жазуға уақыт бөліңіз.

Өтінішіңіз бойынша жүйелі және сауатты жұмыс істеу оқу бітіретін жылы желтоқсанда ЖОО-ға түсуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ көшбасшылық қабілеттеріңізді және қоғамға қосқан жеке үлесіңізді көрсететін әрекеттер де маңызды. Мысалы, мен достарыммен бірге жасаған Zhas&Healthy жобасын мақтан тұтамын. Оның мақсаты — жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Егер АҚШ туралы айтар болсақ, бірегейлігіңізді көрсету маңызды. Ал Гонконг университеттері олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған үздік студенттерді жоғары бағалайды.

Адал және шынайы болу маңызды. Комиссияға университетке лайықты екеніңізді және студенттік қоғамдастыққа үлес қоса алатыныңызды көрсетіңіз.

Ақыл-кеңес

Өзіңе ұнайтын іспен айналысуды ұсынамын. Дамыңыз, бастамаларыңызға мотивация беретін ортаны табыңыз. Жақсы бағаға оқыңыз, академиялық және мектептен тыс жобаларға қатысыңыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
FL.ru. ТМД-ның ең ірі фриланс-биржасында жұмысты қалай бастау керек
FL.ru. ТМД-ның ең ірі фриланс-биржасында жұмысты қалай бастау керек
Қазақстанда IT білімін қайда алу керек: IT-мамандардың ұсынған үздік университеттер тізімі
Қазақстанда IT білімін қайда алу керек: IT-мамандардың ұсынған үздік университеттер тізімі
Қазақтың ұлттық киімі: тарихи ерекшеліктері мен қазіргі заманғы өзгерістері туралы
Қазақтың ұлттық киімі: тарихи ерекшеліктері мен қазіргі заманғы өзгерістері туралы
Қазақстандық танымал музыканттар: жаңа буын жұлдыздары
Қазақстандық танымал музыканттар: жаңа буын жұлдыздары
Қыз ұзату: қазақ салтындағы қыз тағдыры қандай
Қыз ұзату: қазақ салтындағы қыз тағдыры қандай