Диас Нұрмағамбетов, 44 жаста, туған қаласы — Алматы, кәсіпкер
Алтынай Нұрмағамбетова, туған қаласы — Алматы, Pianoschool Houston компаниясының иегері
Алматы — Хьюстон
Диас. Біз 40 жастан асқан кезде, Америкаға көшіп кеттік.
Адамдар АҚШ-ға үлкен жалақы және жоғары өмір деңгейі үшін көшеді деген пікір қалыптасқан. Бірақ біз көптеген басқа қазақстандықтар сияқты перспективалардың және дамудың, өзіңнің және балаларыңның өміріне қаржы салудың бекер емес деген түсініктің жоқтығынан көштік.
Алғашқы әсер мен қиындықтар жайында
Диас. АҚШ-ға барған кезде, белгілі нәрселерді күтесің. Бірақ АҚШ – қарапайым ел және осындағы өмір американдық фильмердегі өмірге ұқсамайды – одан жақсы да, жаман да емес. Осында да дөрекі адамдар, жолды кесіп өтетін жолаушылар кездеседі, адамдар үйдің, балаларының, жұмыс пен тағы басқа нәрселердің қамын ойлайды.
Біз Техас штаты, Хьюстон қаласын таңдадық. Бұл қала мықты экономикасымен ерекшеленеді және осында баспананың құны қымбат емес. Бұған қарамастан, бастапқы уақытта қиындықтар көп болды, АҚШ-да ешқандай таныстарымыз болған жоқ. Құжаттарды рәсімдеу, жүргізуші куәлігін алу, балаларды мектепке орналастыру, жұмыс табу керек болды. Пәтерді жалдаудың өзі бір процедура. Бізді тілді білгеніміз ғана құтқарды.
АҚШ – бұл көп нәрселерді жасауға болатын еркін мемлекет
Алтынай. Бастапқы уақытта басқа мәдениетте болу үйреншіксіз болды. Бірдеңені бұрыс жасап жатқандай сезімде боласың, барлығын сұрап білуге тура келеді. АҚШ – бұл көп нәрселерді жасауға болатын еркін мемлекет екеніне ақырындап үйрендік. Бірдеңені бұрыс істесең, алдымен ескерту келеді, кейін айыппұл төлейсің. Көбінесе ешкім тексермейді, сол себепті көп адамдар бұны қолданады. Бірақ құқық бұзушылық табылса, жазалауы қатаң болады.
АҚШ-дағы өмір жайында
Диас. Хьюстон — 300 әртүрлі ұлт өкілдерінің үйі. АҚШ-да әлемнің әртүрлі бұрышынан келген халықтар тұрады. Бізде ливандық, венгр, вьетнамдық, тіпті Қариб аралдарынан келген достарымыз пайда болды.
Алматыда айналамызда адамдардың болатынына үйреніп қалдық. Осында барлық адамдар көлікпен жүреді, көшеде ешкім көрінбейді. Жұмыста адамдар бір-бірімен көп араласпайды, ал дүкендерде бейтаныс адамдармен ауа-райы мен жаңалықтар жайында әңгімелесуге болады. Банктердің өзінде көбісі қызметкерлердің орнына банкоматтардың қызметіне жүгінуді жөн көреді.
АҚШ-да сақтандыру жүйесі жақсы дамыған, сол себепті жазатайым оқиғалар үшін алаңдамауға болады. Көлікті, денсаулықты, өмірді – барлық дерлік нәрселерді сақтандыруға болады. Бұл адамдардың ойлауына ықпал етеді. Кейбір кезде олар өздері «жазатайым оқиғаларды» іздейді.
АҚШ-да көп адамдар несиеге өмір сүреді. Жылдық 4 пайызбен несие берілген кезде, саған ақшаны жай бере салғандай сезім пайда болады. Сондай несиелердің арқасында жаңа көлік немесе жаңа үй сатып алуға әбден болады. Бірақ мұқият болу керек, әсіресе несиелік карточкаларды бақылау керек. Кез-келген ниесиені, ең төмен пайызы бар несиенің өзін қайтару керек.
Алтынай. Американдықтар көбінесе сыртта тамақтанады. Кейбір үйлерде толықтай жабдықталған ас бөлмелерін ешкім қолданбайтыны біз үшін үйреншіксіз. Сыртта тамақтану ыңғайлы – тамақ пісіріп, ыдыс жуудың, суды және электр қуатын пайдаланудың қажеті жоқ. Көп адамдар фастфуд жейді – бұл арзан, бірақ зиянды.
Американдықтар өздеріне аз ақша жұмсайтынын байқадық – олар арзан киім алады, косметиканы пайдаланбайды, ескі көліктермен жұреді. Бірақ үйге және медицинаға ақша жұмсайды.
Американдықтар өздеріне аз ақша жұмсайтынын байқадық – олар арзан киім алады, косметиканы пайдаланбайды, ескі көліктермен жұреді
Диас. Қазақстанға қарағанда АҚШ-да көліктердің құны арзанырақ болып келеді. Көлік несиесі орташа есептегенде жылдық 4-8 пайызды құрайды. Көлікті банктен немесе дилерден несиеге алуға болады. Көліктерді сату жөніндегі дилерлер көп. Онлайн немесе белгілі орынға барып таңдауға болады.
Біз көлікті ақшалай алған кезде қазақстандық құжат пен ақшаның болуы жеткілікті екенін білдік. Рәсімдеу, салық және нөмірлер Техаста 300 — 400 $ тұрады. Төлем жасағаннан кейін, бірден жаңа көлікпен кетуге болады.
Алтынай. АҚШ-да барлық нәрселерді алуға болады, бастысы – ақша таба білу. Бұны білсеңіз, қалғанның барлығы қиындық тудырмайды.
Қазақстанмен салыстырғанда, киімдер нарығы кез-келген ақша мен талғамға сай келеді. Мысалы, үлкен ритейлдарда жеңілдіктер болады, сонымен қатар алматылық базарларға ұқсайтын дүкендерде киінуге болады. Біраз табысы бар орташа статистикалық американдық отбасына сапалы және қымбат емес киімдер алып бере алады.
Үйге қажетті жиһаздар мен заттарды craigslist.сom сайтынан алуды жөн көреді – бұл «Қолдан қолға» басылына ұқсайтын сайт. Сонымен қатар үйге қажетті барлық керек-жарақтарды көшейін деп жатқан немесе жөндеу жұмыстарын жасап жатқан көршілердің жаппай сатылымдарынан алуға болады. Біз барлығын «Амазонда» аламыз. Бұл ыңғайлы – ешқайда барудық қажеті жоқ және тауарды қайтарып беруге болады.
Жұмыс жайында
Диас. Менде PhD дәрежесі бар, АҚШ-да Техастың алдыңғы қатарлы университеттерінің бірінде оқытушы қызметін атқарамын.
Университеттегі жұмысқа дейін, әртүрлі салаларда – құрылысшы, интернет-компанияда кабель орнату шебері жұмыстарын атқардым. Бұндай ұйымдарға тәжірибесіз ала береді, бірақ штат қызметкері болу қиынға соғады. Әдетте барлығы келісімшарт бойынша жұмыс істейді, бұл тиімсіз. Бұндай жағдайда компания әлеуметтік жауапкершілік танытпайды, ал еңбекақысы келісім бойынша беріледі.
Алтынай. Менде фортепиано мұғалімі және журналист салаларында тәжірибем бар. Бұл бизнес ашуыма септігін тигізді.
Бастапқыда мен жекеменшік музыкалық мектепте жұмыс істедім. Уақыт өте біздің ЖШС сияқты LLC жеке компаниямды тіркеп, сайт аштым. Бүгінде менің шәкірттерім пианиношылар арасында өтетін жергілікті байқаулардың жүлдегерлері.
Егер сапалы қызметті ұсынсаңыз, клиентке жақсы қарасаңыз – ісіңіз оңға басады
АҚШ-да бизнес жүргізу ыңғайлы және тиімді. Егер сапалы қызметті ұсынсаңыз, клиентке жақсы қарасаңыз – ісіңіз оңға басады. Бұл қауіпсіз, бірақ тынымсыз жұмыс пен клиенттерге қатысты шыдамдылықты талап етеді.
Диас. Көптеген салаларда лицензиялау қажет болады. Лицензияны алу үшін, бұл салада тәжірибенің болуы керек, қиынға соқпайтын біліктілік емтихандарын тапсыру керек.
Сонымен қатар біліміңізді растай алатын ресми ұйымдар көп. Біз spantran.com компаниясына жүгіндік. Олар қазақстандық дипломарды жақсы бағалайды, ережеге сай бір диплом үшін 280 $ алады. Ағылшын тіліне аудару қымбатқа түседі, бұны Қазақстанда жасап алған жөн.
Жұмысқа орналасқан кезде, салық нөмірін растайтын құжат талап етіледі, қалғанның бәрінде – біліктілік пен талап етілетін жұмысты орындай алу керек.
Осында орташа жалақы салықты есептемегенде 4000 $ құрайды.
Студенттердің басым бөлігі даяшы, көлікті орынға қоюшы, жүк тасушы және құрылыста әртүрлі жұмыстарды атқарушы қызметтерін атқарады. Күніне 80-нен 200 $ ға дейін табуға болады.
Көшіп кету қалай ықпал етті
Алтынай. Американдықтар өмірден рахат ала алады. Тұрақты экономика және болашаққа деген сенімділік оларды ертең не болатыны жайында алаңдамауға үйретті. Бір жағынан, бұл жақсы қасиет, басқа жағынан қарағанда, ерсі болып көрінеді, себебі біз одан да жақсы нәрселерге қол жеткізуге талпынуға үйрендік.
Осында көптеген адамдар мейірімді болып келетіні ұнады. Американдықтарды әлемде не болып жатқаны қызықтырмайды. Олар бүгінгі күнмен өмір сүреді, олардың өміріне тікелей қатысы бар нәрселерге ғана көңіл аударады.
Диас. Иммигранттардың барлығында бастапқы уақытта мәдени шоктан бөлек, стереотиптері жойылады. Солардың бірі – айналадағы барлық адамдар сізге көмектесу керек деген стереотип. Іс жүзінде өміріңіз жаңадан басталады және өз күшіңізге ғана сенуіңізге тура келеді. Егер шынайы дағдыларға ие болып, ісіңіздің маманы болсаңыз, жақсы табысы бар жұмысты тез тауып, бейімделе аласыз.