Мен бизнес әкімшілік фaкультеті бойынша Кипрда докторантурада оқып жатырмын.
Докторантураға түсемін деген шешім қабылдаған кезде, Қазақстанда түсу мүмкіндігі болмағандықтан, Кипрға кеттім. Құжаттарымды жинап, емтихандарды тапсырдым – Қазақстанға қарағанда барлығы әлдеқайда оңайырақ болды.
Университет қаланың сыртында – Никосия қаласына жақын жерде орналасқан. Жарты сағат сайын студенттер үшін тегін университеттік автобустар жүріп отырады. Олар сымсыз интернетпен және ауабаптағышпен жабдықталған – өте жайлы болып табылады.
Алғашқы екі жылы университет жанындағы жатақханада тұрдым. Қазірде атқарылған жұмыстың есебі бойынша университетке жылына екі рет барып тұрамын, сол себепті осында келген кезде, қонақ үйде немесе достарымның үйінде тоқталамын.
Өзім Ақтөбеденмін және Қазақстандағы жатақханалардың жағдайын білгендіктен, үлкен айырмашылықтың бар екенін айта аламын. Кипрдағы кампус арнайы студент үшін толықтай ойластырылған: оқуға, демалуға, қалаға шықпай, қызықты нәрселермен айналасуға болады. Жатақханаларда екі және төрт адамға арналған бөлмелер бар.
Білім беру сапасы өте жоғары деңгейде. Қазақстандағы жүйеден басқа жүйеге ауысуға тура келді.
Универсиеттегі оқу ағылшын тілінде өтеді, ал сырттағы өмірде түрік тілі қолданылады. Сол себепті бейімделуге тура келді және мен түрік тілін тез меңгеріп алдым. Түрік тілі мен қазақ тілі ұқсас болғандықтан, оны үйрену қиындық туғызған жоқ.
Сапардың алдында Кипрдің грек бөлігіне барамын деп ойладым, бірақ менің оқу орным түрік бөлігінде орналасқан. Сонымен қатар барлық жерде жағажайлар болады деп күттім, ал іс жүзінде теңізді көру үшін, қаланың шетіне, әжептәуір жерге бару керек.
Университеттің мені қарсы алғаны және жаңа келгендер үшін мәдени бағдарламаның болғаны – үлкен артықшылық болды. Үш күннен кейін, біз аралдың тарихын білдік, көрікті жерлерін аралап, өзімізді сенімдірек сезіне бастадық.
Маған жергілікті климат ұнайды. Желтоқсан айына дейін ыстық, ал қыста +25 градус болады. Бірақ ғимараттардың ішінде суық, себебі жылыту жүйесі жоқ. Адамдар бөлмені жылыту үшін ауабаптағыштарды қолданады, бірақ бұған көп ақша кетеді, себебі электр қуаты қымбат тұрады.
Ауа-райына байланысты барлық адамдар көбінесе сағат төртке дейін жұмыс істейді. Сол себепті барлық шаруаларды бітіру қиын.
Кипр — қауіпсіз қала. Осында көлікті ашық тастап кетуге болады, егер әмияның немесе телефоның жоғалса, оны міндетті түрде қайтарып береді.
Аралда қоғамдық көлікке қатысты жағдай қиын – барлық автобустар кешкі жетіде жүруін тоқтатады. Сол себепті көлікті жалға алып, қала бойынша ешбір қиындықсыз жүру әлдеқайда ыңғайлы. Қала ішінде дағдылану оңай, себебі барлық жерлерде түсінікті белгілер орнатылған.
Осында Менемен дәстүрлі таңғы асты әзірлеуді үйренім. Бұл көп көкөністер қосылған уыздық. Адамдар үйде де, дәмханаларда да тамақтанады және асқа әрқашан жаңа піскен нан жейді.
Қазақстандықтар үшін түрік ас үйінің жалғыз кемшілігі еттің аз болуы шығар. Сонымен қатар ыстық климаты да барлық адамдарға ұнай бермейді.
Кипрдың саяхатшылар көп жиналатын жері – Кириния қаласы. Бұл өте әдемі портты қала, осында жағажайда жатып, таза мөлдір суда шомылуға болады.
Сонымен қатар Фамагуста қаласына баруға болады. Осында ескі ғимараттар, шіркеулер көп және теңіз суының түсі өте әдемі. Қалада тау бар, адамдар сол жерге жиналып, армандарын тілейді. Осында қайта оралуға қалайсың.
Көп адамдардың Қазақстан жайында білмейтіндері және бір адам арқылы пікір қалыптастыратыны мен үшін қиын болды. Бұл үлкен жауапкершілік. Біздің филиппиндерге, корей халқына немесе қытайлықтарға ұқсайтынымыз және орыс тілінде сөйлейтініміз олар үшін қызықты.
Осында оқу үшін келетін адамдарға айтатыным – тілдік базамен келіңіздер. Кипрда ағылшын тілінде оқу – жақсы шешім емес, себебі сыныптан шыққан соң, көп адамдар туған тілінде сөйлесе бастайды. Бұндай жағдайда отандастардан бөлек, шетелдіктермен де дос болған жөн.
Кипрға сапарым докторантураға түсуге ғана емес, сонымен қатар түрік тілін меңгеруге септігін тигізді. Бұл демалу үшін де, оқу үшін де өте жақсы ел болып табылады.
Кипрдағы өмірі мен оқуы жайында бөліскен – Мира Бекенова.