facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/485/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/72hd7phm2ji0zsfn1vu013dtl6bwgkl4.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
zumerler-zh-ne-fashion-industriya-zhas-yzdar-modeling-salasynda-y-mansap-turaly
logo
Зумерлер және fashion-индустрия. Жас қыздар моделинг саласындағы мансап туралы
Главный (каз)

13.11.2023

Зумерлер және fashion-индустрия. Жас қыздар моделинг саласындағы мансап туралы

Моделинг саласында мансап құрып жатқан жас және талантты қыздармен таныстық.


Ақбота Есен, 18 жаста, Шымкент қаласы, студент, @_ akbotaa _

IMG_0598 (1).JPG

Өзім туралы

Мен екінші курс студентімін, «Екі шет тілі» мамандығында оқимын. 15 жасымнан бастап моделингпен айналысамын.

Моделингке қалай келдім

Кішкентай кезімнен бастап менің бойым ұзын. Маған құрбым модельдік агенттікке баруға кеңес берді. Солайша мен ата-анамды көндіріп, сынақ сабағына бардым. Өзімді сенімсіз сезініп, қысылдым. Бірақ бізге сабақ берген нұсқаушыға қарап, шабыттандым. Мені директор байқап, мақтау айтты. Осыдан бәрі басталды.

Акбота Е

Қызмет ерекшеліктері туралы

Саланың күрделілігі:

— жоғары бәсекелестік

— көрсетілімдерде өлшемі жағынан сәйкес келмейтін аяқ киім берілуі мүмкін, бірақ дефильден өту керек — тұрақсыздық.

Артықшылықтары:

— атақты брендтермен ынтымақтастық жасау мүмкіндігі — танымал адамдармен танысу және қарым-қатынас жасау

— шетелде жұмыс істеу мүмкіндігі.

Менің моделингтегі жетістіктерім: 2021 жылдан бастап KFW Shymkent көрмесіне қатысамын, Face of Shymkent қатысушысымын. Болашақта Оңтүстік Кореяда жұмыс істегім келеді.

Ұсыныстар

Егер модель болғыңыз келсе, онда өзіңізді қалыпта ұстап, өзіңізді және бетіңізді күтуге кеңес беремін. Модельдік агенттікке хабарласып, жақсы мектепте оқып шығыңыз.


Камила Аман, 20 жаста, Алматы қаласы, модель, @aman.camila

Камила А

Өзім туралы

Мен Алматыда «Медиа журналистика» мамандығы бойынша оқимын. Екі қалада — Астана мен Алматыға тұрамын.

Блог жүргіземін — бұл менің шығармашылығым. Блогтың арқасында Instagram моделингіне келдім.

Моделингке қалай келдім

Барлығы 2021 жылы TikTok платформасынан басталды. Менің әр видео-бейнем ұсыныстарға түсіп, мені косметика мен киім дүкендері байқады. Жас бизнесмендер менің олардың жобаларының жүзі болуымды қалады. Мен сәл ғана, сақтықпен жобалар алып, әр түсірілімге жан-тәніммен берілдім.

Камила М

Қызмет ерекшеліктері туралы

Әлеуметтік желілердің үлкен күші бар. Бұл күш адамдардан тұрады. Мен әрқашан жазылушылардан көмек сұрай аламын, олардың маған көмектесетінін білемін. Адамдар — басты артықшылық, сонымен қатар олар да басты сыншылар.

Мен негізінен жарнамалық интеграцияларға, коммерциялық түсірілімдерге түсемін. Ешқашан моделинг мектебінде оқыған емеспін. Позинг пен сатуда қолымнан келгеннің бәрі бақылаудың, ішкі сұлулық сезімі мен харизманың арқасында. Болашақта мен актерлік қабілетімді дамытып, тарихи фильмге түскім келеді. Бұл менің арманым.

Ұсыныстар

Модель болғысы келетіндерге өздерін жиі түсіріп, өздері туралы әлемге хабар таратуға кеңес беремін. Харизманы және сөйлеуді дамытыңыз. Шындығында, бәрі сыртқы келбетке байланысты емес. Арнайы нормалар немесе шеңберлер жоқ. Өзіңізге рөл ойлап табыңыз және әрекет етіңіз. Әрекетсіздікке ешкім келмейді.


Асем Жетбисбаева,19 жаста, Қарағанды қаласы, модель, @zhetbisbaaeva

Асем Ж

Өзім туралы

Мен Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінде «Мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушы» мамандығы бойынша оқимын.

Мен актерлік шеберлік пен вокалға үйрендім. Камат Қасенов атындағы театр ұжымдарының халықаралық фестиваліне «Трибунал» трагикомедиясымен қатысып, басты рөлдердің бірін сомдадым. Мектеп іс-шараларына белсене қатыстым.

Моделингке қалай келдім

Сегізінші сыныптан бастап модельдік салаға қызығушылық таныттым. Маған қыздардың өздерін көрсетіп, танытып, сыртқы келбеті мен сұлулығын көрсете алатыны ұнайды.

Биылғы жылдың мамыр айында мен Artline модельдік агенттігінің «Қарағанды аруы» облыстық сұлулық байқауының кастингінен өттім, онда негізгі дайындықтан бөлек дефилені, шешендік өнерді, хореографияны, позициялауды, этикетті үйрендім.

ff896133-1f81-4c05-b4b8-0778653967a1.jpg

Нәтижесінде мен «Қарағанды аруы 2023» байқауының финалисті болдым. Байқаудың серіктестері, якуттық гауһар зергері, мені Miss Epl Diamond деп таңдады.

Қызмет ерекшеліктері туралы

Әр жұмыстың өзіндік қиындықтары мен ерекшеліктері бар. Біздің елімізде моделлинг қарқынды дамып келеді, соның нәтижесінде үлкен бәсекелестік бар. Сондай-ақ бұл жерде нормаланбаған жұмыс кестесі бар.

Бірақ кемшіліктермен бірге артықшылықтар да көп. Модельдер табысты және жария адамдар, дизайнерлер мен модельерлер ортасында болу мүмкіндігіне ие. Біздің заманымызда модель мамандығы жоғары жалақыға ие болып отыр.

Ұсыныстар

Қажет болған жағдайда жақсы модельді мектепте оқып, мамандықтың негіздері мен ерекшеліктерін білуге болады. Сіздердің барлық қасиеттеріңіз бен табиғи сұлулықтарыңыз көрсетілген сәтті фотосуреттеріңіз бар лайықты портфолио жасаңыз.

Өзіңізді ұсыныңыз, әлеуметтік желілерді, әсіресе Instagram парақшаңызды жүргізіңіз. Бұл сіздің визит карточкаңыз болуы мүмкін. Шынайы және сенімді болыңыз, сонда міндетті түрде табысқа жетесіз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Ғалымға қаржыландыруды немесе қолдау бағдарламаларын қайдан табуға болады — 10 өзекті мүмкіндік
Ғалымға қаржыландыруды немесе қолдау бағдарламаларын қайдан табуға болады — 10 өзекті мүмкіндік
Қазақстандықтар халықаралық IT-компанияларда үйден шықпай қалай жұмыс жасай алады
Қазақстандықтар халықаралық IT-компанияларда үйден шықпай қалай жұмыс жасай алады
Қазақстанда ғылыммен қайда айналысуға болады: ірі 5 зертхана мен орталықтар
Қазақстанда ғылыммен қайда айналысуға болады: ірі 5 зертхана мен орталықтар
Егер сіз Астанада бірінші рет болсаңыз, қайда бару керек. 12 Must visit орындар
Егер сіз Астанада бірінші рет болсаңыз, қайда бару керек. 12 Must visit орындар
32 жылдық тәжірибесі бар ұстаз студенттердің жүктемесі және Қазақстандағы білім берудегі басқа да мәселелер туралы
32 жылдық тәжірибесі бар ұстаз студенттердің жүктемесі және Қазақстандағы білім берудегі басқа да мәселелер туралы