Димаш Құдайберген, @kudaibergenov.dimash

Мыңдаған қыздың жүрегін жаулаған, әлемге танымал қазақстандық талант. Желіде оның қызы бар деген сыбыстар бар. Бірақ әнші бұл туралы ақпаратпен бөліскісі келмейді.
Айсұлтан Сеитов, @aisultan

Фотоның дерек көзі: peoples.ru
Жас әрі, танымал режиссер Батысты жаулауда. «вДудь» бағдарламасындағы сұхбатта Айсұлтан басы бос еместігін айтты, бірақ әлі үйленбеген.
Димаш Әділет, @dimashadilet

Instagram желісінде өзінің жарқын өмірімен танымал болған Димаш Әділет — ең таңдаулы жігіттердің бірі. Жақында желіде оның қызға ұсыныс жасап жатқан кездегі бейнесі тарап кетті, бірақ кейін ол бұл әрекет арнайы TikTok әлеуметтік желісіне жасалғанын айтты. Сондай-ақ жақын арада үйлену жоспарында жоқ екенін атап өтті.
Jah Khalib, @jahkhalib

Фотоның дерек көзі: zen.yandex.com
Jah Khalib шын есімі — Бахтияр Мамедов, махаббат жайлы әндер жазады, бірақ рэпердің басы бос.
Асқар Ильясов, @askar.ilyassov

Асқар Ильясов — Данил Козловскийдің «Тренер» және «Махаббат бекеті» мелодрамасына түскен актер. Оның жеке өмірі жайлы ақпарат жоқ. Тек басы бос екені белгілі.
Әли Окапов, @aliokapov

Әли Окапов —әнші, Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаеваның ұлы. Әлидің айтуынша танымалдылығына қарамастан сай келетін қызды кездестіру оңай емес.
Шарип Серік, @shakentii

Шарип Серік — актер, блогер. Instagram желісіндегі қысқа бейнелер арқылы танымал болды. Рессейлік прокатта көрсетілген, Қазақстанда үлкен танымалдылыққа ие болған «Бизнесмены» фильмінде басты рөлді сомдады. Жас актер үйленбеген, бірақ өмірін өзгерткен қыздың барын жасырмайды.
Диас Аблаев, @dias_ablayev

Диас Аблаев — әнші және музыкант, Қазақстанның Халық әртісі Нағима Есқалиеваның ұлы. Әнші қазақстандық бойдақтардың тізіміне кіреді. Үйленуге дайын, бірақ сай адамын әлі кездестірмеді.
Георгий Жуков, @georgyzhukov10

Фотоның дерек көзі: kazfootball.kz
Георгий Жуков — қазақстандық футболшы. «Урал» және «Қайрат» футбол клубтарында ойнады. 2019 жылы «Висла» клубымен келісім-шарт жасасты. Футболшының қызы бар, олардың бірге түскен фотоларын Instagram желісінде көруге болады. Алайда ол әлі үйленбеген.
Артур Асқарұлы, @archibaaalt

Артур Асқарұлы — блогер, Yuframe тобының мүшесі. Оның әріптестері үйленіп, отбасын құрған, бірақ Артурдың әзірге үйленуге жоспары жоқ.