facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
zhas-aza-standy-biologty-singapurda-y-ylymi-yzmet-zhayynda
logo
Жас қазақстандық биологтың Сингапурдағы ғылыми қызметі жайында

28.05.2019

Жас қазақстандық биологтың Сингапурдағы ғылыми қызметі жайында

Нұргүл Иманғали, 25 жаста, туған қаласы — Алматы


Өзі жайында


Сингапурда тұрып жатқаныма бір жыл болды. Мен PhD бағдарламаларының бірі бойынша құжаттарымды тапсырдым және өткен жылы маған шақырту келді. Сингапурға бару немесе бармау жайында ойлануға бір апта уақытым болды.

image2.JPG


Сингапур жайында


Осында алғаш рет келген кезде, Сингупар – азиялық адамдарға арналған Еуропа ретінде көрінді, себебі бұл таза жер, азаматтық ел. Бұл кішкентай мемлекет, ол ештеңе өндірмейді, экспорттары жоқ, тіпті жеке суы да жоқ – оны Малайзиядан сатып алады, бірақ бұл мемлекет 50 жыл ішінде алғашқы қатардағы елдердің деңгейіне дейін жеткені таң қалдырады. Сингапур Малайзияның отарында болды, кейін Англия Сингапурға тәуелсіздігін алуға септігін тигізді, сол себепті осында ағалшын мәдениетінің ізі қалды. Осында Ангиядағы мұражайлары мен үйлеріне ұқсайтын мұражай бар.

день независимости.JPG

Сингапур саяхаттап келу үшін керемет ел, тек бұл өте қымбат. Қазақстанға қарағанда тамаққа үш есе көп ақша кетеді. Сингапурға ұзақ уақытқа, әсіресе, оқуға немесе жұмыс істеуге барсаңыз, көп жұмыс істеуге тура келетініне дайын болу керек. Жергілікті адамдар еңбекқор, себебі осында басқаша өмір сүру мүмкін емес. Осындағы өмір қымбат болғандықтан, өзіңді және отбасыңды асырау үшін, адамдар көп жұмыс істейді – орташа есептегенде тәулігіне 10-12 сағат жұмыс істейді. Мен үшін бұл үлкен күйзеліс болды, мен көпке дейін үйрене алмай, қатты шаршап жүрдім. Бір кезде бұл дағдыға айналып кетті. Қазірде мен үшін жұмыстан ерте кету үйреншікті емес.

Осындағы өмір қымбат болғандықтан, өзіңді және отбасыңды асырау үшін, адамдар көп жұмыс істейді – орташа есептегенде тәулігіне 10-12 сағат жұмыс істейді


Сингапурдың халқы отансүйгіш болып келеді. Тәуелсіздік күніне барлық адамдар қызыл-ақ түсті кимдерді киеді – бұл ұлттық тудың түстері – және қала орталығында отбасыларымен мерекелік шеруді күтіп, пикниктер ұйымдастырады.


Университет және оқу жайында


логотип университета.JPG

Мен Сингапур Ұлттық университетінде Singapore International Graduate Award (SINGA) деп аталатын грант бойынша оқып жатырмын. Бұл грант бойынша оқуға түсу оңай. Құжаттарды жылына екі рет қабылдайды. Талаптар аса жоғары емес. Университет басқа елдердегі студенттерді тартуға тырысады, оқу гранты Орталық Азия, Еуропа, Америка елдерінің өкілдеріне қолжетімді.

Университетіміздің логотипі – ашық кітап, ол университеттің әлемдік білімдерге жетейлейтін порталды білдіреді. Үш сақина – үш басты бағыт: жасампаздық, инновациялар және кәсіпкерлік. Арыстан мінсіз студент ретінде бейнеленген, арыстанның жоғары көтерілген табаны халыққа қызмет көрсетуге дайын екенін, ал жоғары көтерілген құйрығы – адалдық пен идеализмді білдіреді.

image8.JPG

Осында әлемдік деңгейдегі ғалымдар, Нобель сыйлығының иегерлері қатысатын конференциялар жиі өткізіледі. Мен олармен жеке сөйлесіп, жетістікке қалай жеткендері жайында сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болдым. Мысалы, бір конференцияда флуоресценттік протеин ашқан, Нобель сыйлығының иегері Мартин Чалфи болды.Осында әлемдік деңгейдегі ғалымдар, Нобель сыйлығының иегерлері қатысатын конференциялар жиі өткізіледі

Осында әлемдік деңгейдегі ғалымдар, Нобель сыйлығының иегерлері қатысатын конференциялар жиі өткізіледі


Университеттің жанында Sauropodomorpha тұқымдасынан шыққан үш қаңқа, ұзын мойыны және құйрығы бар шөпкоректі динозаврлары жиналған жаратылыстану ғылымдарының Мұражайы бар.


Ғылыми қызметі жайында


Мен докторантурада оқып жатырмын және бізде ғылыми жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл бакалавриат немесе магистратура сияқты студенттік кезең емес, бұл жұмыс болып табылады. Негізінен, өзіндігінен жұмыс істейсіз – ғылыми жобаны жүргізесіз, тәжірибелер өткізесіз, гипотезаларды құрып, оларды дәлелдейсіз.

image1.JPG

Мен биологпын, қазіргі кезде остеопорозды зерттеумен айналысып жатырмын. Бұл кәрілік жаста сүйектердің сынғақ және борпылдақ болып, зақымданудан кейін ұзақ қалыпқа келетін кезде болатын ауру. Мен балықтармен жұмыс істеймін, біз олар арқылы остеопорозды туғызамыз, кейін нарықта жоқ әртүрлі компоненттерді, дәрі-дәрмектерді қолданамыз.

Мен Қазақстанда Назарбаев Университетінде жұмыс істедім. Сол жерде магистратураны бітірдім және үш жыл бойы зертханада ассистент қызметін атқардым. Назарбаев Университетінде жасушалық дақылдармен жұмыс істедім, жасушаларды өсіріп, әртүрлі ауруларды зерттедік. Мысалы, мен Альцгеймер ауруын зерттедім.

Қазақстанда ғылымды дамыту қиын, себебі ол көп қаражатты қажет етеді


Әрине, Қазақстанмен салыстырғанда Сингапурда ғылымға әлдеқайда жақсырақ демеушілік көрсетеді. Қазақстанда ғылымды дамыту қиын, себебі ол көп қаражатты қажет етеді. Егер тәжірибе жүргізуді қаласаң, реагенттерді сатып алу керек. Ал реагенттерді алу үшін, жеткізушілермен жұмыс істеу керек, себебі біз оларды компаниялардан тікелей сатып ала алмаймыз. Сол себепті біз алатын реагенттер үш еселенген баға бойынша келеді және оған салықтың құны кіреді. Ғылыммен айналысу қымбатқа түседі, дегенмен Назарбаев Университетінде ғылыммен айналысуға болады. Қазірде сол жерде барлығы соңғы техника үлгілерімен жабдықталған, зертханалары да жоғары деңгейде. Сингапурда барлығы әлдеқайда оңайырақ. Егер реагент қажет болса, оны сайт арқылы тапсырыс беріп алуға болады және бір күннен кейін ол үстеліңде жатады.

image5.JPG

Бастапқы деңгейде ғылыми қызметкерлердің жалақылары сингапурлық өлшем бойынша көп емес, мүмкін сол себепті сингапурлықтардың көбісі магистратура мен докторантураны бітірмейді. Барлығы негізінен бакалавриаттан кейін жұмыс істейді. Бірақ осында өзіңді ғылыми салада жүзеге асыруға көп мүмкіндіктер бар, себебі Қазақстанда ғылым кәсіпкерлікке және алдағы өндіріске сирек ауысады. Сингапурда біз дәрі-дәрмектерді сынаймыз және барлығы жақсы болса, патентке ие бола аламыз. Осында фармацевтикалық компаниялар көп. Зертханадан кәсіпкерлікке өту процесі әлдеқайда тезірек және оңайрақ болады. Сингапурда стартаптарға жақсы демеушілік көрсетіледі, олар қаржыны инновацияларға және зерттеулерге құяды, сол себепті бұл Азиядағы алдыңғы қатардағы елдердің бірі болып табылады.

Мен Қазақстанға оралуды жоспарлаймын, үйімді сағындым. Менің ойымша, біз Сингапурдың жолымен келе жатырмыз, себебі қазіргі кезде Қазақстанда да қаржыландырылған стартаптар жақсы дамып жатыр. Маңыздысы – ғылымның өзіңді кәсіпте жүзеге асыру мүмкіндігімен қатар жүруі және адамдардың өмірін жақсарту.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.