Астанада 2018 жылдың қаңтарында QR кодтар арқылы ақпаратты сканерлеп, аялдамалар туралы ақпаратты жедел түрде алуға мүмкіндік беретін қанатқақты жоба іске асырыла бастайды. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Елорданың тұрақты дамуы орталығының өкілі Виталий Пустовойтенконың берген мәліметтеріне қарағанда аталған жобаның аясында тұрғындар қаладағы аялдамаларда орнатылған барлық электронды таблодағы ақпаратты өз телефондарынан көре алады.
Тұрғындар тарапынан аталған жоба қолдауын тауып, сұранысқа ие болып жатса, қажетті орындардағы барлық аялдамаларға QR-кодтар орнатылады.
Дерек көзі: 24.kz