facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
zha-a-aza-tar-men-p-ter-satyp-al-ym-kelmeyd
logo
Жаңа қазақтар: «Менің пәтер сатып алғым келмейді»

26.03.2018

Жаңа қазақтар: «Менің пәтер сатып алғым келмейді»

Адий Кенжегарин, 40 жаста, туған жері — Алматы, Қазақстан Республикасының апартамент үйлерін жалға алушылар Қауымдастығы Кеңесінің төрағасы

Барлығы өз пәтерлерінің болғанын қалайды, пассивтерді сатып алғысы келеді. Ал мен пассивті сатып алғым келмейді, пәтерді сатып алу — бұл тоқтап қалған ақша.

Пәтерлер әр ай сайын қымбаттағанда оған инвестиция салу қызықтырақ еді, ақшаны көбейтуге мүмкіндік болды. Ал қазір пәтерлердің бағасы тұрақты болғанда бұл жоспар жүзеге аспайды. Көбісі пәтерлеріне ақша салып, кейін оны өздері қалаған бағаға сата алмайды.

Егер санайтын болсақ, менің пәтерімде екі жатын бөлме, қонақ бөлме, жұмыс кабинетім болуы керек, яғни, пәтерім кемінде төртбөлмелі болуы қажет. Астанада жақсы ауданда мұндай пәтердің бағасы 30 миллионнан 45 миллионға дейінгі аралықта.

Осы кезде мен сол жағалауда төртбөлмелі пәтерді 250 000 теңгеге жалға ала аламын. Егер 45 миллионда 250 000 теңгеге бөлсек, 180 ай немесе 15 жыл шығады. Бұл уақыт аралығында пйтерде бірнеше рет жөндеу жұмыстарын өткізу керек болады, яғни бұл соңғы баға емес.

Ал егер мен пәтер жалдап тұрсам, менде кез-келген бизнеске инвестиция салу үшін 45 миллион теңгем қалады. Әрине, бұнын да қауіпті жағдайлары бар, бірақ, мысалы, пәтер де жанып кетуі мүмкін. Ал бұл ақша маған тұрақты табыс әкеледі және мен белгілі бір пәтерге байланысты болмаймын, кез-келген уақытта орнымды ауыстыра аламын.

Түрлі нұсқалар бар, мысалы, егер 45 миллионды депозитке салатын болсам, онда ай сайын маған 393 000 теңге түседі. Пәтердің өзіне 250 000 теңге берсем, 150 000 теңгем қалтамда қалады. Сондықтан, пәтер жалдап тұру тиімдірек.

Пәтер — бұл эмоционалдық фактор


Бірақ қазақтар — көшпелі халық. Біздің ата-бабаларымыз малды асырау үшін бір орында өмір сүре алмады. Егер замануи заманға айналдыратын болсақ, біз әрдайым қозғалыста болуымыз керек. Төрт қабырғаға байланып отырмай, жұмыс бар жерге көшіп кететіндей жағдайда болу қажет. Осылайша мен Астанадан Алматыға және кез-келген уақытта кез-келген жерге көшіп кете аламын. Сондықтан менің пәтер сатып алғым келмейді.


Альбина Бунеску, 27 жаста, туған жері — Павлодар, маркетолог, Astana Marketing Club негізін қалаушы


1.jpeg


Мен Павлодарда тудым, ол жақта отбасымыздың жеке пәтері бар. Алматыға көшіп келгенде, мен пәтер жалдадым, өйткені қазір мен осында оқып, жұмыс істеудемін, ал ертең кез-келген жаққа көшіп кетуім мүмкін екенін білдім. Қазір Астанаға көшіп келдім, мұнда да пәтер жалдаймын.

Пәтер сатып алу — мен үшін басты нәрсе емес, десек те жалға алатын пәтеріме беретін ақшам сатып алған өз пәтеріме беретін ақшамен бірдей. Әрине бізде баспананы тиімді сатып алуға мүмкіндік беретін бағдарламалар бар, бірақ мен бюрократиямен байланысқым келмейді.

Сонымен қатар, мен қазір Астанада тұрғаныммен ертең басқа жаққа көшіп кеткім келетін шығар. Мұндай нұсқаны да жооқа шығармаймын, сондықтан әзірше баспана алатындай қажеттілік жоқ. Жалақым тиімді шарттарда пәтер сатып алуға мүмкіндік береді.

Бірақ қазір ақшаны саяхаттарға арнауды жөн көремін, себебі олар мені жаңа жобаларға шабыттандырады және күш береді


Сондықтан негізгі кірісімді саяхатқа жұмсаймын. Ақшамның көп бөлігін жолдарға, оқуға, бизнестің дамуына жұмсаймын. Сонымен қатар мен түрлі аксессуарларды жақсы көремін, ақшамның біраз бөлігі соған кетеді.

Бұл менің нақты позициям деп айтпаймын. Мен тұрмыста емеспін, балаларым да жоқ, егер күйім болса, мүмкін баспана алу жайлы шешімге бірге келерміз. Бірақ қазір мен Астанада, ал ертең басқа жерде тұруым мүмкін. Мен мобильдімін, бір жерге тәуелді емеспін.


Венера Ибрагимова, 38 жаста, туған жері — Қарағанды, стилист


2.jpeg


Он жыл бұрын менді өз пәтерім болу керек деген ой болған. Мен қажетті соманы жинап, банктердің шарттарын, ипотекаларды қарастырып жүрдім. Бұл көзқарас маған ата-анамнан келген шығар.

Тіпті бір кездері маған заманауи теледидар қажет деп, оны сатып алғанда ұлым байқамай сындырып алдым. Бұл кездейсоқтық арқылы қымбат техникамен жабдықталған пәтердің бізді тек уақытша ғана қуантатынын түсіндім. Одан гөрі, саяхаттаған қызықтырақ. Жақында балалрмен Индияда болдық, алдымызда да көптеген жоспарлар бар.

Сондықтан, менде қша жеткілікті болғанда бір нәрсе сатып алудың қажеті бар ма деген сауал туындады. Бұл мен қалайтын нәрсе емес екенін, өйткені мен бір жерге, бір қалаға тәуелді болып қалатынымды түсіндім.

Сонда мен ақшаны өзімнің дамуыма жұмсауды жөн көрдім. Мен тек стилист болғым келмейді, әрдайым жаңа нәрселерді білуге ұмтыламын.

Қазір мүлдем қарама-қарсы мамандықтарға үйреніп жүрмін. Мен кез-келген қалада, елде тұрғым келетінін түсіндім. Ақшаны табыс әкелетін активтерге, отбасына жұмсаған тиімдірек.

Мен балаларымның пәтер мен көлік — адамның табысының мөлшері деп ойлағанын қаламаймын


Мен жеңіл, әрі мобильді, кез-келген уақытта басқа жерге кшіп кететіндей жағдайда болғанымды қалаймын, балаларым да сондай болса деймін.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Ерекше кездесуге арналған 10 идея
Ерекше кездесуге арналған 10 идея
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
Қазақстандық танымал 10 подкаст
Қазақстандық танымал 10 подкаст
Қазақстанда қандай кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктер танымал
Қазақстанда қандай кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктер танымал
Спортты қалай ұнатуға және жаттығуларды тастамауға болады: Толқын Нұрышевадан 4 кеңес
Спортты қалай ұнатуға және жаттығуларды тастамауға болады: Толқын Нұрышевадан 4 кеңес