facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
z-lke-zde-sayahatta-yz-mamyr-ayynda-baru-a-bolatyn-ortaly-aziyany-10-alasy
logo
Өз өлкеңізде саяхаттаңыз. Мамыр айында баруға болатын Орталық Азияның 10 қаласы
Главный (каз)

04.05.2023

Өз өлкеңізде саяхаттаңыз. Мамыр айында баруға болатын Орталық Азияның 10 қаласы

Орталық Азия — таулар мен өзен-көлдердің әсем көрінісін тамашалауға болатын сұлу табиғаты бар, сондай-ақ мәдениеті мен тарихы бай өлке. Бүгінгі материалымызда мамыр айында керемет демалуға болатын Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан қалалары туралы айтып бермекпіз.


Қазақстан

Ерекше табиғатымен танымал үлкен ел. Мамыр айында Қазақстанда көктем келіп, ауа температурасы табиғат аясында серуендеуге ыңғайлы болады.

Алматы

a city with mountains in the background


Іле Алатауының етегінде орналасқан Қазақстанның ең ірі қаласы. Табиғаты әсем, тарихы бай қала. Мамыр айында Алматыда ауа райы жылынып, күн ашық болады, сондықтан қалада серуендеуге таптырмас мезгіл. Баруға тұрарлық көрікті жерлер: Орталық мәдениет және демалыс саябағы, Ботаникалық бақ, «Медеу». Сондай-ақ туристерге жергілікті мейрамханалар мен кафелердегі ұлттық тағамдардың ұнары анық.

Шымкент

out-fly-lRPsVuEOMI8-unsplash.jpg


Бұл Қазақстандның оңтүстігінде орналасқан, үлкендігі жөнінен үшінші қала. Шымкент Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Ақмешіт қорғаны сияқты тарихи жерлерімен танымал. Мамыр айында Шымкентте күн жылы болады. Туристер қала атмосферасын сезініп, жергілікті тағамдардан дәм тата алады.


Қырғызстан

Орталық Азияның қақ ортасында орналасқан, тау-көлдерімен, өзендерімен және әсем табиғатымен танымал ел. Мұнда жаяу немесе атпен серуендеуге, көркем пейзаждар аясында фотосессия жасауға немесе жай ғана табиғатты тамашалауға болады.

Бішкек

a street with signs and trees


Көрнекі жерлері көп Қырғызстан астанасы. Бішкектегі ең көрнекті және әйгілі орын — Алатау алаңы қала орталығында орналасқан. Мұнда көптеген мәдени шаралар өтеді. Сондай-ақ елордада ең ірі сауда орталықтарының бірі — ЦУМ-ға да баруға болады. Бішкекке жақын жерде Қырғызстанның негізгі табиғи қорығы — Ала-Арша ұлттық саябағы орналасқан.

Ош

Қырғызстанның оңтүстігінде орналасқан, үлкендігі жөнінен екінші қала. Ош өзінің сәулет өнері мен мұражайларында көрініс тапқан көне тарихымен танымал. Басты көрікті жерлерінің қатарында ЮНЕСКО қорғауындағы Сүлеймен тау мешітін атап өтуге болады.

Қаракөл

Қырғызстанның шығыс бөлігінде, Тянь-Шань тауларының етегінде орналасқан қала. Қаракөлдің көрікті жерлерінің қатарында 1869 жылы қаланған Ежелгі Қаракөл, көптеген аң-құс түрлерін кезіктіруге болатын Қаракөл ұлттық саябағы, сондай-ақ әлемдегі ең ірі тау көлдерінің бірі Ыстықкөл көлі бар.


Өзбекстан

Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан мәдениеті көне, тарихқа бай ел. Өзбекстан өзінің сәулет ескерткіштерімен танымал. Мамыр айында Өзбекстанда күн қатты ыстық болмайтындықтан, туристер тарихи қалаларды аралап, мәдениетімен, тарихымен таныса алады.

Ташкент

Өзбекстанның астанасы және Орталық Азиядағы ең ірі қала. Қаланың керемет тарихы мен бай мәдениеті бар. Мұнда көптеген ескерткіштер мен сәулет құрылыстарын тамашалауға болады. Мамыр айында Ташкентте күн жылы әрі шуақты, сол себепті қаланың әсем көшелерімен серуендеген жақсы. Сондай-ақ көрнекті орындар — Қызыл мешітке, Көкілдаш медресесіне және қолданбалы өнер мұражайына баруға болады.

Бұхара

Бұхара — Өзбекстанның көне қалаларының бірі. Қала нағыз ашық аспан астындағы мұражай іспеттес. Мұнда көптеген көне мешіттер мен медреселерді, керуен сарайларды көруге, сондай-ақ көптеген мұражайға баруға болады. Мамыр айында Бұхарада күн жылы, бірақ ыстық емес, сондықтан осындай ауа райы қала аралап, Өзбекстанның тарихы мен мәдениетін зерттеуге қолайлы.

Самарқанд

a large building with a clock on it's side


Өзбекстанның тағы бір көне қаласы, ол да Ұлы Жібек жолында орналасқан. Самарқан — ғылым, мәдениет және өнер орталығы. Мұнда көптеген сәулет ескерткіштері бар: Регистан, Гур-Эмир, Шахи-Зинда, т.б. Мамырда күн жылы, сондықтан Самарқанның ғажап сұлулығын әбден тамашалауға болады.


Тәжікстан

Тәжікстанды биік тауларынан, терең аңғарлары мен көптеген сарқырамаларынан тануға болады. Мамыр айында Тәжікстан әлі салқын, бірақ табиғат сұлулығынан ләззат алып, тау шыңдарының біріне сапар шегуге бұл еш кедергі емес.

Душанбе

a large room with people and a large group of people

Тәжікстанның астанасы және осы елдегі ең үлкен қала. Қала табиғаты әсем шатқалда орналасқан және өзінің көркем сәулетімен және саябақтарымен танымал. Мамыр айында Душанбеде күн айтарлықтай жылы, сондықтан бұл қала — серуендеуге және Тәжікстан мәдениетін зерттеуге таптырмас жер. Көрікті жерлердің арасында Тәжікстанның Ұлттық мұражайы, «Рудаки» саябағы, Исмоил Сомони ескерткіші бар. Туристер міндетті түрде палау, шелпек, курутоб, т.б. ұлттық тағамдардан дәм татулары керек:

Худжанд

Худжанд Тәжікстанның солтүстік бөлігінде орналасқан және бай тарихы мен мәдени мұрасы бар. Мамыр айында Худжандта күн жылы. Мұнда ортағасырлық ескерткіштер, мешіттер, кесенелер сақталған. Қалаға жақын жерде Қайраққұм су қоймасы мен үлкен жеміс бақтары өскен таулары бар. Альпинизм әуесқойларына Ақсу өңірі қызықты болмақ.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Күзде не көрейік: 2024 жылғы фильмдер мен сериалдардың жаңалықтары
Күзде не көрейік: 2024 жылғы фильмдер мен сериалдардың жаңалықтары
Алматы қаласында жүгіруге арналған жерлер
Алматы қаласында жүгіруге арналған жерлер
Алматыдағы ең үздік корей тағамдарын жеуге болатын 10 мекеме
Алматыдағы ең үздік корей тағамдарын жеуге болатын 10 мекеме
Қазақ халқының ескірген 10 салт-дәстүрі
Қазақ халқының ескірген 10 салт-дәстүрі
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі