facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/fb5/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/3spk8h9n6s12cpwl9nqphhzvi9ab35lv.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
yzy-ty-kontent-t-s-ret-n-aza-standy-blogerler
logo
Қызықты контент түсіретін қазақстандық блогерлер

27.07.2024

Қызықты контент түсіретін қазақстандық блогерлер

Биржан Ашим, @birzhanashim


Биржан Ашим — миллион аудиториясы бар Instagram блогері. Ол жазылушыларды түрлі контентпен таңғалдыратын, жарнамадан ақша табуды жақсы көретін және білетін, қара әзілден тартынбайтын адамдардың бірі. «Любопытная Варвара» жобасымен YouTube үшін видео түсірген. Әдетте айтылмайтын өткір тақырыптар көтерілетін жобалардын бірі болған.


Zheka Fatbelly, @zheka_fatbelly


Zheka — блогер, актер және рэпер. Оның шын аты Жеңіс Омаров. Instagram-дағы вайнамның арқасында танымал болған. 2016 жылдан бастап киноға түскен. «Районы», «Наурыз» және «Дневник безумной женщины» фильмдерінде ойнаған.

2018 жылдан бастап рэп және хип-хоп стилінде бірнеше ән жазған. Сондай-ақ, Zheka бүкіл Қазақстан бойынша 20-дан астам Zheka's Doner House мейрамханасын ашты.


Нагимуша, @nagimuwaa


Нагима — танымал қазақстандық вайнерша. Instagram-да миллионға жуық жазылушысы бар көңілді скетчтерді түсіреді. Жақында Астана қаласына көшті, беларусьтік «Селаполетела» жастар travel-шоуының жүргізушісі болды.


Аминка Витаминка, @aminokka


Амина Малгаждар — вайнер, блогер және актриса. Оның YouTube-та бес миллионға жуық жазылушысы бар.

Амина каналының контенті челленджерден, влогтардан және вайндардан тұрады. YouTube-дан басқа фильмдерге түскен. Оның Аружан мен Адия атты екі қарындасы бар. Амина 2018 жылы Ресейдің «Жылдың үздік балалар блогері» жүлдесінің иегері болды.


Нұрлан Батыров, @batyroff


Нұрлан Батыров өзінің мансабын Инстаграмда «Сәкен» мини-сериалынан бастаған. Алматы қаласының Панфилов көшесіндегі Batyroff Burger жылдам тамақтану кафесінен офлайн бизнесін бастады, сондай-ақ осы ауданда Batyroff Плоff and Pizza мейрамханасын ашқан, бірақ бүгінде мекемелер жұмыс істемейді.


Ердос Усабаев, @doss_ussabayev


Алматылық танымал блогер-хореограф вайналармен және lifestyle стиліндегі контентпен қатар би бейнесінің арқасында танымал болды. Кәсіби биші және хореограф ретінде Ердос көптеген жұлдыздармен, инфлюенсерлермен, Қазақстан, Орталық Азия және Ресей бишілерімен ынтымақтасып, нәтижелерімен блогында бөліседі.


Қайрат Олжас Тұрарұлы, @oljaskhan_


2003 жылы 21 Максим күні дүниеге келген. Отбасында ең үлкені және бір інісі бар. Өзінің күнделікті өмірін видеоға түсіру арқылы танымал болды. Қазірде үлкен аудиториясы бар блогерлердің бірі.


Арайлым Жиенбаева, @zhiyenbaeva__


24 қаңтар күні дүниеге келген. Қазірде TikTok әлеуметтік желісінде танымал. Өзінің позитивті видеоларымен атақты. Бәріне таныс @molyajan_ инфлюенсердің сіңілісі.


Алия Алиева, @osserbayevy


2000 жылы 25 маусым күні дүниеге келген. Отбасы құрғанына 6 жыл болған. Өзінің енесімен қызықты контент арқылы танымал. Қазірде Instagram желісінде 273 мың оқырмандары бар.


Жұлдыз Жауынбаева, @juzzefina244


2000 жылы 24 қыркүйек күні дүниеге келген. Жақында өзінің Umai Rose атты гүлдер дүкенің ашқан. Өзінің қызықты және позитивті пост пен стористарымен оқырмандарын қызықтырады.


Мадина Рыспамбет, @rysmadd


26 қазан күні дүниге келген. Әлеуметтік желісін 2020 жылдан бері жүргізіп келеді. Тек қазақ тілінде көптеген қызықты видеолар түсіреді. Өзінің бір күнің қалай өтетіні туралы влог түсіріп, қазақ тілінде дауыстайды.


Айшолпан Байтүгел, @aisholpan_happiness


TikTok желісінде үш минуттық макияж жасау арқылы бір күнде танылған блогердің бірі. Қазірде фильмдерге түсірілімдерге шақыртулар алуда. Әлеуметтік желілерінде бірде бір хейтері жоқ деуге болады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақтың ұлттық киімі: тарихи ерекшеліктері мен қазіргі заманғы өзгерістері туралы
Қазақтың ұлттық киімі: тарихи ерекшеліктері мен қазіргі заманғы өзгерістері туралы
Топ 10 қазақша комедия
Топ 10 қазақша комедия
Қызықты контент түсіретін қазақстандық  блогерлер
Қызықты контент түсіретін қазақстандық блогерлер
Әнші Asik өз шығармашылығы мен болашақ жоспарлары туралы
Әнші Asik өз шығармашылығы мен болашақ жоспарлары туралы
Қазақстанның музыка индустриясының жаңа тұлғалары. danabirkyz, Tynyq және Амина Есімжан өз жолы мен шығармашылығы туралы
Қазақстанның музыка индустриясының жаңа тұлғалары. danabirkyz, Tynyq және Амина Есімжан өз жолы мен шығармашылығы туралы