Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
tu-an-zher-zde-sayahatta-yz-nauryz-meyramynda-sayahattau-a-bolatyn-ortaly-aziyada-y-13-yzy-ty-lokaciya
Туған жеріңізде саяхаттаңыз: Наурыз мейрамында саяхаттауға болатын Орталық Азиядағы 13 қызықты локация
400

18.03.2023

Туған жеріңізде саяхаттаңыз: Наурыз мейрамында саяхаттауға болатын Орталық Азиядағы 13 қызықты локация

Наурыз мейрамы кезінде баруға тұрарлық Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстандағы қызықты жерлер туралы ақпарат ұсынамыз.


Қазақстан

Каспий жағалауы

Актау


Каспий жағалауы еліміздің оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Каспий теңізінің барлық курорттарының ішінде Ақтау қонақүйлерінің көптігімен және қызықты архитектуралық ғимараттарымен ерекшеленеді. Бұл жақта мерекелік шаралар су жағасында өтеді.

Алматы

Наурыз мейрамы кезінде Алматыда күн жылы әрі шуақты. Мұнда қызықты демалысты, заманауи өнерді, жергілікті брендтерді және әдеттен тыс іс-шараларды ұнататындар үшін қалада 10 орын бар.

Катонқарағай

Катонқарағай — Шығыс Қазақстанның табиғаты әсем жері. Көркем ауыл Сарымсақты тауының етегінде орналасқан. Мұнда ұлттық табиғи парк пен қорық бар. Тау шыңдары көлдермен, альпілік шалғынды ормандарымен, ірі жартасты өзендерімен ерекшеленеді. Қорықтарда аю, марал, ақкіс және басқа да көптеген сирек жануарлар мекендейді.

Астана

Астана


Ұзақ демалыс күндері Қазақстанның астанасына қыдырып қайтуға болады. Тек жылы киініңіз. Астана қонақтарына қызық болатын жерлер жайлы білгіңіз келсе, сілтемеге өтіңіз.


Қырғызстан

Ыстықкөл

иссык куль


Ыстықкөл — Қырғызстандағы ағынсыз көл. Елдің солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Тұздың көп болуы және жұмсақ климат тіпті нөлден төмен температурада да көлдің қатуына мүмкіндік бермейді. Көктемде Ыстықкөлде суға түсуге әлі ерте. Бірақ сирек кездесетін құстарды — Қызыл кітапқа енген аққұйрықты субүркіттерін, аққулар мен қоқиқаздарды көруге болады.

Бішкек

Наурызда жылы болатын тағы бір қала.

Қалада серуендеуді Ала-Тоо алаңынан бастауды ұсынамыз — бұл Бішкектің орталығында орналасқан Қырғызстанның басты алаңы. Барлық туристік жолдар осы жерден басталады.

Қаракөл

Каракол

Қаракөл — Қырғызстандағы кішкентай қала. Облыстың шығыс бөлігінде, Тескей-Алатоо жотасының етегінде орналасқан. Қаланың сәулетінде әртүрлі уақытта осы аумақты мекендеген халықтардың мәдениеті мен дәстүрі көрініс тапқан. Қаракөлде қорық-саябақ, Қасиетті Троица соборы, дүнген мешіті сияқты көрікті жерлер бар. Сондай-ақ Қаракөл қаласының аумағында шаңғы базасы да орналасқан.

Ала-Арша

Ала-Арша Шу өңірінде орналасқан.

Ала-Арша өзінің табиғатымен танымал: шыршалы үлкен ормандар, түрлі бұлақ көздері және жартастар бар. Мұнда таулы далалар мен ормандардың флорасы мен фаунасы басым. Онда тазқара, қар барысы, құмай, Түркістан сілеусіні сияқты сирек жануарлар тіршілік етеді.


Өзбекстан

Хиуа

Хиуа — ашық аспан астындағы мұражай-қала. Өзбекстанның солтүстік-батысында орналасқан. Хиуаның көрікті жерлерінің көпшілігі орталықта Ичан-каледе шоғырланған. Қала ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген. Хиуа — заманауи қолөнер орталығы.

Ташкент

Ташкентте Ташкент телемұнарасына баруды ұсынамыз. Бұл — Орталық Азиядағы ең биік ғимарат. Телемұнарада шамамен 100 метр биіктікте бақылау алаңына, ал сәл жоғарырақ панорамалық көріністерді тамашалауға және мейрамханаға баруға болады. Мұнда келушілерге ғимаратты, соның ішінде мұражайды таныстыратын гидтер бар.

Тағы бір ұсыныс — Әлішер Науаи атындағы ұлттық саябақ. Мұнда қайықпен, велосипедпен және роликпен сырғанауға болады. Ұлттық саябақ аумағында көптеген ғимараттар мен ескерткіштер бар: Науаи ескерткіші, Неке сарайы, «Наурыз» мейрамханасы, «Истиклол» концерт залы. Саябақта тіпті өз теміржолы бар.

Самарқанд

Самарканд


Самарқанд Өзбекстанның ең атақты тарихи қалаларының бірі. Бір кездері осы жерден Ұлы Жібек жолының керуендері өткен. Самарқанд – көрікті қала. Қаланың әйгілі алаңы және визит картасы - Регистан. Самарқандта көптеген мұражайлар, мешіттер, кесенелер, саябақтар, базарлар және т.б.


Тәжікстан

Гиссар бекінісі

таджикистан

Бекініс толығымен күйдірілген кірпіштен тұрғызылған және қақпалары бар екі цилиндрлік мұнарадан және қабырғаларды қоршап жатқан құрылымдардан тұрады. Гиссар алқабының табиғаты ерекше. Ол барлық жағынан тау шыңдарымен қоршалған. Алқап аумағынан өзендер ағады: Шіркент, Кафирниган және Каратаг.

Ескендір көлі

Ескендір Зұлқарнайынның көлі деп те аталады. Бұл тау көлі Гиссар жотасының солтүстік беткейінде орналасқан. Көлден басқа мұнда бірнеше көрікті жер бар: жылан көп мекендейтін Жылан көлі, 43 метрлік Фан Ниагарасы сарқырамасы.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

Подписаться

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.