Тиара Ермагамбетова, 11 жаста, қаласы — Астана, актриса, әнші, @tiaro__
Өзі жайлы
Мен Quantum STEM School-да оқимын, жақында бесінші сыныпты бітіремін. Вокал, бимен айналысамын, пианинода ойнаймын, сондай-ақ модельмін. Білімге қатысты жобаларға және шығармашылық жобаларға қуана-қуана қатысамын.
Маған киноға түсу де, оны тамашалау да ұнайды. Менің сүйікті жанрым — комедия. Олар мейірімге толы, көңілді әрі соңы да бақытты аяқталады. Сүйікті режиссерлерім жоқ, бірақ маған Нұрлан Қоянбаев, Ақан Сатаев, Ернар Құрмашевтің фильмдері ұнайды. Ал сүйікті актерлерім: Дженна Ортега, Маргот Робби. Қазақстандықтардан — Динара Бақтыбаева, Дариға Бадықова, Рамазан Амантай.
Киноға қалай келдім
Мен киноға түсіп, актриса болуды армандайтынмын. Сондықтан алғаш рет 2022 жылдың қазан айында өзімді осы бағытта сынап көрдім.
«Каникулы Off-line 3» фильмінің түсіріліміне қатыстым. Маған түсірілім алаңындағы атмосфера мен түсірілім барысы ұнады.
Бәрінен бұрын өзімнің белсенді қатысқан сахна көріністері есімде қалыпты. Түсірілім алаңында тұрғанымыз, басқа актерлермен TikTok-қа видео түсіргеніміз, әр түсірілімге дайындалғанымыз да есімде. Маған фильмнің саундтрегіне айналған Digital Detox бейнебаянын түсіру процесі ұнады.
Киноға түсудің пайдасы
Оқу мен киноға түсуді қатар алып жүру оңай болған жоқ. Сахналар арасында үй тапсырмасын орындауым керек болатын. Ал жұмыс біткен соң, сыныпты бағдарлама бойынша қуып жету үшін көп еңбектенуіме тура келді.
Дегенмен алдын ала жоспарланған кесте, сондай-ақ өз ісімді жақсы көрім де қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Оған қоса ата-анам да көмектеседі. Олар жан-жақты ынталандырып, мені қолдап отырады.
Фильмге түсу мені кәсіби шыдамдылыққа үйретті: барлық қыңырлықты қойып, жұмысты бірінші орынға шығаратын болдым. Ата-анамыз жанымызда болмағандықтан, өз бетімше өмір сүруді үйрендім. Фильмнің түсірілім алаңында мен қазақ тілінің кәсіби өсу мен күнделікті өмір үшін қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Көптеген жаңа достар мен таныстар таптым.
Түсірілімнен кейін менде шығармашылық жағынан одан әрі дамып, өсуге деген ынта пайда болды. Ал фильм шыққаннан кейін көпшілік мені тани бастады.
Жоспарлары жайлы
Алдағы шығармашылық мақсаттарым — бірнеше ән, мүмкін, альбом шығару. Өзіммен көп жұмыс жасаймын, қосымша сабақтарыма қатысамын. Сондай-ақ телебағдарламалар мен киножобаларға қатысқым келеді.