facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/cc5/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/cc5b19e4d3da9a190469b4b11d002d46.jpeg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
shy-ys-k-r-mov-a-sh-pen-europany-zho-ary-o-u-oryndarynda-o-u-zh-ne-amazon-london-ke-ses-nde-it-maman-mansaby-turaly
logo
Шыңғыс Кәрімов АҚШ пен Еуропаның жоғары оқу орындарында оқу және Amazon Лондон кеңсесінде IT-маман мансабы туралы
Басты бет

05.12.2022

Шыңғыс Кәрімов АҚШ пен Еуропаның жоғары оқу орындарында оқу және Amazon Лондон кеңсесінде IT-маман мансабы туралы

Шыңғыс Кәрімов шетелдегі өмірі әңгімелеп берді: АҚШ-тағы бакалавр мен Бельгиядағы докторантурадан бастап Ұлыбританиядағы Amazon-дағы мансабына дейінгі жолы жайлы.

Шыңғыс Кәрімов, 30 жаста, қаласы — Лондон, Data Scientist в Amazon, @shyngys.karimov

Шынгыс каримов


Қоныс аударуы жайлы


Мен Хромтау қаласында тудым. Кейінірек Ақтөбеде тұрдым.

Алғаш рет шетелге бакалавриатта оқу үшін бардым. АҚШ-тың Бостон қаласына қоныс аудардым, мұнда мен тілдік курстардан өттім. Кейінірек Индиана штатындағы Purdue University-ге оқуға түсіп, инженер мамандығын алып шықтым. АҚШ-та ол 17 жасымнан 22 жасыма дейін тұрдым.

Алғаш рет шетелге бакалавриатта оқу үшін бардым

Кейін Қазақстанға, Астанаға оралдым да, мұнда екі жыл Kazakhstan Engineering ұлттық компаниясында инженер болып жұмыс істедім. Назарбаев Университетінде магистратурада оқыдым. Бітірген соң докторлық дәрежесін алу үшін Бельгияға кеттім.

Бельгияда оқып болғасын Лондонға көштім. Қазір мен экономика ғылымдарының докторымын. Лондондағы Amazon компаниясының Data Scientist-те жұмыс істеймін.

Жаңа өмірге бейімделу және қиындықтар туралы


Мектепті бітірген соң мен жоғары оқу орнын таңдау үшін терең талдау жасаған жоқпын. Бірақ мені Штаттар қызықтыратын, ашық кәсіпкерлік пен еркіндік идеясы ұнады. Бельгияға көшу сәттілік дер едім. Ku Leuven University-дегі докторантура бағдарламасына мені магистратурада бірге жұмыс істеген ғылыми жетекшім шақырды. Менің үнемі Еуропада өмір сүргім келетін. Оған қоса, докторанттарға ақы төленетін болды, ал университеттің өзі әлемдегі ең үздік 50 университеттің қатарына кіреді. Сондықтан мен келістім.

Шынгыс каримов

Шетелдегі алғашқы қиындықтың бірі — жалғыз болуың. Алғашында не достарың, не туыстарың да жоқ. Бұған үйренуің керек. Сондықтан шетелге көшкен кезде бірден «жайлылық баспалдағынан» бірнеше саты төмен түсесіз.

Шетелде ашық болып, көптеген адамдармен тіл табысу керек


АҚШ-та мені қоршаған нәрсенің бәрі де таңғалдырды. Бір терминалдан екіншісіне өту үшін әуежай ішінде пойызға отырғанда тіптен қайран қалдым. Purdue университетіне түскенде де таң-тамаша болдым. Мұнда 50 000 студент оқиды. Бұл өзінің инфрақұрылымы, тіпті әуежайы бар үлкен қала!

Ұлыбританияға көшкен кезде менде құжаттармен проблема болған жоқ, өйткені компания бәріне көмектесті. Бұл жағынан Amazon қызметкерлерге керемет көмектеседі. Бірақ Лондон — мен болған ең қымбат қалалардың бірі. А нүктесінен В нүктесіне дейінгі жол орта есеппен бір сағат уақытыңды алады. Сондықтан күнді алдын ала жоспарлауың керек. Маған достарым қыдырып келгенде, біз күн сайын таңертең кешке дейін қаланы аралап, көрікті жерлерін тамашалайтынбыз. Тіпті Лондонның жартысын көруге жеті күн жеткіліксіз болды. Мұнда әр адам өзіне ұнағанын табады.

Шынгыс каримов

Шетелде ашық болуың керек, көп адамдармен араласуың керек. Сіз әртүрлі үйірмелерге жазыла аласыз. Лондонда Meet Up-қа ұқсас қосымшалар бар, онда қызығушылықтары ұқсас адамдар кездеседі, араласады және танысу аясын кеңейтеді.

Лонданда қалай жұмыс іздеу керек


Мен үнемі академиялық жұмыстармен айналыстым. Бакалавр дәрежесін алған кезде университетте ғылыми қызметкер болып жұмыс істедім. Бельгияда да қызметім де зерттеумен байланысты болды. Мен сондай-ақ MVF және Дүниежүзілік Банк сияқты ұйымдарда көптеген консалтингілік жобаларды жүзеге асырдым.

Бүгінде зерттеуге көптеген компаниялар инвестиция салуда. Тіпті Amazon-да мен жаңа өнімдерді әзірлеумен және зерттеумен айналысамын. Менің қызметім экономика мен инжинирингтің қиылысында деуге болады.

Шынгыс каримов

Компанияға жолдама бойынша жұмысқа тұрдым. Менің салам бойынша шетелде жұмыс табу қиын емес. Сұраныс әрқашан бар ,бірақ мәселе ұсыныста. Көптеген адамдар курстардан өтеді, бірақ тәжірибесі жоқ. Жұмыс беруші үшін білімнің болуы емес, олармен қалай жұмыс істейтініңіз маңызды.

Сізді сұхбатқа шақыру үшін керемет түйіндеме дайындап, жобаларыңызды көрсетуіңіз керек. Сұхбатта негізінен алгоритмдерді тексереді. Бұған дайындалуға болатын мыңдаған ресурстар бар. Ең танымал платформа — Leet Code. Бұл бағдарламашылар логикалық мәселелерді шешу дағдыларын жетілдіретін веб-сайт.

Мысалы, сізге кездейсоқ шашыраңқы сандар беріледі және оларды сұрыптайтын бағдарлама жазуыңыз керек болады. IT-дегі адамдар бәрін жүйелегенді ұнатады, сондықтан болашақ әріптестеріне көмектесу үшін көп жұмыс жасады.

Amazon-дағы жұмысы жайлы


Мен Data Scientist-те жетекші болып жұмыс істеймін. Біз «көк жағалыларды» жалдауды талдаймыз. Олар — қоймаларда жұмыс істейтін және тауарларды сұрыптаумен айналысатын адамдар. Amazon-да осындай бір жарым миллион қызметкер жұмыс істейді. Біздің команда олардың жұмыс процесін оңтайландырумен айналысады.

Шынгыс каримов

Amazon-да «Frugality», яғни үнемшілдік принципі бар. Компанияда Google сияқты тегін таңғы ас, түскі ас және кешкі ас жоқ, бірақ жұмыс істеу үшін қажет нәрсенің бәрі бар.

Компания сонымен қатар ай сайынғы іс-шараларды өткізеді. Лондонда жұмыс істеудің артықшылығы — бүкіл Еуропаны аралау. Біз соңғы рет Люксембургке бардық. Бұған дейін Прагада, Барселонада, Манчестерде болдық. Келесі сапар Эдинбургке болады. Маған жұмыстың арқасында саяхаттауға болатыны ұнайды.

Қоныс аудару қалай әсер етті


Шынгыс каримов

Мен шетелде өмір сүрудің қиын екенін түсіндім. Мұнда бәсекелестік жоғары. Сіз үнемі жұмыс істеп, өзіңізді жетілдіріп отыруыңыз керек. Мен Қазақстанға келген сайын қуанамын, өйткені мен мұнда демаламын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.