facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
sheteld-k-azamattar-a-t-rmys-a-shy-an-sh-aza-yeld-g-mes
logo
Шетелдік азаматтарға тұрмысқа шыққан үш қазақ әйелдің әңгімесі

15.08.2019

Шетелдік азаматтарға тұрмысқа шыққан үш қазақ әйелдің әңгімесі

Әртүрлі ұлт өкілдері бір-бірінің салт дәстүрлерін және тілін түсіну үшін, тойды өткізу қаншалықты қиынға соғады? БІЗ осындай интернационалдық тойлар жайында білдік. Олардың тәжірибелері жақындар көмекке келген кезде, кез-келген қиындықтарды еңсеруге болатынын дәлелдейді. Қонақтар өздерін жайлы сезінуі үшін, барлық жағдайды жасауға болады.


Аустриялық той


Шетелдік азаматтарға тұрмысқа шыққан үш қазақ әйелдің әңгімесі

Анель Нойбауер

Біздің тойымыз 2013 жыдың маусым айында Аустрияның федералды жері – Каринтияда өтті. Бұл аустриялық-еуропалық аралас тойы болды, бірақ классикалық түрде өткен жоқ, себебі шамамен 150 қонақ келді. Ал Еуропада әдетте тойлар ауқымды түрде өтпейді.

Каринтия — адамдар тойларды үлкен салтанатпен өткізетін Аустрияның оңтүстік облысы. Аустрияда той өткізу қымбатқа түседі. Сол кезде біз күйеуімізбен жұмыс істедік және бұндай салтанатты өткізу мүмкіндігіне ие болдық.

Жұма күні біз ата-аналарымызбен және куәгерлермен АХАЖ-ға барып, некемізді қидық, бірақ мен той көйлегін киген жоқпын. Сол күні кешке бір-бірін жақсылап білу үшін, басқа қалалардан қонақтар жиналған welcome-сауық кеші өтті. Келесі күні түсте католикалық падренің қатысуымен рәсім өтті, бірақ бұл рәсім әдемілік үшін өткізілді. Біз некелесу туралы ешқандай құжат алған жоқпыз, себебі мен католик емеспін.

Әкесі қызын шіркеудегі алтарьға дейін шығарып салатын дәстүр бізде көлдің жағалауында ашық аспанның астында өтті. Біз барлық діни әдет-ғұрыптарды алып тастауға тырыстық, себебі біз күйеуімізбен діни адамдар емеспіз. Біз жай ғана тойды табиғатта өткізуді қаладық. Мен жағалауға кемемен келдім және әкем мені альтарға дейін шығарып салды. Бұл рәсімнен кейін, барлығы жағалауда қалды және бізге Агапе деп аталатын фуршет жайып берді. Агапе – бұл рәсім мен банкет арасындағы уақыт, осы уақыт аралығында қонақтар күйеу жігіт пен қалыңдыққа жақындап, әңгімелесе алады. Аустриялықтар әңгімелесуді жақсы көреді. Некелесу рәсімі 17:00 дейін болды, ал 19:00 дейін бізде үзіліс болды, қонақтар киімдерін ауыстыру үшін үйлеріне тарап кетті, себебі бізде кешкі дресс-код болды.

Шетелдік азаматтарға тұрмысқа шыққан үш қазақ әйелдің әңгімесі

Қазақша дәстүр бойынша болған жалғыз нәрсе – қонақтарымыз үшін дастархан басында кішкентай киіз үй ретінде қойылған сыйлықтар еді. Бұл қонақтарға қалыңдықтың Қазақстаннан келгенін еске салу үшін істелінген. Сонымен қатар бізде қолмен безендірілген орыс қобдишалар болды, бұл әкемнің ұлты орыс және ол ұзақ уақыт Ресейде тұрғанын танытты. Үстелдер Тараз, Алматы, Астана, Нью-Йорк сияқты әртүрлі қалалардың атауларымен болды. Біз күйеуімізбен болған қала атауларын қолдандық.

Аустриялық тойларда тілектерді тек қана ата-аналар мен куәгерлер айтады. Банкеттен кейін қонақтар арнайы алаңда билейді. Аустриялықтар билеу үшін көп дайындалатынын байқадым. Қазақстаннан келген туыстарым және достарым тамақ ішкесін бірден алаңға шықты, ал аустриялықтар түн ортасында ғана билей бастады.

Шетелдік азаматтарға тұрмысқа шыққан үш қазақ әйелдің әңгімесі

Келесі күні күйеуім қобдиша сыйлады, оның ішінде Rolex сағаты болды. Аустрияда неке түнінен кейін күйеуі әйеліне бағалы сыйлық сылайтын Морген гапе деп аталатын дәстүр бар.

Екі айдан кейін бізде «Қыз ұзатуға» ұқсаған қазақ тойы болды. Мен қазақ көйлегінде, ал күйеуім аустриялық костюмде болды, барлығы қазақша дәстүр бойынша өтті. Біздің аустриялық қонақтарды және күйеуімді той салтанаты және біздің бишілерді, актерлерді және сиқыршыларды шақырғанымыз таң қалдырды. Көптеген туыстар негізгі тойға келе алмады және біз олар үшін Қазақстанда той жасаймыз деп шештік. Бізге шамамен 150-180 қонақ келді, бұл қалыпты жағдай. Біз тойды кенеттен өткізуді шештік және ең жақын туыстарды шақырдық.

Шетелдік азаматтарға тұрмысқа шыққан үш қазақ әйелдің әңгімесі

Аустриялық тойда аудармашыны жалдадық, бірақ ол ісін дұрыс атқара алмағандықтан, мен жақсы құрбымды тілектерді неміс және керісінше аударып тұруды өтіндім. Менің енем тілекті орыс тілінде айтты, себебі ол тілді үйреніп жатыр. Қазақстанда да аудармашы болды, бірақ оның біліктілігі жеткілікті деңгейде болған жоқ, сол себепті кейбір кезде өзім аударып тұрдым.


Канадалық той


Шетелдік азаматтарға тұрмысқа шыққан үш қазақ әйелдің әңгімесі

Айка Петерс

Мен 2014 жылы тұрмысқа шықтым. Жалпы үш той болды. Осында біз үйренген АХАЖ мекемелері жоқ. Жеке меншік рәсімдеу кеңселері бар, олар үйлерінде немесе сіздің үйіңізде некені рәсімдеп, анықтама қағазын береді, куәлікті алу үшін, сіз сол қағазбен тіркеу орнына барасыз.

Шетелдік азаматтарға тұрмысқа шыққан үш қазақ әйелдің әңгімесі

Біз ресми түрде шілде айында некелестік. Некелесу және той Доминикана республикасында өтті. Менің қонақтарым Канадаға виза ала алмағандықтан, біз сол жерде тойлауды шештік. Шығанаққа келе алмаған қонақтар үшін жасалған үшінші той Калгари жерінде өтті.

Біз қазақ салт-дәстүрлерін ұстанған жоқпыз, бірақ той көбінесе біздің стильде өтті. Канадалық тойлар қарапайым түрде өтеді. Дайындықпен және ұйымдастыру процесімен негізінен мен айналыстым, ал күйеуім барлығын төлеп берді.

Шетелдік азаматтарға тұрмысқа шыққан үш қазақ әйелдің әңгімесі

Канадағы дәстүрлі той үш кезеңнен тұрады. Алдымен күйеу жігіт қалыңдыққа ресми түрде ұсыныс жасайды, ата-анасының батасын алады. Болашақ күйеуім ата-анамның рұқсатын алған кезде, анам қонақта болды, ал әкем Skype бойынша байланысқа шықты.

Кейін күйеу жігіт қалыңдыққа жүзік кигізеді және жүзік міндетті түрде гауһар тастан жасалуы тиіс. Одан кейін сіз тойды жоспарлай бастайсыз және некелесу рәсімінде күйеуіңіз екінші жүзік кигізеді.

Тойдың өзі келесі сценарий бойынша өтеді: шақырулар таратылады, кейін қонақтар келетіндерін нақтылап айтуы тиіс. Шақыру қағазында сыйлықтар таңдалған дүкендер тізімі қосылып беріледі. Америкалық фильмдерде қалыңдық дүкендер бойынша арнайы пультпен жүріп, тойға алуды қалайтын тауарларды таңдап жатқанын көрген шығарсыздар.

Кейін бойжеткендердің және ер жігіттердің сауық кеші өтеді. Мен қалыңдықтың құрбыларына бірдей көйлектер, ал күйеуімнің достарына бірдей аксессуарларды сатып алдым.

Барлығы керемет болды.

Шетелдік азаматтарға тұрмысқа шыққан үш қазақ әйелдің әңгімесі

Анамның итальян тілінде Punta Cana әнін орындап бергені тойдың ең басты артықшылығы болды.


Түрік тойы


Бізде шамамен 100 қонақ жиналған түрік-қазақ тойы болды, олардың жартысы шетелдік азаматтар еді. Біздің куәгерлеріміз Түркиядан келді.

Той кезінде қазақтар шетелдіктерге қарсы шыққан ойындар өткізілді, барлығы қызықты және көңілді уақыт өткізді. Біз қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде сөйлеген тамаданы шақырдық, бірақ ол негізінен тойды қазақ тілінде жүргізді.

Менде бойжеткендер сауық кеші болды, бірақ біз ер жігіттерімізді шақырып, бірге қыдырдық, себебі менің жақын достарым – ер адамдар және олардың арасында бесеуі ғана қазақ ұлтынан болды.

Қонақтарымыздың көбісі әлемнің әртүрлі елдерден келді және олардың сыйлықтары туған елдері мен мәдениеттерімен байланысты еді.

Біз гректердің Сиртаки биіне ұқсайтын Halay танымал түрік биін биледік және барлық қонақтар бұл биге қосылды, ал қимыл-қозғалыстарын білмеген адамдар түріктерге қарап үйренді.



Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.