facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
shabyt-ner-universitet-n-t-lekter-erk-nd-k-shy-armashyly-atmosfera-zh-ne-zh-mys-a-ornalasu-sh-n-baylanystardy-azhett-l-g-zhayynda
logo
«Шабыт» өнер университетінің түлектері еркіндік, шығармашылық атмосфера және жұмысқа орналасу үшін байланыстардың қажеттілігі жайында
Өмір сүру стилі

14.05.2019

«Шабыт» өнер университетінің түлектері еркіндік, шығармашылық атмосфера және жұмысқа орналасу үшін байланыстардың қажеттілігі жайында

Қазыбек Рүстембеков, режиссер

56418402_2207876372876014_7682034659106538918_n.jpg


Университетті таңдау жайында


Қазақстанда шығармашылық мамандық бағытындағы университеттер көп емес. Шығармашылық адамдардың басым бөлігі Астанадағы оқу орынды таңдайды, себебі басқа жерден келсеңіз, бұл қаланың географиялық орны ыңғайлы.

Мен бала кезімнен жақсы сурет саламын. Мектептен бастап мультипликатор немесе киномен байланысты мамандыққа түсу ойы болды.


Оқытудың ерекшеліктері жайында


«Шабыт» университетінің оқу жүйесі ерекше. Мұғалімдер де шығармашылық адамдар және олардың белгілі жеке қызметтері бар. Сол себепті олар жұмысбасты адамдар, кестелері тұрақcsp. Осында ақпаратты жеке қызығушылықпен өзіндігінен ізденіп, оқу керек. Әйтпесе адамның ешқандай шағармалышық өсімі болмайды. Мысалы, оқып жатқан 20 студенттің ішінен үшеуі ғана мамандық бойынша жұмыс істейді. Осында жеткілікті мүмкіндіктер беріледі.

Мен оқыған кезде, университет қалыптасып, даму үстінде болды. Бізде жаңа курс болды және шеберханалар жеткіліксіз болатын. Қазірде жағдай тұрақтанды, әрбір курс студенттерінің сұраныстарына сай келетін жеке кабинеті бар. Университеттің үлкен артықшылығы – техникалық жабдықтауында. Студенттерге барлық кәсіби техниканы түсірілімдерге алып пайдалануға болады. Алматылық студенттермен салыстырған кезде, Астанада оқу үшін көбірек мүмкіндіктер болды.

59433214_827978370902938_8922782726430728_n.jpg


Атмосферасы және дағдылар жайында


Егер университетке шығармашылықпен байланысы жоқ адам келсе, ол бірден ерекшеленеді. Осындағы студенттердің талғамы өзгеше. Университеттің дәлізінде тек шығармашылық тақырыптарды талқылайды. Және әрдайым бір жерден скрипканың дыбысы, басқа жерден біреудің ән айтып жатқаны естіледі, ал кинематографшылар тыныштықты сақтауды өтінеді. Әрқашан шығармашылық жағдай орнап тұрады.

Әрдайым бір жерден скрипканың дыбысы, басқа жерден біреудің ән айтып жатқаны естіледі


Университет танысу мүмкіндігін береді. Біз бірге жұмыс істей алатын серіктестерге, әріптестерге, достарға ие болдық. Бұл құнды нәрсе, себебі университетті бітіргесін, ниеттес адармадрыңмен әрі қарай дамып, қызықты нәрселерді жасауға болады. Киноиндустрияда бұл аса маңызды.


ҚазҰӨУ студенті қандай болады


Әртүрлі түлектер қоғамдастықтары бар, оларды шығармашылық қызмет байланыстырады. Біз бірге оқыған адамдармен жиі кездесіп отырамыз. Университетті бітіргесін, адамдар өз жолдарын іздейді, әрдайым дамып жетіледі. Бұл «Шабыт» университеті түлектерінің ерекшелігі. Кейбір кезде студенттік жылдарды еске алып, әңгімелесу үшін, уақыт жетіспейді.


Жұмысы жайында


Қазіргі кезде мен кино түсіруді жалғастырып жатырмын. Студенттер легінің санаулысы ғана таңдаған мамандық бойынша жұмыс істеп жатыр. Мен екінші режиссер қызметін атқарамын, бейнебаяндар, жарнамалық бейнелер, толық метражды фильмдердің түсірілімдеріне қатысамын. Кино саласына қосылу кезеңінен өтіп жатырмын, сол себепті мамандығымда шығармашылық байланыстардың болуы маңызды орын алады.


Айнұр Жартиева-Ермекбаева, туған қаласы — Астана, Salem social Media

1684814848949.jpeg


Университетті таңдау жайында


Мен ҚазҮӨУ таңдадым, себебі бұл мамандандырылған өнер университеті. Осында театр, кино, және телевидение кафедрасы бар. Мен өзім телевизиялық отбасынан шықтым және ата-анамның соңынан еріп келемін. Авторлық телевидение режиссері мамандығы бойынша бакалавр дәрежесіне ие болу үшін, бес жыл оқу керек.


Оқытудың ерекшеліктері жайында


Өнерге және өздігінен дамуға көп уақыт беріледі – бұл оқытудың ерекшелігі. Ұстаздар студенттерге бағыт береді, белгілі бір жанрда дамуға көмектеседі. Режиссерлік факультетінде осылай болды.

Бізге әртүрлі тақырыптар бойынша тапсырмалар беретін, біз әртүрлі жанрларда этюдтар түсірдік. Оқыту біздің жан-жақты дамып жетілуімізге негізделді. Сол себепті біз операторлық шеберлікті, монтажды, дыбыс режиссерлігін, актерлік шеберлікті және сахналық сөйлеуді оқыдық.


Атмосферасы және дағдылар жайында


Университеттің атмосферасы күшті – барлығы жылы шырайлы және бір-біріне жылы қарайды. Бізде студенттер аз, оқуға түсу қиын, байқауы үлкен. Факультетіме түскен кезде, шығармашылық емтиханды 68 адам тапсырған. Екі қабылдау емтиханының нәтижесі бойынша бес адам түсті. Студенттер мамандықтарын мақсатты түрде таңдайды.

Университеттің атмосферасы күшті – барлығы жылы шырайлы және бір-біріне жылы қарайды


Университет өмірімде жақсы септігін тигізді, әсіресе кураторым Утекешова Алма Қаратайқызы – КТК арнасының бастауынан шыққан телевизияның маманы жақсы ықпал етті. Ол мамандықтың негіздерін үйретті, бұл аталмыш саладағы жұмысыма жақсы әсер етеді.


ҚазҰӨУ студенті қандай болады


Біздің студенттерді оңай тануға болады. Олар телевидениеде, театрда, басым бөлігі event-агенттіктерде көрініп жүреді – біздің студенттер және түлектер іс-шараларды ұйымдастыру бағытында жұмыс істейді. Көбісі – «Астана Операның» музыканттары. ҚазҰӨУ – қазіргі уақытта 99 %-ға дерлік талап етілетін мамандықтарды дайындайтын жақсы алаң.

Түлектер өзара араласады. Менің университеттегі құрбым балаларымның кіндік анасы атанды. Көбісімен жұмыс бойынша араласамыз.


Жұмысы жайында


Қазірде мен Salem social Media-ның SMM бөлімінде жұмыс істеймін – бұл да тәжірибенің бір түрі, жаңа нәрселерге үйрену әрдайым қызықты. Бұдан бөлек мен білім беру контентін түсірумен айналысамын.


Жайна Сенбек, туған қаласы — Астана, дизайнер


818978798.jpeg


Университетті таңдау жайында


Бұл университетті таңдаған себебім – мен киім дизайнері болуды армандадым. Әрқашан адамдарды сәндеп, көңіл-күйлерін көтеруді, жеке стильдерін қалыптастыруға көмектесуді қаладым. Соған сай келетін оқу орынды іздедім, маған «Шабыт» университетіне түсуге кеңес берді. Мен оқуымды өткен жылы аяқтадым, Димаш Құдайбергенов бізбен бірге бітірді. Бұл қызықты тәжірибе болды.


Оқытудың ерекшеліктері жайында


Осында әрбір студент өзіндік көзқарасқа және өзіндік стильге ие. Студенттер өмірге шығармашылық тұрғыдан қарайды. Бұл білім беру процесіне ықпал етеді. Осында шеберханалар және зертханалар көп, студенттер дәліздерде де сабақ оқиды.


Атмосферасы және дағдылар жайында


Біздің студенттік өміріміз қызықты болды. Университетте киім дизайнерлері және басқа да мамандықтар үшін көп байқаулар өтетін. Біз барлығымыз белсенді түрде қатысатынбыз. Маған шығармашылық және еркіндік атмосферада болу ұнайтын.

Ұстаздар студенттеріне әрдайым қолдау көрсетеді


Ұстаздар студенттеріне әрдайым қолдау көрсетеді. Осында сені қажетті бағытқа бағыттайды. Университетте бізге ешқашан «жоқ» деп айтпаған. «Шабыт» оқу орнында достық және отбасылық атмосфера орнаған.


ҚазҰӨУ студенті қандай болады


ҚазҰӨУ түлектерін жеңіл қарым-қатынас пен сырт келбеті бойынша тануға болады.

Бізде белсенді түлектер қоғамдастығы бар. Көбісі командаларына ҚазҰӨУ түлектерін алуды жөн көретінін білеміз. Біз бір бағытта ойлаймыз, бір-бірімізді жақсы түсінеміз, әрқашан қолдау көрсетуге дайынбыз.


Жұмысы жайында


Қазірде мен мамандығым бойынша сән үйінде киім дизайнері болып жұмыс істеп жатырмын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.