facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/e38/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/e38ece55ecceeb92490ad2d736755eb0.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
sh-rbat-ayy-nemese-dostary-men-b-rge-sauy-kesh-ne-arnal-an-t-rkiyada-y-e-zha-sy-12-zhastar-ona-y
logo
Шәрбат айы немесе достарыңмен бірге сауық кешіне арналған Түркиядағы ең жақсы 12 жастар қонақ үйі

18.06.2022

Шәрбат айы немесе достарыңмен бірге сауық кешіне арналған Түркиядағы ең жақсы 12 жастар қонақ үйі

Біз 16 жастан асқандарға арналған 12 қонақ үйдің тізімін жасадық. Романтикаға толы демалысты қалайтындар немесе шулы сауық кештер мен жаңа таныстық орнатқысы келетіндер үшін істедік.


Adam&Eve Hotel


Adam&Eve Hotel.jpg

Орналасқан жері: Белек

Бұл қонақ үй All Inclusive форматында демалу үшін емес, ерекше есте қаларлықтай сәттер мен тамаша сауық кештерін іздеп келетін жастарға арналған. Мұнда жас шектеуі бар, 16 жастан асқандар ғана кіре алады.

Қонақ үй аумағында Dj қатысумен концерттер, көбік кештер, қызықты кешкі шоу бағдарламалары және тағы басқа іс-шаралар өткізіледі. Қонақтар досшыл әрі ішінара орыс тілді қызметкерлерді, қызмет көрсету сапасының жоғарылылығы мен қолжетімді бағасын жақсы бағалайды


Voyage Bodrum Hotel


Voyage Bodrum Hotel.jpg

Орналасқан жері: Бодрум

Ашық бассейні және мұхиттың панорамалық көрінісі бар курорттық қонақ үй балаларсыз демалуға арналған.

Келушілерді қонақ үйдің орналасуы да қуантады — Бодрум қаласының орталығынан небәрі 900 метр ғана.

Қалаға жақын орналасқанмен, алайда мұндағы ахуал тыныш әрі жанға жайлы. Voyage Bodrum жас жұптар немесе бал айына келген отбасыларға арналған.


Sentido Lykia Resort&Spa


Sentido Lykia Resort&Spa.jpg

Орналасқан жері: Олюдениз

Қонақ үй 16 жастан асқан қонақтарды қабылдайды. Аумағындағы көптеген бассейндер мен мейрамхана, барлар келушілерді қуантпауы мүмкін емес. Тазалық пен жасыл желектің көптігі әрі жылы жүзді қызметкерлер — Sentido Lykia-ның басты артықшылығы. Қонақ үйге жақын жерде Бабадаг тауы бар, одан 2300 метр биіктіктен парапланмен теңіздің үстінен ұшып, көгілдір шығанақтың көрінісін тамашалауға болады.


Sherwood Blue Belek, Adults only


Sherwood Blue Belek.jpg

Орналасқан жері: Белек

Қонақ үйдің басты артықшылығы — бассейндері. Күндіз мұнда тыныш әрі жайлы. Ал қызықтың бәрі кешкі тоғыздан кейін басталады: дискотека, клубтық музыка және соған сәйкес 18 жастан асқандарға арналған шоу бағдарламалар болады.


Selene Beach&Spa, Adults only


Selene Beach&Spa.jpg

Орналасқан жері: Авсаллар

Қонақ үйдің артықшылықтарына — бағасы, сәулеті, орналасқан жері мен қызмет көрсету сапалығығы жатады. Жағажайы шағын, бірақ бұл туристерді үркітпейді.

Мұнда орысша сөйлейтін адам сирек кездеседі. Мұнда келсеңіз, барлардағы күнделікті таңға дейін болатын шулы кештерге дайын болыңыз.


Sunprime C-Lounge, Adult only


Sunprime C-Lounge.jpg

Орналасқан жері: Алания

Шағын қонақ үй 16 жастан асқан қонақтарға арналған. Келушілер қызмет сапасы мен дәмді тағамдарын ерекше атап өтеді. Күндіз күнге қыздырынып немесе қаланы аралап қайтсаңыз болады, ал түнде шоу-бағдарламалар көріп, караоке, барларда жаңа адамдармен таныса аласыз.

Соңғы жылдары қонақ үй екі рет Аланияның ең үздігі деп танылды.


Ramira City Hotel


Ramira City Hotel.jpeg

Орналасқан жері: Алания

Қала орталығында орналасуы, қолынан бал тамған бас аспаздары және бағаларының қымбат еместігі — бұның бәрі Ramira City Hotel қонақтарының ерекше атап өтетіні.

Әсіресе қонақтарды кісі құрамының 16 жастан жоғары болуы да қуантады. Қонақ үйдің жанында әйгілі «Клеопатра» жағажайы орналасқан.


Flora Garden Beach Club


Flora Garden Beach Club.jpg

Орналасқан жері: Анталия

Құрылысы махаббатпен салынған керемет қонақ үй. Аумағы жан-жақты ойластырылған, серуендеуге арналған көптеген соқпақ жолдар бар. Мұнда қонақтардың көңіл-көтеруіне аса мән беріледі. Барлардағы жанды дауысты музыкалар мен ашық ауадағы өнер көрсетулер, кешкі дискотека 16 жастан асқан қонақтарды қуантпауы мүмкін емес.


Alba Royal, Adults only


Alba Royal.jpg

Орналасқан жері: Сиде

Бұл қонақ үй Сиде қаласының маңында Чолаклы курорттық ауылында орналасқан. Артық шудан демалғысы келетіндерге арналған жер. Орыс тілді адамдар аз, демалушылардың көп бөлігі британдықтар, немістер және Еуропаның басқа елдерінен келген адамдар.

Alba Royal бал айына немесе романтикалық демалысқа қолайлы. Анимация, жанды музыка және кешкі шоу бағдарламалары бар, бірақ бәрі тым ерте аяқталады, ал таң атқанша болғанын қалайтындар қалаға баруға мәжбүр болады.


Forever Club


Forever Club.jpg

Орналасқан жері: Бодрум

Жақсы бөлмелері мен кең балкондары бар көлемі жағынан шағын қарапайым қонақ үй. Аумағының жасыл желекті болуы, айналасындағы әдемі табиғат Еуропадан туристерді тартады.

Forever Club жас жұптарға арналған демалыс орны ретінде ұсынылады. Мұнда анимация мен дискотека бар, бірақ шулы емес. Барынша тыныш демалуға арналған. 16 жасқа толмаған балаларды кіргізбейді.


La Boutique Hotel&Suites


La Boutique Hotel&Suites.jpg

Орналасқан жері: Анталия

Қонақ үйде жас жұптар мен іс-сапарлардағы адамдар тоқтайды. Қарапайым аумақ, жас шектеулерінің болуы және бөлмелерінің аздығы тыныштық пен жайлы демалысты қамтамасыз етеді.

Тек қонақтарға ғана арналған тамаша жағажай, жайлы әрі романтикалық атмосфера бұл жерге ерекше сүйкімділік береді. Ал егер шулы жерлерді ұнатсаңыз, онда көңіл-көтеретін аймақты өз бетіңізше іздеуге тура келеді.


Manesol Boutique Galata


Manesol Boutique Galata.jpg

Орналасқан жері: Стамбул

Қонақ үй ыңғайлы жерде орналасқан. Топкапы сарайы, Базилик Цистернасы сияқты әйгілі көрнекі жерлерге жаяу барып көруге болады. Қызметкерлері кез келген сұрағыңыз бойынша көмектесуге дайын тұратыны ерекше қуантады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.