facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
semeyl-k-otbasy-shi-bauyrsa-ospa-zh-ne-tal-an-nd-ru-zhayly
logo
Семейлік отбасы ши бауырсақ, қоспа және талқан өндіруі жайлы
Таңғажайып Қазақстан

27.03.2018

Семейлік отбасы ши бауырсақ, қоспа және талқан өндіруі жайлы

Ермек Асылгазинович Мезибаев, 43 жаста, туған жері — Семей, ұлттық тағам өндіруші

684865.jpeg


Қалай басталды



Бастапқыда әйелім екеуміздің тек бизнес бастауға деген құлшынысымыз ғана болды. Басында тоқыма өндіруді ойладық, бірақ кейін ұлттық тағамдарды өндірумен айналысқымыз келетінін түсіндік. Талқан кептірілген бидайдан жасалады. Бұл тағам бізге ежелден келген, ол өте тойымды, әрі пайдалы, оны кез-келген тамақтың құрамына қосуға болады.

Компаниямыз2009 жылы Семей қаласындағы өндіріс тауарларының қалалық көрмесінде жылы алғаш рет өнімін ұсынды.

243324.jpeg


Тауарлар жайлы



Талқаннан кейін біз қазақтың ұлттық тәтті тағамы — жент өндіруді қолға алдық. Жент немесе «қоспа» «қосу», «араластыру» деген сөздерден шыққан. Құрамында талқан, қуырылған тары, қант, сары май және көп мөлшерде бал бар. Бұрын мұндай тәтті тағам кез-келгеннің қолына түсе бермейтін. Дастарханға бұл тағамды тек байлар ғана қоятын.

76578.jpeg

Біз оның құрамына шоколад, жаңғақ косып, түрлі эксперимент жасадық. Бізде шағын көлемдегі кәмпит сияқты шоколадтағы жент бар.

Бауырсақтарды жеке себептер бойынша жасауға кірістік. Біздің баламыз астма ауыруымен ауырып қалып, дәрігер бензиннің иіснен бастап түрлі химикаттары бар тағамдарға дейін тыйым салған. Егер дұрыс тамақтанбаса, ағзасы бірден жауап беретін. Осыдан кейін оның тамағына мұқият қарайтын болдық. Барлық қораптамалардың сыртындағы тағамның құрамын зерттедік.

Сол кезде біз тағам түрлерін кеңейтіп, ұннан жасалған өнімдермен айналыса бастаған едік. Сонда өндеріп жатқан тағамдарымыз таза, зияны бар қоспасыз болу керек деп шештік.

Біз дәстүрлі рецептілерді зерттеп, кішкентай бауырсақтар жасай бастық. Бұрын оларды жауынгерлер шайқасқа алып жүретіндіктен «жау бауырсақ» деп атап кеткен. Бауырсақтар көлемі бойынша кішкентай, сабанның түрімен жасалған, ылғалданбайтын таза өнім.

7686.jpeg

687684.jpeg

Басында тек бір түрін ғана жасайтынбыз, кейін қантпен, қантсыз, тұзды түрлерін жасай бастадық. Көбісіне дәстүрлі рецеппен жасалған бауырсақтар ұнайды.

Сондай-ақ ашытқымен жасалған бауырсақтар да бар. Бірақ олардың жарамдылық мерзімі тек екі күн.

Қазір 12 түрлі тағам өндіреміз.

2010 жылы өнімдерді сата бастадық. Ал 2012 жылы бізді тани бастады. Бізде қырықтан астам адам жұмыс істейді.

Шағын көлемдегі «Адал ас» атты кондитерлік үйіміз бар. Онда торттар мен пішінәлар сатамыз. Ол Семей қаласында орналасқан. Ол жерде біздің өнімдерімізге тапсырыс беруге болады.

Біздің мақсатымыз көп ақша табу емес, ұлттық тағамдарымызбен бөлісу, олардың не екенін білсе дейміз.

Біз қазіргі заманға ата-бабаларымыздың жеткен жетістіктерін насихаттағымыз келеді. Балалрымызға көшпелі ата-бабаларымызды, басқа елдерде болғаннын барлығы бізде де болғанын көрсеткіміз келеді. Мысалы, кондитерлік өнімдер.

Біз қазақтың мәдениеті жайлы Франция, Германия, АҚШ сияқты елдердің де білгенін қалаймыз.

Enactus бағдарламасымен шетелге кеткен студенттер «Адал астың» өнімдерін алып кеткен жағдайлар да болды.

665444476.jpeg


Жоспарлар жайлы



Қазір қант печениясын өндіруді қолға алып жатырмыз. Қажетті жабдықтарды алып қойдық.

Қазір жаңа тағам түрі — мармелад өндіру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Қазақстанда мармеладты мүлдем өндірмейді екен. Жазда құлпынай жинап, оны мұздатып қойдық. Қазір содан аз мөлшерде мармелад жасап жатырмыз. Өте дәмді шықты, өйткені біз оған теңіз балдырларынан жасалған агардан басқа ештене қоспаймыз. Жарамдылы мерзімі небәрі екі ай.



Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.