facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
rocket-plastic-ayta-delgen-plastikten-s-nd-zattar-zhasap-adamdardy-ekologiyaly-oylauyn-zgertud-zholy
logo
Rocket plastic. Қайта өңделген пластиктен сәнді заттар жасап, адамдардың экологиялық ойлауын өзгертудің жолы
Өмір сүру стилі

01.04.2019

Rocket plastic. Қайта өңделген пластиктен сәнді заттар жасап, адамдардың экологиялық ойлауын өзгертудің жолы

Данияр Бакимов, туған қаласы — Алматы, Open Mind Technologies IT-компаниясының жетекшісі, Rocket Plastic жобасының негізін салушы, @rocketplastic

71b2e0cb-0bde-4cde-a689-7b2e64d299bf.jpg


Жобаның бастамасы


Біздің жобамыз жас, барлығы бір жыл бұрын басталды. 2018 жылдың сәуір айында мен Almaty Marathon-ға қатыстым және жол бойында су таратып жатқан жерлерде үлкен көлемдегі пластик бөтелкелердің жатқанын көрдім. Бұл бейне менің есімде сақталып қалды және осы мәселені шешу қажет деп ойладым. Мен пластикті және оның қасиеттерін зерттей бастадым, оның табиғатта ыдырауы шамамен 500 жыл уақытты алады екен. Адамзат аңғармай бір реттік қолдану негізінде пластикті үлкен көлемде пайдаланады.

Мен мәселені шешудің ықтимал жолдарын іздедім және Нидерландтағы қызықты балаларға тап болдым, олар өздерін Precious Plastic деп атайды. Жобаның негізін салушы 2015 жылы 10 000 € грантын ұтып, тұрмыс жағдайда пластикті қайта өңдеу үшін DIYС-білдектерін жинап алды. Ол білдектердің сызбаларын желіге салды. Содан кейін бүкіл әлем бойынша жергілікті шеберханалар ашыла бастады. «Бізге керегі осы» деген ой бірден пайда болды. Алматыда міндетті түрде осындай пластикті қайта өндіретін шеберхана ашылуы тиіс дегенді түсіндім.

Сол жылдың жазында мен әлеуметтік желілер арқылы мүдделес адамдарды тауып алдым, осылайша төрт энтузиасттан команда құрылды. Бүгінде біз алтаумыз: Кенен Скаков, Асылбек Мырзахметов, Кәрім Қанатов, Эльдар Приманов, Мұрат Отыншиев және мен. Біз білдектерді жеке қаражатымызға Алматы технологиялық университетінің негізінде, техник ғылымдарының докторы Отыншиев Мұраттың қолдауымен жинадық. Бүгінде біздің шеберхана Нархоз университетінде жұмыс істейді.

50568798_1514847435313007_7850395004922366639_n.jpg


Жұмыстың бағыттары жайында


Біз жоба аясында бес бағытты айқындап алдық: пластик қалдықтарын қайта өңдеу арқылы өнімдерді жасап шығару, eco-friendly-нарығын дамыту, тапсырыс бойынша пластикті қайта өңдеу білдектерін жасап шығару, әлеуметтік белсенділік пен экобелсенділер қауымдастығын құру арқылы халық арасында экологиялық өмір салтын насихаттау.

Біз «пластикке екінші мүмкіндік бер» қағидасы бойынша жұмыс жасаймыз. Пластик ұзақ мерзімді қызмет көрсету үшін жасап шығарылса, неліктен біз оны 30 минут пайдаланғаннан кейін лақтырамыз. Оның орнына пластикті қайтадан өңдеп, жаңа нәрсе шығаруға болады. Бастысы – өнімнің ұзақ мерзімге жарамды болуы. Біздің жобамыз шағын және қоршаған ортаны қорғауға қосатын үлесіміз аз болғандықтан, біз алдымызға бүкіл Қазақстан бойынша шеберханалар ашу мақсатын қойдық. Біз ауқымды нәтижеге жетуді және шеберханаларды бір экожүйеге біріктіруді жоспарлаймыз. Бүгінде Қарағанды, Қызылорда және Рудный қалаларында үш шеберханамыз бар. Бұл тек бастамасы ғана, жақынарада Астана қаласында ашылуды жоспарлап жатырмыз.

Біз ауқымды нәтижеге жетуді және шеберханаларды бір экожүйеге біріктіруді жоспарлаймыз



Өндіріс жайында


48058944_1511807192297192_9197670411389632512_n.jpg

Біз Precious Plastic технологиясы бойынша өзіміз жасаған білдектерді қолданамыз. Басында біз барлық тәжірибе мен білімді YouTube желісіндегі бейнесабақтар арқылы алдық. Бүгін, жарты жыл өткен соң, біз бірегей тәжірибе мен білімге ие болдық, оған қоса басқалармен бөлісетін ақыл-кеңестеріміз бар.

Негізінен өндірісте өзіміз жұмыс жасаймыз, уақыт мүлдем жетпейді, себебі жоба бүкіл команда үшін негізгі жұмыс болып табылмайды. Бірақ келешекте WeArt жобасымен серіктестік аясында табысы аз отбасылардан шыққан жас балаларды жұмысқа алу ниетіміз бар. Біз оларды білдектерді және өнімдерді жасап шығаруға үйретеміз, осылайша олар жұмысқа орналасу үшін қажетті дағдыларға ие болады. Біз де олардың еңбектері үшін ақшаларын төлейміз.


Өнім жайында


Бастапқыда біз 20 шақты өнім түрлерін шығаруды жоспарладық, бірақ ұсақ өндірісте әрқашан қиындықтар болады. Сол себепті келісімге келіп, кейбір өнімдерді кейінге қалдыруға тура келді. Қазірде біз қарапайым нәрселерді өндіре аламыз. Мысалы, кірқыстырғыштар, қабырғаға ілетін және үстелге қоятын сағаттар, декорға арналаған плиткалар, табақтар, сауыттар мен тостағандар, ұсақ-түйекке арналған құралдар. Келешекте ағаш пен қайта өңделген пластикті біріктіріп жиһаз жасап шығару жоспары бар.

a6bc1424-b79b-4679-a968-e2a6fa84e552.jpg

c2e9519b-d842-479b-b130-e52e38dda88c.jpg

d42f78a0-3cb2-4b76-b9ff-1660d0c2de86.jpg

Адамдар бұның қайта өңделген пластик екенін және бұл өнім ерекше құндылыққа ие екенін түсінуі үшін, жарқын заттарды шығаруға тырысамыз. Өнімді шығарған кезде, біз қандай пластик зиянды, қайсысы қауіпсіз болып табылатынын түсінеміз. Біз PVC(3) қолданбаймыз, адамның денсаулығына зиян келтірмеу үшін және химиялық құрамды бұзбау үшін, ерітудің температурасын қатаң сақтаймыз. Біз балаларға және тамақ ішуге арналған өнімдерді жасап шығаруды жоспарлаймыз.


Серіктестік және іс-шаралар жайында


Біз кез-келген бастамалар үшін ашықпыз. Біздің жобамыз Almaty Pop Up Store ұйымдастырушыларымен серіктестік жасайды. Өткен жылдың желтоқсан айында біз олардың шараларына қатыстық, ал қазір арнайы тапсырыс бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Біз Visit Almaty шарасына қатысамыз және 4 сәуір күні қайта өңделген пластиктен себеттерді жасап шығару бойынша шеберлік класын өткіземіз.

Rocket Plastic жобасы Дармарканы ұйымдастырушыларымен тығыз байланыс орнады – бұл адамдар өздеріне қажетсіз заттарды әкеліп, ниеттілерге тегін таратып беретін жәрмеңке. Ал біз жәрмеңкені өткізу кезінде өзіміздің сауытымызды қойып, пластиктерді жинаймыз.

Сонымен қатар біз бүгінде бірнеше бағытта дамып жатқан Recycle Бирге жобасымен жұмыс жасап жатырмыз. Алматының көптеген экобелсенділері экосенбіліктерге қатысты, бұл шараның мақсаты – көшелер мен аулалардағы қоқысты жинап қана қоймай, барлық жинаған заттарды қайта өңдеуге тапсыру. Іс-шараға кез келген адам қатыса алады, оған қоса стихиялық қоқыс орындары пайда болған жерлер жайында хабар бере алады. 2018 жылдың қыркүйек айында Recycle Бирге командасымен бірігіп, Үлкен Алматинка өзені жағасында ең ауқымды экосенбілік ұйымдастырдық. Қоқыстар мен қалдықтарды жинау шарасы халықаралық World Clean up Day күні аясында өтті.

Серіктестік аясындағы жаңа бағыт – экоконсалтинг. Өзінің тәжірибесі мен білімін қолдана отырып, Recycle Бирге кеңселер мен тұрғын үй кешендері бойынша қалдықтарды бөліп жинау қағидасын енгізіп жатыр. Күнделікті өмірде экологиялық тұрғыдан дамуды қалайтын компаниялармен бірқатар сәтті кездесулер өткізілді.

Іс-шараға кез келген адам қатыса алады, оған қоса стихиялық қоқыс орындары пайда болған жерлер жайында хабар бере алады


5b70e146-63ff-48c5-be40-3ba91eedb1d3.jpg

Аталмыш бастамамен Almaty Marathon ұйымдастырушылары шыққан болатын. Мен үшін бұл маңызды болды, себебі жобамыздың идеясы осы марафоннан басталған еді. Біз балалармен Almaty Marathon-ға кеңседе, кейін «Нұрлы Тау» БО бойынша қалдықтарды бөліп жинау қағидасын енгізуге көмектестік. Бұл біз үшін үлкен жеңіс болды.


Жобаны қолдау жайында


Біз әртүрлі қалалық шараларға жиі қатысып, жобамыз туралы айтып жүреміз. Бірақ табиғатқа саналы түрде қарап, қалдықтарды азайта бастайтын, zero waste қағидасын ұстанып, пластикті қайта өңдеуге тапсыратын адамдар – ең үлкен қолдау болып табылады.

Жобамыз кеңге таралып кетуі үшін, біз экоэнтузиастармен таныса бастадық. Бұл экология сөзіне үлкен мән беретін адамдар. Біз әлеуметтік желілерде, әсіресе Instagram-да белсенділік танытамыз. Telegram желісінде жобаның чаты бар, сол жерде біз мүмкіндіктерімізді, идеяларымызды, жоспарлар мен жаңалықтарды талқылаймыз. Чат біздің қауымдастығымызға қосылуды қалайтын кез-келген адам үшін ашық.

Бұл әрекеттердің барлығы жемісін беріп жатыр, біз пластикті жинау каналын реттей алдық. Бұл біз үшін маңызды, себебі шикізаттың жетіспеушілігі өндіріс үшін үлкен қиындық туғызуы мүмкін. Бірақ қазіргі таңда бізді қоқысты сұрыптайтын және пластикті тапсыратын экобелсенділер қолдап жатыр. Біз олардың көрсетіп жатқан үлгілері үшін алғысымызды білдіреміз және осындай адамдардың одан да көбірек болғанын қалаймыз.


Жоспарлар жайында


Біз YouTube-каналымызды ашып, экологиялық өмір салтын, ҚБЖ қағидасын насихаттау мақсатымен бағдарламаларды түсіруді жоспарлаймыз. Бұл саладағы жобалар мен адамдар жайында әңгімелейміз, өмірге қажетті кеңестермен бөлісеміз. Қазірде бағдарламаның алғашқы он шығарылымын ойластырып жатырмыз, барлық экоқоғамды тартуды қалаймыз.

Шеберхана негізінде балаларға арналған ресайклинг мектебін ашу жоспары бар, соның негізінде біз олардың пластикті қайта өңдеу саласындағы сауаттылығын көтереміз. Пластикті санасыз түрде тұтыну және оның экологияға тигізетін әсері жаһандық мәселесі жайында айтамыз. Мектепте құрылғымызбен жұмыс істеу бойынша шеберлік кластар өткізіледі, біз оларды дәріс және машықтану бөлімдеріне бөлеміз. Бұның барлығы техникалық қауіпсіздігін сақтау мен қадағалау аясында өтеді. Жылдың соңына дейін 500-ден астам балаларды оқытамыз деп үміттенеміз. Саналы балалар – еліміздің экологиялық болашағы.

239ca2b8-7b74-441e-b512-885544ad182c.jpg

Біз табиғатты қорғауымыз керек. Жер жүзіндегі әрбір адам осыны түсінеді деп үміттенеміз, ал әзірге пластиктің көше бойында немесе жерде шашылып жатпауы үшін, оларды жинаймыз. Оны қайта өңдеуден өткіземіз және ұзақмерзімді қызметі үшін экономикаға қайтарамыз. Бізге Гётенің: «Алла кешіреді, адам кешіреді. Табиғат ештеңені кшірмейді» деген сөздері ұнайды. Осыны есте сақтап, болашақ ұрпаққа өмір сүруге жарайтын Жер планетасын қалдыруымыз қажет.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.