facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
qontrast-mektepte-muzyka-a-alay-ashy-bol-any-zh-ne-lemd-k-rt-stermen-b-rge-fit-zhazyp-zh-rgen-turaly
logo
Qontrast мектепте музыкаға қалай ғашық болғаны және әлемдік әртістермен бірге фит жазып жүргені туралы

29.08.2023

Qontrast мектепте музыкаға қалай ғашық болғаны және әлемдік әртістермен бірге фит жазып жүргені туралы

Qontrast — бірнеше жылдан бері музыкамен айналысып келе жатқан қазақстандық орындаушы. Ол музыкалық жолының қалай басталғанын, қазір не жазып жүргенін және жақын болашаққа қандай жоспарлары барын айтып берді. Толығырақ бүгінгі материалымызда.


Бахитжан Тохтамов, 28 жаста, қаласы — Алматы, музыкант, продюсер, @bahaqontrast

Бахитжан Т

Бәрі қалай басталды

Мен қазақстандық музыкант және продюсермін, Алматыда туып-өстім.

Музыкаға бесінші сыныпта оқып жүрген кезден бастап әуес болдым. Ол кезде барлығы алматылық рэп тобы — Ghetto Dogs-ты тыңдайтын, маған да олар қатты ұнайтын. Анамның Siemens ұялы телефонына ән жазып, тыңдайтынмын. Кейін немере ағам маған орыс рэпінің не екенін көрсетті, Лигалайза және «Многоточие» тобының шығармашылығымен таныстырды. Содан кейін мен шағын мәтіндер жазуға тырыстым және оларды достарыма көрсеттім.

2011 жылы ағам екеуміз дыбыс жазу студиясын ашуды армандадық. Сөйтіп біз ақша жинап, бұрын қолданыста болған заттарды алдық. Нәтижесінде студия ашып, бірге трек жаза бастадық. Бұл таза өз арамызда айтылатын рэп болатын.

Музыкаға бесінші сыныпта оқып жүрген кезден бастап әуес болдым

2014 жылы мен жеңілдік карталарын сату жөніндегі менеджер лауазымына тағылымдамадан өтуші болып жұмысқа орналастым. Сол жерде Мұхаммед @thelimba-мен таныстым. Ол ән айтып, гитарада ойнайтын, сөйтіп біз телефон алмастық. Кейінірек мен жұмыстан шығып кеттім де, алты ай өткенде біз бірлесіп трек жаздық. Qontrast деген атпен өнер көрсетеміз деп шештік. Ол ән айтты, мен рэп оқыдым — «Контраст» деген атау осылай пайда болды. Бізді көбіне ресейліктер тыңдады, өйткені біз керемет орыс музыкасын жасадық. Ол кезде ВКонтакте желісінде 5000 жазылушы жинадық, бұл біз үшін жақсы көрсеткіш еді.

2017 жылы біз тобымызды таратып, жеке мансап жолын бастадық. Мен Qontrast лақап атын сақтап қалдым, ал Мұхаммед жаңасын ойлап тапты. Топтан кетсек те, шығармашылықта бір-бірімізге қолдау көрсетіп жүрдік. Сол жылдары қазақ тыңдарманының көңілінен шыққан «Улыбайся», «Не моей» сияқты әндер шығардым. Содан кейін мені көбірек адамдар тыңдай бастады.

2020 жылы Мәскеуге көшіп келдім. The Limba және M'Dee-мен бірге тұрдым. Бір-бірімізге көмектесіп, сол кезде хайпта жүргендермен байланыста болдық. Мысалы, Rakhim-мен фит жасадық. Кейінірек Andro және Hiro-мен бірлескен «Гипноз» трегі шықты. Керемет жұмыстар көп болды. Менің жұмысыма Мәскеу ықпал етті деп айтуға болады.

Шығармашылық пен шабыт туралы

Менде нақты стиль жоқ. Маған соул, рэп, рок, поп ұнайды. Мен бәрін жақсы көремін және бәрін тыңдаймын, сондықтан әртүрлі тректер жазамын. Мен ән де айта аламын, рэп те оқи аламын.

Бахитжан Т

Музыканы әртүрлі жолмен жазамын. Бірақ бірнеше схема бар. Көбінесе олар маған дайын бит жібереді, мен оған вокал саламын: жай ғана түсініксіз нәрселер айтып, күңкілдеп жүремін, айқайлаймын. Сосын әннің сөзін жазамын. Немесе мен фристайлмен айналысамын — әуенді импровизациялаймын, дайын мәтінді үстіне қабаттастырамын. Ал кейде керемет ән естіп қалып, сол көңіл күйді жеткізгім келеді.

Әдемі әуеннен, бір жерден естіген әннен, біреудің тамаша туындысынан шабыт аламын. Жалпы, музыканы музыка шабыттандырады.

Мен өзіме сын көзбен қараймын. Бір-екі жыл бұрын жазған музыкам ұнамайды. Бірнеше жылдан кейін маған ұнамай қалмайтын, пайдалы әрі үнемі ұнайтын нәрсе жазғым келеді. Бірақ екінші жағынан, бұл мені тыныштандырады. Жыл сайын шығармашылығым өзгеріп отырады. Қателігіңді түсініп, соны қайта жасамауға тырысу даму болса керек.

Әндерімнің ішінде маған ең ұнайтыны: «Если летать высоко», Caravella, «Я знаю, как будет», «Температура». Сондай-ақ жақында Джиган және Blago White-пен бірлескен «Паутина» фиті шықты.

Ағымдағы іс-шаралар мен жоспарлары туралы

Қазір жаңа альбоммен айналысып жатырмын, ол күздің соңына дейін шығуы керек. Менің ойымша, бұл альбомдағы барлық трек стильді және олардың жаны бар.

Ақыл-кеңес

Бахитжан Т

Қашанда жұмыс процесінен ләззат алыңыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Топ 10 қазақша комедия
Топ 10 қазақша комедия
Интелликтуалды әзіл білгірлеріне арналған 20 ерекше комедия
Интелликтуалды әзіл білгірлеріне арналған 20 ерекше комедия
Сәнді көрінуге көмектесетін Қазақстандық 7 этникалық бренд
Сәнді көрінуге көмектесетін Қазақстандық 7 этникалық бренд
Достарыңызбен бірге фильмдер көруге арналған 8 платформа
Достарыңызбен бірге фильмдер көруге арналған 8 платформа
Қарым-қатынас, махаббат және берік отбасы туралы 10 кітап
Қарым-қатынас, махаббат және берік отбасы туралы 10 кітап