Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/8d4/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/8d4d51db9391b200b330abbdb10acad9.jpeg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

Люди WE

Профессионалы

Город 24

Возможности

Наши в мире

Созидатели

Семья

Экспаты

Не просто блогеры

Новые люди

Бизнес

Карьера

Специалисты

Предприниматели

Центральная Азия

Горожане

Алматы

Астана

Бишкек

Ташкент

Душанбе

Баку

Путешествия

Технологии

Стиль жизни

Искусство

Новости

Образование

Петропавлдық Алина Садуова АҚШ-қа қоныс аударуы, магистратурадағы оқуы және Amazon-дағы мансабы жайында
858

06.02.2023

Петропавлдық Алина Садуова АҚШ-қа қоныс аударуы, магистратурадағы оқуы және Amazon-дағы мансабы жайында

Қазақстандық Алина Садуова АҚШ-қа қоныс аударуы және Amazon-дағы мансабы жайында сыр бөлісті.

Алина Садуова, 25 лет, қаласы — Сиэтл, Amazon-да Software Engineer, @alinasaduova

443de0e5265eeac9fcab66285bdf0c8d.jpeg

Қоныс аударуы туралы

Мен Петропавлда туып-өстім. ҚТЛ-да оқыдым, кейін Назарбаев Университетіне оқуға түстім. Бакалавриатты бітірген соң Алматыда бір жыл жұмыс істеп, магистратураны жалғастыру мақсатында АҚШ-қа қоныс аудардым. Вашингтон университетінде информатика мамандығы бойынша грантта оқыдым.

AWS-те Software Engineer болып жұмыс істеп жүргеніме бір жыл болды, мұнда мен бағдарламаларды әзірлеумен айналысамын. Мен Сиэтлде тұрамын.

Жаңа өмірге бейімделуі және қиындықтары туралы

Негізгі қиындықтар — виза және құжаттармен байланысты барлық нәрсе. Мысалы, үнемі мекенжайыңызды жаңартып отыруыңыз керек, әйтпесе пошта сізге жетпей қалады. Тіпті АҚШ-тың өзінде жоғары бәсекелестік бар: әртүрлі елдерден келген адамдар көп.

Бастапқыда қаржылық қиындықтарға тап болдым. Жаңадан келген иммигранттардың несие тарихы болмайды, ал АҚШ-та жайлы өмір сүру үшін дәл осы нәрсе маңызды. Онсыз үйді жалға алу, карта ашу қиын. Бірте-бірте ақшаны дұрыс басқаруды үйрендім. Мен несие картасын мүмкіндігінше ертерек ашуды ұсынамын.

b091af1bda7b878e4ae7ac6831fa09f9.jpeg

АҚШ-та адамдардың әртүрлілігі мені таңғалдырды. Мұнда көптеген мәдениеттер бар, бірақ сонымен бірге барлығы бірге, үйлесімде өмір сүреді. Маған сондай-ақ барлық керемет Big Tech компанияларының осында құрылғаны ұнады. Көшеде серуендеп келе жатып, Amazon немесе Microsoft сияқты компаниялардың бас кеңселерін көру керемет сезім.

7389e452636413d758b59e7a8bd75b40.jpeg

Алғашында Орталық Азия қауымдастықтарының өкілдерімен қарым-қатынас орнатуым жаңа жерге бейімделуге көмектесті. Олардың арасында ниеттес достар табу оңай. Олар сондай-ақ тұрмыстық мәселелерді шешуге көмектеседі: SIM картасын қайдан сатып алуға болатынын немесе үйді қай аймақта жалға алған дұрыс екендігін айтады.

АҚШ-та жұмысты қалай іздеуге болады

Магистратурада бірінші курсты бітіргеннен кейін Oracle компаниясында тағылымдамадан өттім. Содан кейін дипломдық жұмысымды қорғап, бірнеше ай жұмыс іздеп жүрдім. Нәтижесінде Amazon және Microsoft компанияларынан ұсыныс түсіп, бірінші компанияны таңдадым.

624ca3094b87bf16093b565a4d625ca5.jpeg

Егер сіз АҚШ-та оқып жатсаңыз, сіздің университетіңіз басқалардан бір қадам алда тұрған жұмыстарды ұсынуы мүмкін. Мен Linkedin-тегі ашық бос жұмыс орындарын да қарадым, содан кейін тікелей компанияның сайтына кіріп, өтініш бердім. Маған өтініш осылайша тезірек жететін сияқты көрінді. Мен сондай-ақ үнемі достарымнан, таныстарымнан реферал сұрайтынмын.

Біліміңізді Leetcode бойынша толықтыруға кеңес беремін. Бұл — сұхбаттарда жиі сұралатын бағдарламалау тапсырмалары бар сайт. Сонымен өатар soft skills да маңызды — ойды жеткізе білу, өз идеяларыңды дұрыс ұсыну. Олар әрқашан көшбасшылық қабілеттеріңізді көрсетуге қажетті ситуациялық сұрақтар қояды.

Amazon-дағы жұмысы туралы

Amazon компаниясы Amazon Retail — онлайн-дүкен және Amazon Web Services — Cloud-сервис болып екіге бөлінген. Мен Traffic Engineering командасында жұмыс істеймін. Біз трафикті бақылауға және ресурстарымызды артық жүктемеден қорғауға тырысамыз.

Компанияда жұмыс істеудің ең маңызды ерекшелігі — Сustomer Satisfaction

Компанияда жұмыс істеудің ең маңызды ерекшелігі — Сustomer Satisfaction. Егер клиент қандай да бір проблемамен келсе, оны қанағаттандыру үшін қолдан келгенін жасау керек. Дәл осы үшін адамдар брендке сенеді.

Компания қызметкерлеріне интернет-дүкенде 10% жеңілдік береді. Көлікті жалға алуға немесе қонақүй бөлмесін жалға алуға жеңілдіктер бар. Оларды пайдалану үшін іссапарға барудың қажеті жоқ.

Қоныс аудару қалай әсер етті

3aa350659c527b54def3b34fd551d908.jpeg

Ең бірінші үйренгенім — біржақты пікірдің жоқтығы. Мұнда әртүрлі адамдарға, мәдениеттерге ашық боласыз. Сондай-ақ жауапкершілікті және жақындарыммен өткізген уақытты бағалауды да үйрендім.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу