Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Атырау тұрғындарының 13 белгісі
33083

26.11.2016

Атырау тұрғындарының 13 белгісі

Атырау тұрғындарының 13 белгісі

1. Атыраулықтар Батыс Қазақстанның басқа да тұрғындары секілді тік мінезді және ашық келеді.


2. Өзге өңірлерден қонақ келгенде атыраулық үй бикелері ақ серке мен қызыл балықтан бешбармақ әзірлейді. Бұл тағамды «фишбармақ» деп атауға да болады.


3. Атыраулық тұрғындар сырт келбетімен де ерекшеленеді. Адамдарының негізгі сипаты: бет терісі тегіс, ірі тұрпатты, жақ сүйегі онша шығыңқы емес және қараторы.


4. Атыраулықтар өздерінің үлпілдеген бауырсақтарымен мақтана алады.


5. Тек Атырауда ғана емес, батыс өңірінің бәрінде халық консервативті болып келеді. Бұл жақта үлкенге құрмет аса жоғары деңгейде сақталған.


6. Бұрын мұнда той кезінде алдымен ыстық тағамдар – мәнті, палау, балық ұсынылып, кейін тәттілер толы шәй дастарқаны жайылатын. Содан соң үстелге бешбармақ қойылатын еді. Ал қазір тұрғындар бұл дәстүрден ауытқи бастаған.


7. Атыраулықтар қонақ күтуде алдына жан салмайды және әрдайым бай дастарқанымен қуантады.


8. Атыраудан орыс тілділерді сирек кездестіресіз, себебі, мұндағы халықтың көп бөлігі тек қазақша сөйлейді.


9. Сәуірдің ортасы мен маусымның аяғына дейін Атырауда маса өте көп болады. Егерде жел теңіз жақтан соқса, онда бұлар тіптен көбейе түседі.


10. Атыраулықтар өз қаласының Қазақстандағы мұнай мен газдың астанасы саналатынын мақтан тұтады.

11. Еліміздің батысындағы басқа да қалалардағы сияқты Атырауда да «көрісу айт» мейрамы сақталған. Бұл күні тұрғындар бір-бірінің үйіне қонаққа барып, үлкендердің халін сұрап, батасын алады. Қыстан аман шыққан жұртты құттықтап, ерекше ықыласпен қонақ күтеді.


12. Атырауда қыз бала тұрмысқа шыққанда күйеу жігіттен қалың мал талап етілмейді.


13. Атырауда кейде табиғи тары қосылып дайындалған дәмді әрі пайдалы шәй ішуге болады.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу