Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Айына 200 000 теңгеден аса табыс табатын мамандық өкілдері
9665

19.08.2017

Айына 200 000 теңгеден аса табыс табатын мамандық өкілдері

Алексей Бандышев, 59 жаста, жұмыс өтілі — 43 жыл, төмен қысымды полиэтиленнен құбыр жасайтын өндірістің меңгерушісі


Орташа айлық табысы — 230 000 теңге

IMG_4171.jpg

Өндіріс меңгерушісі лауазымында екі жылдай жұмыс атқарудамын, ал еңбек жолым 1974 жылдан басталған болатын. Мен диплом бойынша мамандығым дәнекерлеуші, өмір бойы осы кәсіппен айналасудамын. Осы ұйымға дәнекерлеуші болып келгенмін, содан кейін маған – өндіріс меңгерушісінің лауазымын ұсынды. Мен осының бәрінің қалай өндіріліп, жасалатынын білу үшін Ресейге барып келдім. Содан кейін біз жұмысшыларды алып, осы құбырды өзіміз жасай бастадық.

Кеңес кезеңінде барлығы жоғары білім алуға ұмтылатын.


Мен жұмысшы адамдардың отбасында тәрбиелендім


IMG_4154.jpg

Дегенмен, менде білім алуға мүмкіндік болды. Училищені үздікке бітіргеннен кейін оқуды институтта жалғастыру мүмкіндігі болды. Бірақ менің жұмыс істеп, елімізге пайдамды тигізгім келді. Сол кезде оқуды жалғастыруда керек па еді кім біледі.

Қазір мен басшылық лауазымын атқарудамын, себебі менің жұмыс тәжірибем өте үлкен. Құбырды шығару үдерісінің өзі – бұл тұтас цикл. Осы желіден басқа тағы бір құбырдың басқа түрін шығару бойынша екінші желіні ашу жоспарлануда. Бұл өте қызық, өйткені осының бәрін бізге басқа жақтан әкеледі, ал бұл жерде біз үйреніп, бүге-шүгесіне дейін зерделейміз.

Бізде сегіз сағаттық жұмыс күні, екі демалыс күні бар . Үлкен тапсырыстар немесе шұғыл қажет болған кездерде біз демалыс күндері де жұмыс істейміз, бірақ ол екі есе төленеді.



Арсен Алпысбаев, 39 жаста, жұмыс өтілі — 12 жыл, жөндеу жұмыстары

Орташа айлық табысы — 200 000 теңгеден жоғары

Менің жоғары азаматтық білімім бар, ал орта білімім – әскери, бірақ қазіргі уақытта біз пәтерлерге толық жөндеу жұмыстарын жүргізумен айналысамыз. Апаттан кейін әскери қызметке қайта орала алмадым, сөйтіп табыстың басқа көзін іздеу керек болды. Менің әкем құрылысшы болғандықтан осы жұмыс саласын таңдадым.


Жұмыс кестеміз реттелмеген, себебі тапсырыс болған кезде біз тәулік бойы да жұмыс істей береміз


Менде басқа салаға кету мүмкіндігі бар, бірақ қазір айналысып жатқан ісім өзіме ұнайды, сондықтан ол туралы әлі ойланбадым.


Жасұлан Саманов, 35 жаста, жұмыс өтілі — 18 жыл, корпустық, жұмсақ және орнатылатын жиһазбен, тұрмыстық техниканы орнатумен, ұсақ жөндеу жұмыстарымен, сантехникалық жұмыстардың барлық түрлерімен байланысты қызметтер ұсынады

Орташа айлық табысы — 600 000-нан 1 000 000 теңгеге дейін

DSC_3112.jpg

Менің жоғары білімім бар. Мамандығым «Жоғары оқу орындарындағы құқық және экономика негіздері пәнінің мұғалімі», бакалавр.

Кейде клиенттерге бір нәрсе жасау үшін барасың, ал адамдар: «Сіз мынаны жасай аласыз ба?» - деп сұрайды, мен жасай аламын деймін. Содан кейін ақпарат алмасу басталады. Менің клиенттерімнің жартысы алдыңғыларының кеңестерімен жүгінгендер, клиенттік база ұдайы өсуде.

Мен ірі шетелдік компанияның маркетинг пен өткізу бөлімінде жеті жылдан аса жұмыс істедім. Осы компанияның топ-менеджменті болдым. Бастапқыда, мектепте оқып жүргенде менің сәулетші болғым келген, бірақ криминогендік жағдайға байланысты туған қаламда оқуыма рұқсат бермеді. Басқа қалаларда сәулет өнері бойынша лайықты оқу орындары болмады, сондықтан мұғалімдікке бет бұрдым. Бітіргеннен кейін мен шетелдік компаниямен өткізілген байқауға қатыстым. Уақыт өте келе мен іссапаралардан шаршай батадым, осы салада ұзақ жылдар жұмыс істегендіктен мен Астананың нарығын зерделей бастадым. Мен өзім сияқты өз істерінің шеберлері тапшы екендігін түсіндім, бізге сұраныс өте жоғары. Мен осы орынды басуға шешім қабылдадым. Менде ғылыми тәсіл болды. Маркетинг бөлімінде өмір бойы үйренгенімді мен тәжірибеде қолдандым.

DSC_3104.jpg

Мен ағаш ұстасына немесе электрикке оқымадым, тек есімде қалғаны кішкентай кезімнен бастап мен өз ойыншықтарымды өзім жасайтынмын. Маған сатып алған ойыншықтармен ойнау қызықсыз болды, ой-өрісім мен қиялым өте дамыған еді, соған сәйкес мен бірнәрсені жетілдіріп, күшейткім келетін.


Үйде жалғыз бала болып өскендіктен және біз ауылды жерде тұрғанымыздықтан үй шаруасындағы жұмыстардың барлығы менің мойныма артылған еді


Моншаны, қораны өзім салдым. Сол уақыттарда қазір менде бар осындай құрылыс материалдары, жабдықтар болмаса да ақырындап үйрене бастадым. Ең бастысы, өз жұмысым маған ұнайды, мен одан ләззат аламын, бұл кеңсе жұмысы емес. Күн сайын мені әр түрлі қиындықтар, мен шеше алатын әр түрлі тапсырмалар күтіп тұрады.

Мен немістер сияқты өте тақуамын және ұқыптымын. Мені достарым «неміс» деп атайды. Егер мен белгілі бір уақытты белгілесем, мен сол уақытта келемін. Адамдар ұқыптылықты, мұқияттылық пен нақтылықты бағалайды. Әрине, менің қызметтерім арзан емес. Астананың нарығында мен осы саладағы жоғары төленетін мамандардың бірімін. Мен кез-келген уақытта хабарласып шақырта алатын сауда орталықтарына, ресторандарға, қонақ үйлерге тұрақты түрде қызмет көрсетемін.

DSC_3074.jpg

Жұмыс уақытым кейде 14, ал кейде 16 сағатқа дейін созылады. Мен осы бизнесті 2,5-3 жыл бұрын бастай бастаған кезде жарты жылдан кейін менде мүлдем демалыс болмайтынын күтпеген едім. Әсіресе демалыс күндері жұмыс өте көп, өйткені адамдар үй шаруаларын тезірек бітіргісі келеді. Әр күн мен үшін – дүйсенбі, ал демалыс күндері – керемет дүйсенбі.

Қолымда күшім мен мүмкіндіктерім бар кезде қимылдау керек. Зейнетақыға шықанда отырып, демалармыз, дегенмен зейнетке шыққанда да қол қусырып отыруым екі талай. Мен кеңседе отыратын планктон емеспін, бір орнымда отыра алмаймын, маған ұдайы бірнәрсемен айналысу, ойластыру керек.


Меню

Істер

Қала 24

Шолу