Мұнда қазір лифт құрастыратын зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Қуаттылығы жылына 700 жеделсаты шығаруға жететін кәсіпорын алдағы наурыз айында іске қосылмақ. Жалпы аумағы 400 гектар болатын индуриялы аймақ өңірдің дамуына серпін береді деген сенім бар. Себебі Қостанай географиялық жағынан қолайлы жерде орналасқан. Ресейдің облыстарын қоса есептегенде, радиусы мың шақырым аумақта 25 млннан астам тұрғын тұрады. «Қазірдің өзінде Ресей, Польша, Қытай инвесторлары қаржы салуға ынта білдіріп отыр», – дейді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов. Өндірістік алаң шеңберінде «еркін экономикалық аймақ құру» мәселесі де күн тәртібінде тұр.
Дерек көзі: 24.kz