facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
ortaly-aziyada-y-e-zyn-k-p-r-oralda-y-o-ushylar-sarayy-aza-stan-alalarynda-y-10-zha-a-nysan
logo
Орталық Азиядағы ең ұзын көпір, Оралдағы Оқушылар сарайы: Қазақстан қалаларындағы 10 жаңа нысан
Таңғажайып Қазақстан

14.01.2017

Орталық Азиядағы ең ұзын көпір, Оралдағы Оқушылар сарайы: Қазақстан қалаларындағы 10 жаңа нысан

Астана мен Алматыда толып тұрған құрылыстардан бөлек, БІЗ Қазақстанның басқа да қалалары қандай ірі құрылыстарымен мақтанатынын еске түсіруді ұйғардық.



Не салынуда



Қостанайда Kostanay Plaza


Сауда ойын-сауық орталығы Қостанайдың солтүстік-батысында салынып жатыр. Ол жаңа «Алтын Арман» шағын ауданына тиіп тұр. Ғимараттың қаңқасы дайын. Қазір ішінде әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Белгіленген ашылу мерзімі – 2017 жылдың тамызы. Kostanay Plaza екі қабаттан тұрады. Мұнда қазіргі таңда Қостанайда баламасы жоқ гипермаркет, фуд-корт, заманауи сән индустриясының тауарлары, тұрмыстық техника дүкені мен балаларға арналған ойын-сауық паркі болады. Сауда ойын-сауық орталығында 600-ден астам көлік сыятын үлкен көлік тұрағы да болады.


дереккөз: kstnews.kz


Қарағандыда Геннадий Головкин атындағы спорт кешені


гловкин.JPEG

дереккөз: today.kz


Кешен дене шынықтыру-сауықтыру сабақтарын беретін ұйымдарға арналған. Барлық залдар мен секциялар тегін жұмыс істейтін болады. Жоба спорт залдары, хауыз, бокс және ауыр атлетика залы, екі футбол алаңын қарастырған. Жаңа спорт нысанын ашу 2017 жылдың көктеміне жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда ғимарат ішінде әрлеу жұмыстары жүргізіліп, айналасын абаттандыру аяқталып қалды. Әрлеу бойынша ішкі жұмыстар бітті және екі футбол алаңы құрылды.

дереккөз: inform.kz


«Адия», Шымкенттегі ең үлкен тұрғын үй кешені


адия.jpg

дереккөз: inform.kz


Үлкен құрылыс Шымкентте кезекте тұрғандарды үймен қамтамасыз етеді. Мұнда жалпы көлемі 98 000 шаршы метрді құрайтын 1112 пәтер болады. «Тұран» шағын ауданындағы тұрғын үйден 150 бір бөлмелі, 110 екі, 235 үш бөлмелі пәтерлер тапсырылады. Төбесінің биіктігі — үш метр.

Нысанда «Қазақстанда жасалған» белгісінің құрылыс материалдары қолданылуда. Ішіндегі өзгесі — жылытқыш қазандықтары. Олар Германиядан әкелінген және әр пәтерге жеке қондырылатын болады. Баспананың бір шаршы метрінің өз бағасы 131 мың теңгені құрайды. Оны шаршы мертіне 170 мың теңгеге сатып алуға болады.

дереккөз: otyrar.kz


Таразда Taraz Mall


тараз.jpg

дереккөз: kr2b.com


Ортасында 635 көлікке есептелген жерасты және жерүсті көлік тұрағы көзделген. Келушілер үшін сауда залдары, мұз айдыны, кинотеатрлар, хауыз, мейрамханалар, боулинг, бильярд, спорт кешені, балалар ойын алаңдары, SPA-салондары, конференц-залдар мен қонақ үй нөмірлері ашылады. «Ежелгі Тараз» археологиялық саябағына жақын орналасқан жаңа нысанның дизайны ежелгі дәуірдің стилінде ойластырылған. Орталық тәулігіне 5000 адамды қабылдай алады. Қазақстанда еш теңдесі жоқ Taraz Mall СОСО Жамбыл облысы халқының және өзге де аймақтардың ғана емес, шетелдік туристердің де сұранысына ие болады. Жаңа сауда ойын-сауық орталығы 1000 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етеді.

дереккөз: inform.kz


Семейде Назарбаев Зияткерлік мектебі


ниш в семей.jpeg

дереккөз: construction.bi-group.kz


Семейде физика-математика бағытындағы жаңа Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды. 2017 жылдың басында-ақ, оқушылар Қарағайлы шағын ауданындағы жаңа кешендегі сабақтарын бастайды. Көлемі 6 гектар оқу ордасында 720 орын бар, 120 жатын орны бар ғимаратпен қоса санағанда жалпы 24 000 шаршы метр жерді алып жатыр. Кешенде толықтай жабдықталған спорт алаңдары — стандартты футбол алаңдары, баскетбол және волейбол алаңы, хоккей мұз айдыны мен теннис корты бар.

Оқу ғимараты негізгілері әкімшілік, химия-биологиялық, физика-математикалық, тілдік және әмбебап блоктар болып табылатын 14 блокка бөлінген. Мектепте инновациялық құрал-жабдықтар, 3D-принтер, арнайы жабдықталған қыш, ағаш және препарат шеберханалары бар. Сондай-ақ, оқушылар арнайы телестудияда жаңалықтар мен бағдарламалар жүргізе алады. Жетілдірілген оқу сыныптары мен кеңейтілген медиатекасы бар жайлы кітапхана оқушыларға қолайлы жағдайда білім алуға мүмкіндік береді.

дереккөз: construction.bi-group.kz



Не ашылды



Павлодардағы Ертіс өзеніндегі көпір


мост в павлодаре.JPG

дереккөз: construction.bi-group.kz


Жаңа су жолы көлік қатынасы — Қазақстанның орталық бөлігі мен Ресейдің көрші аймақтарын байланыстарын Астана, Павлодар, Семей, Өскемен арқылы өтетін «Орталық-Шығыс» бағдарының транзиттік дамуы бойынша ауқымды республикалық жобаның бөлігі.


2013 жылдан бері өзен алқабы арқылы өтетін жаңа төрт жолақты автожолдың 12,3 километрі салынды, оның 3,2 шақырымы — жер бетіне көтерілген төсемелі жол. Осылайша, көпір Орталық Азияда ең ұзын болды.


Көпір Павлодар арқылы айналатын қалааралық және халықаралық автокөлік жүк тасымалының 40 километр жолын үнемдеуге мүмкіндік береді. Көпір тәулігіне 7000 автокөлікке дейін өткізе алады.

дереккөз: construction.bi-group.kz


Шымкенттегі Shymkent Plaza


шым плаза.jpg


Желтоқсан айында Шымкентте қала орталығындағы ең үлкен сауда ойын-сауық орталығының ашылу салтанаты болып өтті. Shymkent Plaza — аумағы 48 400 шаршы мертді құрайтын халықаралық деңгейдегі сауда орталығы. Кешен уақыт пен шопингті жайлы өткізу үшін салынған. Ол дәстүрлі мәдени оқиғалар мен қалалықтардың бұқаралық серуен орны — Шанин атындағы облыстық драма ттеатрына қарама-қарсы Әл-Фараби алаңында тұрғызылған.


Shymkent Plaza жайында толығырақ мына жерден оқи аласыз: http://weproject.kz/articles/detail/kogda-i-gde-otkroetsya-samiy-bolshoy-v-shimkente-torgovo-razvlekatelniy-tsentr/


Ақтөбедегі С. Баишев атындағы университет базасында технологиялық парк


Технопарктің көмегімен Ақтөбе облысының өнеркәсібіне жергілікті ғалымдардың жаңа ғылыми зерттеулері енгізілетін болады. Технопарк инжинирингтік, кеңес беру және талдау қызметтерін таныстыратын индустриалды-инновациялық жобаларды іріктеп, жасап шығарады. Сонымен қатар технопарк ғалымдарға индустриалды-инновациялық жобаларды ілгерілетуге көмектеседі. Мұнда индустриалды-инновациялық жобалардың ғылыми-техникалық, технологиялық, экономикалық, маркетингтік сараптамалары, зияткерлік меншік құқығын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілетін болады.

дереккөз: kapital.kz


Атыраудағы Теннис орталығы


Жаңа Теннис орталығы халықаралық стандарттар бойынша салынған және мұнда қатты төсемді сегіз корт бар, олардың төртеуі — жабық, біреуінде жарыс өткізуге арналған 300 адамдық трибуна бар. Орталықтың аумағында дәмхана, екі коференц-залы, жаттығу залдары, душ бөлмелері, медициналық пункт, киінетін бөлмелер, нұсқаушылар кабинеттері, акт залы мен басқа да орындар орналасқан.

дереккөз: kazpravda.kz


Оралдағы Оқушылар сарайы


дворец школы в уральске.jpg

дереккөз: uralskweek.kz

Оқушылар сарайында бәрі балалардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған: балаларды тек физикалық тұрғыда ғана емес, шығармашылық жағынан да дамытуға мүмкіндік беретін кітапхана, зертханалар, көрме және концерт залдары, асхана, жеңіл атлетика залы, мұз айдыны, планетарий, обсерватория, хауыз және сансыз үйірмелер бар. Ғимараттардың бірі — Данияр Елеусіновтің құрметіне аталған Бокс орталығы.


Сарайдың жалпы аумағы 16 000 шаршы метрден асады. Жер телімінің өзі екі гектарға жуық жерді алып жатыр.

дереккөз: sports.kz

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.