facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
organikaly-sharap-almalar-zh-ne-k-rpeler-almatyda-d-st-rl-nd-r-st-alay-zha-yrtady
logo
Органикалық шарап, алмалар және көрпелер – Алматыда дәстүрлі өндірісті қалай жаңғыртады

07.07.2019

Органикалық шарап, алмалар және көрпелер – Алматыда дәстүрлі өндірісті қалай жаңғыртады

Ернар Бали, 34 жаста, туған қаласы — Алматы, Chateau Karakemer органикалық шарап брендінің дамыту жөніндегі директоры


604E25CB-B4A1-4F13-920A-61B68D4A2042.jpeg


Компаниясы жайында


Лондонда оқыған кезде, табиғи өнімдердің сөрелерінде тұратын азық-түліктердің бағалары әлдеқайда жоғары болатынын жиі байқайтын едім. Бұл Қазақстанда жеке органикалық өндірісті ашу идеясын тудырды.

Chateau Karakemer органикалық шараптың бренді қызметін 2007 жылы Қаракемер ауылында бастады. 2003 жылы біз Мерло, Каберне Совиньон, Каберне Фран және Францияның оңтүстігіндегі Лангедок аумағынан Фер-Сервада – төрт сұрыбы бар жүзімнің 100 000 көшеттерін алып келдік.

Біз бизнесімізді Suolo e Salute шетелдік серіктесімізбен жүргізе бастадық, бұл органикалық шарапшылықты өндіру және сертификациялау бойынша жұмыс істейтін итальяндық компания. Сол кезде біз органикалық өндіріспен айналыса бастаған алғашқылардың бірі болдық.

Бізде жеке жүзім алқабы және шарапшылық зауыты бар, сол себепті өндіріс пен өңдеудің барлық циклі өзіміздің күшімізбен жүзеге асады. Тұрақты штатта 10-12 адам бар, ал маусым бойынша өнімді жинау үшін 30-35 жалдамалы қызметкерлер жұмыс істейді.


Кәсібінің ерекшеліктері жайында


КСРО кезінде Алматы облысында әртүрлі сұрыптағы жүзім алқаптары көп болатын, бірақ құрғақ заң аясында оларды жаппай жоя бастады. Біздің компания – Қазақстанда жүзім шаруашылығын жаңғыртумен айналысатын бір де бір компания.

Біз басқа импорттық өнімдерге қарағанда отандық органикалық шараптың өте жақсы сапасын ұсынамыз. Біздің тауар органикалық өндіріс пен сапаны бақылау халықаралық сертификатына ие.

Шарапшылық – ұзақ уақытқа бағытталған, келешегі бар кәсіп


Шарапшылық – ұзақ уақытқа бағытталған, келешегі бар кәсіп. Бұл салада бірінші жылы пайда табу мүмкін емес, себебі өзіндік нюанстары бар.


Алматы жайында


Алматы – мәдени, серпінді, заманауи қала. Қазақстандағы алғашқы метро, Көк-Төбе арқанды жол және әйгілі телемұнара осында пайда болды. Қала әрдайым жаңашылдыққа ашық болып, жақсы бағытта дамиды.

4B2D7E79-8AA1-4B82-83C7-021D7994D480.jpeg

Сүйкті жерлерім – көшелердегі кофеханалар, саябақтар және жұмыс күндердің өзінде баруға болатын таулар. Мен Ботаникалық саябақта, ескі қаланың көшелерінде серуендеуді ұнатамын.

Алматылықтар – тәжірибелі, жұмысбасты болса да, демалыс пен жұмыс уақытын дұрыс үлестіре білетін және соған рахаттана алатын халық.

Алматылықтар қиындықтар мен үлкен бәсекелестікке қарамастан, позитивті күйде жүреді. Әрбір алматылық өзін әлемдік астаналардың тұрғындарына ұқсатады.


Жоспарлары жайында


Шарап бизнесінен бөлек, келешекте тағы бірнеше бағыттарды дамытуды қалаймын – бұл экотуризм және жүзім шырынның негізінде авторлық немесе крафт сусындарының өндірісі. Сонымен қатар біз red wine spritz және kir royal rouge сияқты қызыл шараптың негізінде жасалатын бірегей коктейльдері ұсынылатын бірнеше шарап дүкендерін ашуды жоспарлап жатырмыз.


Шакенов Өмір, 33 жаста, Аягөз ауданы, Баршатас ауылы, кәсіпкер


80B6D559-7105-4E84-A77B-998CE5CEE725.jpeg


Компаниясы жайында


Мен 2015 жылы Астанадан Алматыға оралдым. Біраз қаржы жинап, оны қайда құюға болатыны жайында ойланып жүрдім. Айбол Құдіретбаев досыммен кездестім және ол 0,8 га алма бағын сатып алуды ұсынды. Біз бұл бизнеске ақша құйып, бір жарым жылдан кейін құйған қаржымыздың орнын толтырдық.

Moonlife Farm компаниясы 2017 жылдан бері Сиверс тұқымындағы экологиялық таза алмаларды өсірумен айналысады. Біз үшінші маусым қатарынан клиенттерімізге ең жақсы алмаларды ұсынуға тырысамыз.

Тұрақты штатта мен және серіктесім екеуміз жұмыс істейміз. Өнімді жинаған кезде, қызметкерлерді жалдаймыз. Өнімді жинап, саралауға шамамен 20-25 адам көмектеседі.

ED533562-F762-4079-805A-29BDC1BBA2E1.jpeg


Кәсібінің ерекшеліктері жайында


Біз бақ шаруашылығының саласын, нарығын зерттедік. Алма ағаштарын қалай бағу керек екенін білдік: суарып, кесіп, жемістерін дәрі-дәрмектермен тыңайтып, қорғау керек.

Бизнестің ерекшелігі – біз Сиверс тұқымының алмаларын өсірумен айналысамыз, олар ДНҚ зерттеулеріне сәйкес,үй алмасының көптеген заманауи сұрыптарының негізін салады. Бұдан бөлек, біз кәсібімізді отбасылық ретінде санаймыз, серіктесім ағам сияқты, ал өнімді жинау кезінде туыстарымыз көмектеседі.

Алмаларды өсіріп, Алматыдағы дәстүрлі өндірісті жаңғырту – пайдалы іс


Алмаларды өсіріп, Алматыдағы дәстүрлі өндірісті жаңғырту – пайдалы іс. Адамдардың көбісі жергілікті өндірістегі табиғи өнімдерді тұтынуды жөн көреді. Қазірде Қазақстандағы азық-түліктер нарығының 70 % импорттық өнімдерден тұрады, бірақ жыл сайын бұл көрсеткіш азайып барады.

Табиғи алмаларға деген жақсы сұраныс саламызда жоғары бәсекелестікті тудырады. Біз бәсекелестерге қарағанда клиенттерге жақынырақ болуға тырысамыз. Өнімімізді әлеуметтік желілер арқылы сатып, қалай жұмыс істейтінімізді көрсетіп, айтуға дайынбыз.

5A561866-7A74-4E42-A5DC-4FC94D9DF366.jpeg


Қала жайында


Алматы – көрікті жерлері көп әдемі және жасыл қала. Бұл жергілікті және шетелдік туристер үшін мемлекетіміздегі ең тартымды қала.

Қаладағы сүйікті жерім – Көк-Төбе, сол жерден қалаға және таулардың шыңдарына деген керемет көрініс ашылады.

Алматылықтар – жақсы іскерлік кабілеттері бар жылы және көпшіл адамдар.


Жоспарлары жайында


Биыл өнімді өткізудің көлемін кеңейтуді, Қарағандыда немесе Астанада қоймаларды ашқымыз келеді. Еліміздің әрбір тұрғыны табиғи қазақстандық алмаларды алу мүмкіндігіне ие болғанын қалаймыз.


Дана Рыскелді, 26 жаста, туған қаласы — Алматы, қызмет көрсету жөніндегі менеджер


13EDEF68-E9E1-439D-A0B9-70EFC74C8900.jpeg


Компаниясы жайында


Бірнеше жыл бұрын менің тәтем дәстүрлі қазақ ою-өрнектері бар көрпелерді тігумен айналыса бастады. Мен оған кәсібін дамытумен, клиенттерді тауып, өнімдерді сатумен көмектесемін.

Біздің кәсібіміз – тәтемнің кішкентай кезінен айналысып жатқан ерекше өнер. Көрпелерді тігу бойынша бар білімін өз анасынан алған. Сонымен қатар бұл отбасылық кәсіп, бұның арқасында біз отбасылық салт-дәстүрлерімізді қолдауға тырысамыз.

Бір көрпе шамамен 10 000 — 15 000 теңге тұрады. Біз жеке тапсырыстарды аламыз, клиенттердің дизайны бойынша тігеміз, бірақ негізінен адамдар шебердің талғамына сенім білдіреді. Тігу процесі бес-жеті күнге созылады. Үш-бес күнді қамтитын тігудің жеделдетілген жолы да бар.


Кәсіптің ерекшеліктері жайында


Бұл интернетте жазыла бермейтін бірегей қолөнер. Барлық ақпаратты тәжірибе жүзінде алуға тура келеді, себебі барлық тапсырыстар бір техника бойынша жасалмайды.

Біз КСРО кезінде танымал болған алматылық тоқыманы жаңғыртуға тырысып жатырмыз


Біз КСРО кезінде танымал болған алматылық тоқыманы жаңғыртуға тырысып жатырмыз. Қазірде адамдар қолмен жасалған заттардың құндылығын ұғына бастады.

Өнімдерімізге деген сұраныс бар және ол күн сайын өсіп жатыр. Үй тоқыманың нарығы енді дамып келеді, сол себепті бұндай кәсіптің келешегі бар.

D3EFEF9F-8073-4551-8C49-7C4D89FBA4A6.jpeg

Дегенмен тез түсетін пайданы күтпеген жөн, себебі қазақстандық тоқыманы еліміздің табысты брендіне айналдыруға болатынын барлығы түсіне қойған жоқ. Аталмыш сала кеңге таралу үшін уақыт керек.


Қала жайында


Алматы – бай тарихқа және жас жандарға ие керемет қала, себебі еліміздің ең ірі оқу орындары Алматыда орналасқан.

Маған 28 Панфиловшылар саябағында уақыт өткізіп, қала орталығындағы саябақта серуендеу ұнайды, себебі бұл әрқашан таза және басқа саябақтардағыдай адамдары көп бола бермейтін жерлер.

Алматылықтар — қиын жағдайда әрқашан көмектесуге дайын тұратын қонақжай халық.


Жоспарлар жайында


Дәстүрлі қолөнерді дамытуға септігімді тигізу және тәтеме бұған оқытатын мини-орталықты ашуға көмектесу.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.