Жанат Бекмағамбетов, 41 жаста, Қазақ ұлттық мәдени орталығының Президенті, «Жас Жұбайлар» алғашқы шығыс журналының директоры
Роза Бекмағамбетова, 41 жаста, «Роза» мерекелік агенттігінің жетекшісі
Жанат. Мен Омбы облысында Омбы қаласынан 50 км жерде орналасқан Любино-Малороссы ауылында тудым.
Роза. Мен де байырғы омбылықпын.
Жанат. 25 жыл бұрын Жүнісов Анарбек Байыскенұлы «Қазақ ұлттық-мәдени автономия» Омбы аймақтық қоғамдық ұйымының жетекшісі атанды. Сол кісінің арқасында Омбыда қазақ мәдениетін кеңге тарату мақсатымен алғашқы концерттер, іс-шаралар ұйымдастырыла бастады.
Роза. 2014 жылдың 22 қаңтарында «Қазақ ұлттық-мәдени орталығы» құрылды. Ал 2015 жылдың 2 қазан айында Жанат бұл орталықтың Президенті атанды.
Жанат. Біздің қауымдастық Омбы облысында қазақ мәдениетін дамытып, қазақ мектептерін ашу мақсатымен құрылды. 2015 жылы «Ақ киіз үй» алғашқы қазақ мектебі ашылды, 2016 жылы екінші мектеп ашылды. Жалпы, Омбы қаласында алты мектеп және Омбы облысында алты мектеп ашылады.
Әрбір мектептің өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы, бірінші мектепте домбыра ойнауды үйрететін мықты ұстаз, «Аманат» Халық студиясының жетекшісі – Асылбек Айтымов жұмыс істейді. Екінші мектепте фотографшылар мен дизайнерлердің үйірмесі болады, оларға Ресейдің еңбек сіңірген дизайнері Денис Астанин сабақ береді.
Роза. Сонымен қатар біз Роза Рымбаева, Қайрат Нұртас және тағы басқа қазақстандық әртістердің концерттерін ұйымдастырумен айналысамыз.
Біздің орталық Елшіліктің қолдауымен жұмыс істейді, олар негізінен оқу материалдарымен көмектеседі, қаржылай қолдау көрсете алмайды, себебі біз Ресей елінің азаматтары болып табыламыз.
Жақын арадағы уақыттан бастап Жанаттың бастамасының арқасында орталығымыздың қазақ тілі мұғалімдері жалақыны Омбы облысының Білім беру министрлігінен алатын болды. 2015 жылы Жанат және орталығымыздың қазақ тілі мұғалімі Еркебұлан Мұхамеджанов айтарлық мақсатқа қол жеткізді: енді Омбы Мемлекеттік педагогикалық университетінің «Шығыс тілдері» кафедрасында қазақ және ағылшын тілі, қазақ және қытай тілі мұғалімдерін дайындайды. Аталмыш мамандықтардың түлектеріне мемлекеттік үлгідегі дипломдар табыс етіледі.
Жанат. Біздің орталығымызда алты орынбасар және 40-тан астам белсенділер бар. Қазіргі таңда Омбы қаласында және Омбы облысында шамамен 100 000 қазақ тұрады. Біз кез-келген себептер бойынша кездесулер ұйымдастырамыз, ал себептер өте көп. Мысалы, Қазақстаннан шыққан достардың кездесуі: форумдар, симпозиумдар, Ресейдің басқа аймақтарындағы Қазақ қауымдары Көшбасшыларының кездесулері, Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет Министрліктерінің қолдауымен өтетін форумдар. Туған күндер де кездесуіміздің себебі болып табылады. Басқа қалалардағы достарымыз өздеріне жиі шақырады. Өткен жылдың 16 желтоқсанында бізді Булаев қаласына шақырды, сол жерде Тәуелсіздің күніне орай «Низкоцен» супермаркетінің ашылуы өтті.
«Жаке және Роза» мультсериалын бітіретін мықты мульпликаторлардың командасын жинауды қалаймыз. Бұл қазақ тілі мен мәдениетін оқуға көмектеседі.
Орталығымыздың белсенді мүшесі болуы үшін, түйіндемені almaz-bekov@mail.ru поштасына жіберу керек.