facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
nsh-plecto-z-shy-armashyly-y-men-bolasha-zhosparlary-turaly
logo
Әнші Plecto өз шығармашылығы мен болашақ жоспарлары туралы

15.05.2024

Әнші Plecto өз шығармашылығы мен болашақ жоспарлары туралы

Қазір TikTok-та танымал болып келе жатқан әртістердің бірі — Plecto. Ол ерекше стилімен көпшіліктің назарын өзіне аударды. Қарымсаков Санжар Асқарұлымен қызықты сұхбатымызды қабыл алыңыздар.

Санжар Қарымсаков, Астана қаласы, әнші, @plectogram

Өз шығармашылығы мен жоспарлары туралы

Шығармашылығы туралы


Жалпы, бала кезімнен ән айтатынмын, бірақ тойларда, мектептерде ән шырқа деп мәжбүрлегендіктен, өлең айтуды қойып кеткенмін. Біреу қинағанды бала кезінен ұнатпаймын, бірақ өлең айтуға деген қызушылығым кетпеген. 9-сыныптан кейін мен музыкамен айналысқым келеді деп шештім. Қолымда ескі ноутбукпен құны он мың теңге тұратын микрофон ғана болатын. Осылай карантин бойы үйде отырып, жұмыс істеп келе жатқан музыканттарымен, битмейкерлерімен және әртістерімен таныстым. Маған R&B, soul, indie pop жанрдағы әндер ұнайды және мен әртүрлі жанрларда ән жаза беремін. Өзімді танымалмын деп есептемеймін, бірақ, адамдардың кері байланысы, менің әндерімді қолданғаны үлкен жетістіктердің бірі. Мен өзімнің әнімді тыңдалымға жіберіп, жас танымал әншілердің кері байланысын күттім. Шынымды айтсам, оларға әнімнің ұнайтынын күткен жоқпын.

Ән жазу процесі

Өз басым ешқашан үлкен, қымбат студияларға барып көрмеппін. Мен барлық әндерімді өз бөлмемде үйде жазамын, маған солай ыңғайлырақ. Менің ойымша, мен үшін де, басқа да жаңа әртістер үшін де, ең болмағанда, студияға барар алдында үйде ән жазу өте маңызды. Уақыт өте келе бір-ақ зат өзгерді. Бір жыл бұрын біз достарымызбен жиналып, шағын студиямызды аштық. Барлығы жиналатын және жұмыс істейтін, идеялармен бөлісетін, бір-бірімізге көмектесетін орынымыз бар. Біздің шығармашылық бірлестігіміз — Bando деп аталады.

ән жазу туралы

«Закрытый клуб-пен» келісімшарт жайлы

Әнімді тыңдалымға жібергеннен кейін, әнші M’Dee-ге жазған болатынмын. Ол мені 3k сервис келісімшартына шақырды. Келісім шартқа келісіп, қазірде бірге жұмыс жасаймыз. Жаңадан ән жазуды бастаған әртістер үшін көптеген перспективалар көп. Яғни, плейлисттерге кіру мүмкіндігі, питчинг, сонымен қатар басқа әріптестермен байланыс орнату.

Болашақ жоспарлар

Менде көптеген жобаларым мен шығарылымдарым бар. Қазақ тілінде әндер жазып, қазақ тілдегі әндерді дамытқым келеді. Бұндай талпыныс менде ғана емес, жігіттерде де бар. Сондай-ақ, адамдарға музыканы жасау және насихаттау үшін көп ақшаның немесе үлкен студияға ие болудың қажеті жоқ екенін дәлелдегім келеді. Қазір өзіңізді әр қырынан көрсетуге көптеген мүмкіндіктер бар. Ең бастысы талпыныс пен мақсат.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.