facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/99e/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/99ebb4db3f8b5225b1231bfb408c84e3.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
ne-sebept-bolasha-stipendiattary---arapayym-adamdar-lemn-e-zd-k-o-u-oryndarynda-o-idy
logo
Не себепті Болашақ стипендиаттары - қарапайым адамдар әлемнің ең үздік оқу орындарында оқиды

12.12.2019

Не себепті Болашақ стипендиаттары - қарапайым адамдар әлемнің ең үздік оқу орындарында оқиды

Тілектес Адамбеков, 30 жаста, туған жері — Қарағанды, басқарма төрағасы, @tilektes.adambekov


Тилектес.jpeg

«Болашақ» стипендиясы арқылы оқуы жайлы


Мен Қытайда сегіз жыл тұрдым. Алғашқы екіжылда оқуға өз күшіммен ақша таптым, кейіннен«Болашақ» стипендиясы туралы білдім. Құжаттарды тапсырып, іріктеудің барлық кезеңдерінен өттім, мені ең үздік ЖОО-ның біріне Пекиндегі Цинхуа университетіне жіберді. Ондамен foundation өтіп, содан кейін Шанхайдағы Tongjiуниверситетінде «телекоммуникация» мамандығы бойынша оқуды жалғастырдым.

Оқу кезінде Қытайда қазақстандықтардың студенттік ұйымын құрдым. Біз бірлесіп түрлі іс-шаралар өткіздік, студенттерге көмектестік, елшілікпен ынтымақтастықта болдық.

Стипендиаттар қауымдастығы туралы


Университетті бітіргеннен кейін Алматыда тұрып,бизнеспен айналыстым, қоғамдық өмірге қатысуға уақытым болмады. Ал елордаға көшкеннен кейін оны жасауға ниет пен мүмкіндік пайда болды. Мен «Болашақ» қауымдастығының кеңесінің сайлауына қатысу үшін құжаттар тапсырып, оның мүшесі атандым.

«Болашақ» — әр жылдары әр түрлі елдерде шәкіртақы бойынша білім алған, әр түрлі құрылымдар мен салаларда жұмыс істейтін, басқаларға көмектесуге дайын және тәжірибе алмасуға ниетті адамдарды біріктіретін қауымдастық.

Қауымдастықтың негізгі мақсаты — жастарға үлгі көрсету. Біз әртүрлі университеттерге барып, табысты түлектермен дәріс өткізіп жатқан бағдарламалар бар.

Сонымен қатар біз Disney мультфильмдерін қазақ тіліне аударамыз. Жыл сайынғықайырымдылық балын ұйымдастырамыз. Инклюзивті кабинеттерді ашамыз, спорттық іс-шараларды өткіземіз. Қауымдастықтың әрбір мүшесі өз үлесін қосады, өйткені қоғамдастықта әртүрлі қызмет салаларының адамдары бар.

Не алдым


Мен ауылдан шыққанмын, «Болашақ» менің өмірімді өзгертті, дамуыма әсер етті. Мен Қытайдың ең жақсы қалаларында тұрдым, елдің үздік университеттерінде білім алдым.

Тилектес Болашак.jpeg

Қытай тілін білу жұмысымда көп көмектесті. Оқу кезінде мен аудармашы болып жұмыс істедім, кейде министрлер мен президент үшін деаудардым. Қытайлықтардың менталитетін білу Қазақстанда жұмыс істеу кезінде көмектесті.

Мемлекет бізге ең үздік жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік берді, біз мұны пайдаландық. Жұмыс орындарын құрудамыз, адамдарға көмектесеміз, жаңа жобаларды іске асырудамыз.

«Болашақ» стипендиаты деген кім


Болашақ студенттері ұйымшылдықпен, білім сапасымен, жалпы құндылықтарымен ерекшеленеді. Адамдар ұзақ уақыт шетелде болғаннан кейін ерекше патриоттық сезімдері пайда болады, сондықтан біздің Отанға деген махаббатымыз ерекше.

«Болашақ» бағдарламасының айналасында көптеген стереотиптер бар. Бірақ мен үшін ол халықаралық нарыққа шығатын мүмкіндік болды. Мен қазіргі әлемде бәсекеге қабілетті болу мүмкіндігіне ие болғаныма ризамын.

Болашақтықтардың екі түрі бар — университетке енді ғана түскен және оқуды бітірген түлектер. Екінші топта тәжірибемен бөлісу мүмкіндігі бар адамдар көп. Егер адамның дағдылары мен білімі бар болса, ол үлкен нәтижелерге тез жете алады.

Жұмыс туралы


Мен халықаралық компанияның Басқарма төрағасымын. Сонымен қатар, Nazarbayev University-де мемлекеттік басқару бағдарламасы бойынша магистратураны оқып жатырмын.


Алтынай Муканова, туған жері — Семей, инвестиция тарту, @altokaenu


Болашак.jpeg

«Болашақ» стипендиясы арқылы оқуы жайлы


Мен Еуразия университетінде оқып жүрген кезімде бұл бағдарлама арқылы оқығым келді. Кейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеп, оқуға түсуге дайындала бастадым. Жұмыс күніне дейін және жұмыс күнінен кейін ағылшын тілін оқып, Public Administration бағыты бойынша магистратура бағдарламасына түстім.

Біз Англияда мемлекеттік қызмет академиясында тағылымдамадан өттік. Тек теориялық білім ғана емес, практикалық білім де алдық. Университет студенттері әр елден келген мемлекеттік қызметкерлер болды, сондықтан да бізде пайдалы нетворкинг болды.

Стипендиаттар қауымдастығы туралы


Болашақтықтар қауымдастығы өз айналасын өзгертуге ұмтылысты біріктіреді. Біз көп нәрсе адамға байланысты екенін түсінеміз. Біз бір-бірімізге жігер беріп, әр саланы өзгертуге тырысудамыз.

Қауымдастық — бұл әртүрлі адамдар. Біреу медицина саласында жұмыс істейді, біреу мемлекеттік қызметте, біреу өз бизнесін дамытады. Егер әрқайсымыз жауапты болсақ, біз сапалы болашақ құра аламыз.

Алтынай Муканова.jpeg

Алматыда және Нұрсұлтанда қауымдастық белсенді. Алматыда біз айына кем дегенде бір рет кездесіп, тілдесеміз. Бейресми іс-шаралар, университеттерде дәрістер, стартаперлер үшін конкурстар өткіземіз. Елордада ресми іс-шаралар көп жүргізілуде. Біз пайдалы бастамаларды іске асыру үшін түлектердің әлеуетін пайдаланамыз.

Әрбір кездесу-пікірлестерден жігерленіп, сапалы нетворкинг табамыз, идеялас адамдармен танысамыз.

Не алдым


«Болашақ» өмірге оң әсер етті. Оқу кезінде мен сыни ойлауды үйрендім, ынталы болдым.

стипендия Болашак.jpeg

Интернационалдық ортада оқуымның арқасында шетелдік серіктестермен оңай жұмыс істеймін, олардың менталитетін түсінемін, ортақ тіл табамын. Мен өзімді сенімді және кәсіби сезінемін. Мен өз көзқарасымды нақты және құрылымдық етіп айта аламын және қажет болған жағдайда оппонентті кез-келген нәрсеге көңдіре аламын.

«Болашақ» стипендиаты деген кім


Біз ең үздік университеттерде оқыдық, оқуға түсу үшін көп талпындық. Сондықтан болашақтықтар — бұл үздіктер, перфекционистер, көшбасшылар.

Жұмыс туралы


Менің KazakhInvest компаниясында жұмыс істеймін. Біз шетелдік инвесторлармен келіссөздерде мемлекет атынан өкілдік етеміз,әртүрлі елдермен ынтымақтасамыз. Мен Шығыс Еуропа елдеріне жетекшілік етемін, Қазақстанның инвесторларға мүмкіндіктерін таныстырамын, бізге қызықты салаларда компаниялар іздестіремін, ел ішінде инвесторлар үшін серіктестер табамын.


Олжас Сулейменов, 29 жаста, туған жері — Қарағанды, кәсіпті дамыту бойынша басшы, @olzhas.suleimenov.33


Олжас Сулеймен.jpg

Болашақ стипендиясы бойынша оқыту туралы


Мектеп кезімде Қытайда оқимын деп шештім. Бұл елде тауар айналымы үлкен екенін көрдім, қытай тілін үйрену керек екенін түсіндім.

Мен «Болашақ» стипендиясын алуды армандадым. Біз отбасында екеу болдық, сондықтан шетелдегі оқуды төлеу қиын болар еді. Ағам екеуіміз өзіміздібіліммен қамтамасыз етуге тырыстық. Сонымен қатар, Болашақ» бағдарламасы бойынша жоғарғы оқу орындарына түсуге мүмкіндік болды..

Мен инженер-құрылысшымын, Tongji университетінде оқыдым. Оны Қытайдың құрылыс Гарварды деп атайды, ЖОО Азияда екінші орын алады.

Стипендиаттар қауымдастығы туралы


Адам өмірінде үш капитал бар: қаржылық, әлеуметтік және білім. «Болашақ» бағдарламасы студенттерді осының әрқайсысымен қамтамасыз етеді. Барлық шығындарды жабады және қаржылық қолдау көрсетеді, болашақта жақсы жұмыс алуға мүмкіндік береді. Қаржылық капиталдан басқа түлектерге беделді білім мен сапалы білім береді. Және, әрине, әлеуметтік капитал. «Болашақ» — бұл бағалы нетворкинг, достар, байланыс.

Ассоциация түлектерді біріктіреді. Әр түрлі елдерде, түрлі мамандықтарда оқыды. Туған жеріне оралғаннан кейін Қазақстанда өмір мен мансапқа жайғасты. Бұл кезеңде пікірлестерді қолдау әрқашан маңызды. Сондықтан біз бір-бірімізді толықтырып, бірлескен бизнес, жобалар құрудамыз.

Олжас.jpg

Қазіргі уақытта қауымдастық түлектерді қолдау үшін бағдарламаларды жүзеге асырады: HR Club BOLASHAK, Bolashak Science, «Болашақ» корпоративтік қоры. Біз ауылдық жерлерде өнер көрсетеміз, тәжірибе бөлісеміз, ағылшын тілін оқытамыз білім трансферін жүзеге асырамыз.

Қауымдастық-бұл мақсаттарымен және мәселелерімен ұқсас үлкен отбасы. Барлық түлектер-еліміздің түрлі аймақтарындағы жастарғакөмектесуге дайын адамдар.

Не алдым


«Болашақ» стипендиясы үздік университетте оқу туралы арманын жүзеге асыруға көмектесті. Бұл маған әлі күнге дейін көмектесетін өмірдегі басты жетістіктердің бірі. «Болашақтық» деп аталу — үлкен құрмет пен жауапкершілік, оған сәйкес болу керек.

Бағдарламаның арқасында мен қызықты, білімді және дамыған адамдармен таныстым.

Университетте жауапкершілікті, табандылықты, төзімділікті, мақсаткерлікті, тәртіпті үйрендім. Өзімізді лайықты ұстау керек екенін түсіндім, өйткені біз шетелде өз елімізді танытамыз. Мен әлемнің адамы болдым, әр елден келген адамдармен таныстым.

Беделді университет — бұл жаһандық әлемге деген мүмкіндік. Сен онда тек білім ғана емес, коммуникация, көшбасшылық дағдыларын да үйренесің.

«Болашақ» стипендиаты деген кім


Қоғамда «Болашақ» стипендиясын тек байланыстар бойынша алуға болады деген пікір бар. Ағам екеуіміз емтихан тапсырғанда да күмәнданған едік. Бірақ екеуіміз де бір уақытта бір университетке жолдама алдық.

Олжас Сулейменов.jpg

Сондықтан стипендиаттар — бұл үлкен талпынысқа ұмтылып, қажырлы еңбегімен нәтижелерге қол жеткізген қарапайым адамдар.

Сондай-ақ, барлық болашақтықтар шетелде қалғысы келеді деген стереотип бар. Бірақ менің таныстарымның арасында Қазақстанда адал жұмыс істейтін адамдар көп.

Жұмыс туралы


Бүгінгі таңда мен Global Procurement Company және Smart construction services негізін қалаушылардың бірімін және кәсіпкермін. Біз достарымызбен серіктеспіз, жұмыс орындарын құрамыз, дамытамыз және елден тыс жерлерге шығуға тырысамыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
TOEFL тапсыру туралы не білу керек: жеке тәжірибе, кеңестер мен стратегиялар
TOEFL тапсыру туралы не білу керек: жеке тәжірибе, кеңестер мен стратегиялар
Профессор және оқулықтардың авторы Қазақстанның білім беру жүйесінің бүгіні мен болашағы туралы
Профессор және оқулықтардың авторы Қазақстанның білім беру жүйесінің бүгіні мен болашағы туралы
IELTS-ті 7.0 және одан жоғары баллға қалай тапсыруға болады: Орталық Азия студенттерінің тәжірбиесі мен стратегиясы
IELTS-ті 7.0 және одан жоғары баллға қалай тапсыруға болады: Орталық Азия студенттерінің тәжірбиесі мен стратегиясы
«Балалар бірінші сыныпқа келгенде, көздері жанып тұрады», — Ұлан Усенов Қазақстандағы білім беру жүйесі туралы
«Балалар бірінші сыныпқа келгенде, көздері жанып тұрады», — Ұлан Усенов Қазақстандағы білім беру жүйесі туралы
Google, PwC, HP тегін сертификаттары бар 12 онлайн курс
Google, PwC, HP тегін сертификаттары бар 12 онлайн курс