facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
men-z-ornymdamyn-m-dee-nel-kten-rt-s-bolmay-prodyuserl-kt-ta-da-any-turaly
logo
«Мен өз орнымдамын»: M’Dee неліктен әртіс болмай, продюсерлікті таңдағаны туралы
Главный (каз)

18.04.2023

«Мен өз орнымдамын»: M’Dee неліктен әртіс болмай, продюсерлікті таңдағаны туралы

M’Dee атымен танымал Мәдимен танысып, «Закрытый клуб» лейблінің жоспарлары жайлы, сондай-ақ әртістің жаңа тректері мен сүйікті әншілері туралы сұрап-білдік.


Мәди Тоқтаров, 24 жаста, қаласы — Алматы, музыкант, продюсер, @mdeemusic

Мади Токтаров

Бәрі қалай басталды

Мен Семей қаласында дүниеге келдім, бірақ бала кезімде отбасыммен Алматыға қоныс аудардық. Мен №46 классикалық өнер гимназиясында оқыдым, сол жерде «Флейта» бағыты бойынша музыка сыныбын бітірдім. Музыка әлеміне саяхатым сол кезде басталды деуге болады. Мектепті бітіргеннен кейін мен гитарада ойнауды үйреніп, ән жаздым.

Қазақстандағы музыка индустриясының дамуы туралы

Қазақстандағы музыка индустриясы өзінің қалыптасу кезеңінен бес жыл бұрын өтіп, бүгінде қарқынды гүлденуде. Соңғы кездері қазақ тілінде ән шырқайтын жаңа талантты өнерпаздар көптеп шығып жатыр.

Мади Токтаров

Бізде жоғары сапалы музыка бар. Бұл саланың дамып келе жатқанына қуаныштымын, Ренессанс кезеңі келді деуге болады. Өз қарым-қабілетіне сеніп, өнерін паш етіп жүрген адамдар көп. Бұл музыканттарды насихаттайтын, оларды қолдайтын және дамуға көмектесетін музыкалық лейблдердің еңбегі дер едім. Бұрын қазақ тілінде музыка жасауға болады, оны тыңдайтын аудимын деп сенетін идеологиялық жігіттер аз еді. Бірақ бүгінде ол танымал. Менің плейлистім негізінен қазақ музыкасынан тұрады.

Өзінің шығармашылығы жайлы

Музыка — өмірімнің мәні. Өнерден басқа немен айналысқан болар едім деуді ойлап та көрмеппін. Дегенмен маған менеджмент және басқаруға қатысты барлық нәрсе ұнайды. Музыкант, продюсер болмасам, бәлкім, осы салада менеджер болып жұмыс істер едім.

Музыка — өмірімнің мәні

Соңғы бір жарым жыл бойы мен «Закрытый клуб» лейблін дамытумен айналысып жүрмін. Бар уақытымды өз тректеріме емес, соның жұмысына арнаймын. Дегенмен жақында грузин әншісі Natia Rigvava-мен бірге фит шығардық. Сәуір айында қазақ тілінде көптен күткен «Асыл жаным» жеке әнім жарыққа шығады.

Ағымдағы жұмыстары туралы

Мен қашанда өз лейблімді жасағым келетін. Маған әртіс болып, сахнада өнер көрсеткеннен гөрі продюсер болып жұмыс істеген әлдеқайда қызық. Маған жалғыз жұмыс істегеннен гөрі адамдармен және музыканттармен бірге жұмыс жасаған ұнайды.

Бала кезімнен музыка жазатынымды және басқалардың дамуына көмектесетін тұлға ретінде қалыптасатынымды білдім. Сондықтан болар, қазір өз орнымдамын, сүйікті ісіммен айналысып жүрмін. Мен продюсер ретінде әлдеқайда көп нәрсе істей алатынымды білемін.

Мади Токтаров

«Закрытый клубтың» жұмыс істеп жатқанына бір жыл болды, сондықтан қазіргі таңда біз тәжірибе жинақтап, жіберген қателіктерімізден сабақ алып жүрміз. Тіпті қалай жұмыс істей алатынымызды көрсететін демоверсия деуге болады. Алдағы уақытта әртістерімізбен бұдан да белсендірек жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз. Біз келесі жылға дейін жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуді мақсат етіп отырмыз. Менеджерлік және басқарушылық жұмысқа көп көңіл бөлеміз, стратегиялық қадамдар жасаймыз. Бірнеше үлкен релиз шығаруды жоспарлап отырмыз. Ayau-мен бірге Қазақстанды аралап, музыкалық тур ұйымдастыруды және оның алғашқы альбомын шығаруды жоспарлап отырмыз.

Жаңадан бастап жатқан музыканттарға берер кеңесім: ешкімді тыңдамаңдар, тіпті мені де. Біреу жаман десе де, оған мән бермей, бастаған істеріңді жалғастыра беріңдер.

Мади Токтаров

Шығармашылығын ұсынатын 3 үздік музыкант:

— Kunzharyq, @kunzharyq

— Merey, @mereythefairy

— abdr., @abdr.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Өз еңбектеріңізді жариялай алатын Қазастанның 4 ғылыми журналы
Өз еңбектеріңізді жариялай алатын Қазастанның 4 ғылыми журналы
STEM Teachers’ Training: Қазақстандағы мұғалімдер 3D модельдеу және робототехника негіздерін қалай меңгеріп жатыр
STEM Teachers’ Training: Қазақстандағы мұғалімдер 3D модельдеу және робототехника негіздерін қалай меңгеріп жатыр
Неге мектептерде гаджеттерге тыйым салуға болмайды және жасанды интеллект білімге қалай әсер етеді
Неге мектептерде гаджеттерге тыйым салуға болмайды және жасанды интеллект білімге қалай әсер етеді
Топ 10 қазақша комедия
Топ 10 қазақша комедия
Мен Maqsut Narikbayev университетінде оқимын. Студенттерді қабылдау, студенттік өмір және университет ерекшеліктері туралы
Мен Maqsut Narikbayev университетінде оқимын. Студенттерді қабылдау, студенттік өмір және университет ерекшеліктері туралы