Мадина Кемелханова, 16 жаста, қала — Жанаөзен, блогер, @kemelhanovvaа
Өзі жайлы
Мен модель, блогер және кәсіпкермін.
Бастапқыда блог жүргізіп жүрдім, кейін дайындау процесіне кірістім. Оқушыларға арналған шеберлік сағаттарды өткіздім. Оған бір жылда 200 адам келді. Сондай-ақ визажист болып жұмыс істейтін, өз салоным бар. Кейде кішігірім агенттіктерде жұмыс істеймін.
Осының бәрі маған жақсы табыс әкеледі. Ақша жинаймын. Өзіме iPhone 11 сатып алдым. Өз ақшама саяхаттаймын. Мәскеуде және Түркияда болдым. Қыркүйекте Францияға баруды жоспарлап отырмын.
Өз ойымдағын жүзеге асырмайынша тыныштық таппаймын. Бұл нәтижеге қол жеткізуге көмектеседі.
Өз ойымдағын жүзеге асырмайынша тыныштық таппаймын
Сондай-ақ маған анам көмектеседі. Ол мені үй тамағын дайындау бойынша алғашқы мастер-классқа бағыттады, оның арқасында мен шешендік шеберлік курсынан, бизнес-тренингтен өттім. Ол мені фитнес-залға жазды. Мен модельге айналдым. Оған ризамын. Ол көптеген нәрселерге көз ашып, әлемді сүюге көмектесті.
Өмір сүру стилі жайлы
Менің ісім — менің хоббиім. Мен айналысатын ісіме үлкен күш-жігер мен сүйіспеншілікті арнаймын.
Сондай — ақ, бес жылдан бері би билеуді ұнатамын. Қазір фитнеспен айналысамын, көп қозғаламын.
Соңғы уақытта отбасыммен және достарыммен көп уақыт өткіземін. Бірнеше жылдан кейін біз жақын жерде тұрмаймыз, сондықтан қазір пайдалы болғым келеді және жақындарымызды қуантқым келеді.
Өмір сүру қағидалары
Мен үшін бастысы — өзімді тану. Өзіңізге сұрақтар қойып, оларға жауап табу керек.
Жүрек қалайтын нәрсені жасау маңызды. Егер оның айтқанымен жүрмесең, ол рахат пен табыс әкелмейді.
Мен әрқашан қажет деп санайтын істерді жасаймын
Менің ұраным — күшті, шыдамды болу, сыңбау. Мен әрқашан қажет деп санайтын істерді жасаймын. Айналамдағылардың сөздеріне құлақ саламын, бірақ жаман пікірлерге назар аудармауға тырысамын.
Не шабыттандырады
Маған фильмдер көрген ұнайды. Әсіресе қорқынышты фильмдерді. Мүмкін, осылайша мен өз қорқынышым мен фобиямды жеңгім келеді.
Ақпаратты Instagram арқылы аламын. Онда керектінін бәрі бар.
Адамдардан шабыт аламын. Сондай-ақ, табиғат пен белсенді демалыс әсер етеді
Жоспарлар жайлы
Жақында өзімнің бренд дүкенімді аштым. Жазда сонымен айналысамын.