Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы "Мұзбалақ" атты толықметрлі көркем анимациялық фильмнің трейлерін жариялады. Бүркіт пен адамның достығы туралы баяндайтын бұл мультфильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі киностудия баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фильмді режиссер-аниматор - Тұрдыбек Майдан және Тілек Төлеуғазы жасап шыққан.
Екі жыл көлемінде жасалған бұл фильмде 40-қа жуық кинематографияның осы жанрында еңбек етіп жүрген отандық мамандар істеген. Ұзақтығы 65 минут құрайтын мультфильм 2D және 3D форматында жасалған және әр секундында 24-25 кадр сурет салынған. Кейіпкерлерді дыбыстауға Ержан Жарылқасынұлы, Жанат Тыныбаев, Самат Қордабай, Төлебаев Ерғали Дүйсенұлы, Алма Әділқызы есімді театр және кино актерлері қатысқан.
Дерек көзі: kaz.tengrinews.kz