Альбина Думбоян, туған қаласы — Волгоград, медбике, Kazakh in Moscow қоғамдастығының ұйымдастырушысы, @albina_dumboyan, @kazakhinmoskow
Орал — Мәскеу
Менің ұлтым қазақ. Менің анам Орал қаласының тумасы. Кішкентай кезімде біз біраз уақыт Қазақстанда тұрдық, кейін Волгоградқа көшіп кеттік.
Мәскеуде тұрып жатқаныма шамамен бес жыл болды. Жылына екі рет Қазақстанға барып, елім жайында жаңа нәрселер біліп тұрамын. Адамдар демалу үшін Түркияны немесе Дубайды таңдайды, ал мен Алматыға баруды жөн көремін.
Мен нәрестелердің жан сақтау бөлімінде медбике болып істеймін. Негізінен Ресейдегі қазақтар Мәскеуді тұрақты тұрғылықты жер ретінде таңдайды. Қазақстандық студенттер көбінесе оқу үшін келеді, олардың кейбіреулері ғана осында қалады. Сонымен қатар қазақтардың басым бөлігі қалаға іссапармен келеді.
Алғашқы әсер мен қиындықтар жайында
Мәскеу өзінің мықты энергетикасымен мені бірден тәнті етті. Бұл жігерлік пен мақсатыңның арқасында жетістікке жетуге болатын қала.
Көшіп келген кездің басында, достар да, таныстар да болмаған кезде, қиын болды. Ал Мәскеуде бастысы ақша емес, бастысы – пайдалы және қажетті таныстардың болуы.
Мәскеуге көшіп келген кезде, қай жерге бару керек екенін, қай жерден жұмыс табуға болатынын, қаладағы тәртіп жайында ештеңе білмейсің. Сол себепті кез-келген уақытта саған көмектесе алатын отандасыңды тауып алу маңызды.
Мәскеуде бастысы ақша емес, бастысы – пайдалы және қажетті таныстардың болуы
Мәскеудегі өмір жайында
Қазақстандағы өмір мәскеулік өмірден өте ерекшеленеді. Осы жердегі менталдылық, құндылықтар, дүниетаным және тәрбие мүлдем басқаша. Қазақстандағы адамдар Мәскеудегі адамдарға қарағанда әлдеқайда қарапайым келеді. Бұл қала бүкіл Ресейден де бөлек болып табылатын мемлекет сияқты.
Мәскеуге келісімен бірден Kazakh in Moscow сияқты қауымдастықтармен араласа бастаған жөн. Қиындықтар мен әртүрлі мәселелерге дайын болу керек. Мәскеу – Қазақстан емес екенін нақты түсіну керек, себебі осы жердегі адамдар мүлдем басқа. Мәскеуде барлығын жүрекке жақын қабылдамай, қоғамға абайлап қарау керек.
Бүгінде астанада тездетіп бейімделу үшін «Яндекс.Метро», 2ГИС, ЦИАН.ru сияқты көп қалалық қосымшалар бар. Қиындаған жағдайлар кезінде, Мәскеудегі Қазақстан Елшілігімен байланысқа шыққан жөн. Мен жаңа таныстарға ие болуға тырысып жатырмын.
Мәскеудегі жұмысы мен қоғамдық қызметі жайында
Мен Мәскеуге медбике болып жұмыс істеу үшін келдім. Мемлекеттік ауруханаға жұмысқа орналасумен қиындықтар пайда болды. Ресей Федерациясы азаматтарының өздері Мәскеуде тіркеуден өтуге міндетті және анықтамаларды, құжаттарды жинау мен медициналық комиссиядан өту процесі ұзақ уақытты алады. Бірақ егер азаматтығыңыз бен тіркеу құжатыңыз болса, барлық жолдар ашық.
Сонымен қатар мен Мәскеудегі қазақтар үшін іс-шаралар ұйымдастырумен айналысамын. Kazakh in Moscow қоғамдастығының төрт жылғы жұмысы ішінде қалада көптеген шараларды өткіздік. Маған Қазақстаннан Мәскеуге келетін қазақтар жиі жазады. Мен тұрғын үй, тіркелу, жұмыс мәселелерін шешуге көмектесемін. Маған әрбір қазаққа көмектесу ұнайды.
Мен қазақтар аз мекендеген аймақтың тумасымын. Басым бөлігі дәстүрлерді, мәдениетті және тілді білмейді. Сол себепті өмірімде әрдайым ұлтпен байланыста болу үшін қалада қазақтарды жинау маңызды орын алады. Төрт жыл ішінде мен туған елімнің тарихы жайында көп ақпаратқа ие болдым. Ал ұйымымыздың арқасында көптеген адамдар достарға ие болды, кейбіреулерге жұмыс пен тұрғын үй жөнінде көмек көрсетті. Іс-шараларымызда танысқан 13 жұп тұрмыс құрды және бізге отбасыларымен келіп отырады. Осындай іс-шаралар Қазақстаннан келген қазақтардан бөлек, Ресейдің азаматтары үшін маңызды болып табылады. Бұл бізді біріктіреді, біз бір-бірімізден үйренеміз.
Ал ұйымымыздың арқасында көптеген адамдар достарға ие болды, кейбіреулерге жұмыс пен тұрғын үй жөнінде көмек көрсетті
Жыл сайын біз Mister Kazakh Moscow және Sulu Kyz шараларын өткіземіз. Мен қазақ жастары арасында волейбол, үстел теннисі, футбол бойынша жарыстар ұйымдастырамын. Біз Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрлері тақырыбы аясында спикерлерді шақырып, этнокоучинг өткіздік. Қазақтар үшін стендаптар, ашық микрофон және Санкт-Петербургке бағытталған турлар ұйымдастырдық. Наурызда барлығымыз бірге «Көшпенді» этносаябағына бардық, сол жерде киіз үйлер орнатып, үлкен отбасылық мейрамды атап өткіздік. Идеялар аяқ астынан ойыма келеді және біз оларды жүзеге асыруға тырысамыз.
Осылайша біз мәскеулік қазақтар үшін өзіміздің брендтік киімімізді жасап шығардық. Мен свитшоттарға деген сұраныстың кеңейіп жатқанын көрдім. Біз дизайнды ойластырдық және жақынарада брендіміздің аясында кепкелерді шығарамыз.
Қаланың ықпалы
Мен одан сайын есейдім, Мәскеу барлық нәрселерге жақсы жағынан ғана қарау әдетінен арылтады. Мінезім өзгерді, мен барлық мәселелерді бұрынғыдан оңайырақ шеше бастадым. Мәскеудегі өмірден кейін әлемнің кез-келген басқа қаласын бағындыру оңайға соғады.
Мәскеудегі өмірден кейін әлемнің кез-келген басқа қаласын бағындыру оңайға соғады
Мен үшін Мәскеу – бұл өмір мектебі, энергетикасы және мүмкіндіктері үлкен қала. Осында тұрып, кім екеніңді және қандай нәрселерге қабілетті екеніңді түсінесің. Осында мен тек ниетімнің арқасында өзімнің мақсаттарымды жүзеге асыра аламын.