facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/5dc/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/5dc060f057ccc4ed5b508b33964ba587.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
lemge-tanymal-aza-stan-yr-yzstan-zbekstan-zh-ne-t-dzh-kstan-muzykanttary
logo
Әлемге танымал Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәджікстан музыканттары

28.12.2019

Әлемге танымал Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәджікстан музыканттары

Қазақстан


Димаш Құдайберген, @kudaibergenov.dimash


71103515_507313686538691_4843750744493155052_n.jpg

Димаш — әнші, аспапшы және композитор. Димаштың дауыс диапазоны — алты октав. Ол Singer 2017 шоуының арқасында Қытайда үлкен танымалдылыққа ие болды. Сайыстың финалына жетіп, екінші орынды иеленді.

Димаш әлем бойынша концерттер беріп жүр. Жақында оның концерті АҚШ-да өтіп, зал көрерменге лық толды.

Дерек көзі: kaktakto.com


Назима, @13nazima


Назима.jpg

Назима Шымкенттің тумасы. Бала күнінен ән айтуды армандаған. 12 жасында халықаралық «Очаровашка» сайысында қазақ тілінде ән айтып, жеңіске жеткен. 21 жасында Назима қазақстандық «Фабрика звезд» сайысында финалист атанды. ALTYN GIRLS тобының солисі болды.

«Песни на ТНТ» конкурсына қатысып, финалға дейін жетті. Қазір ол Black Star мүшесі болып, ТМД елдері бойынша концерттер беріп жүр.

Дерек көзі: kaktakto.com


Ержан Максим, @maksim_erjan


Ержан Максим.jpg

Ержан — жастайынан халықаралық әндер конкурсына қатысып жүрген, қазақстандық жас әртіс. 2019 жылы Бірінші арнаның «Голос. Дети» байқауына қатысып, танымал бола бастады.

2019 жылдың күзінде Польшада өткен « Евровидение-2019» балалар конкурсында финалға өтіп, екінші орынды иеленді.

Дерек көзі: 24smi.org


Қырғызстан


Қайрат Примбердиев, @kairat_primberdiev_official


Кайрат Примбердиев.jpg

Қайрат Примбердиев — Қырғызстанның таланты әншісі. Өзінің вокалдық шеберлігімен отандастарының жүрегін жаулап алды. «Главная сцена» және «Голос» байқауларының нәтижесінде Рессейде танымал болды. Қазіргі таңда әнші музыкамен айналысуда. Бірнеше клип түсірді.

Дерек көзі: 24smi.org


Өзбекстан


Олег Тернов, @ternovoy_oleg


Олег Терновой.jpg

Олег — «ПЕСНИ» рессейлік шоуының жеңімпазы — Ташкентте туған. Басында шоудың кастингінен өтпей, келесі жолы имиджін өзгертіп, басқа лақап атпен келді. Шоу барысында бірнеше тректерді жазып, орындады, ал жеңістен кейін Black Star мүшесі атанды.

Рессейлік чартта оның тректері бірінші орынды алатын. Қазіргі таңда өзінің шығармашылығымен айналысып, ТМД және Еуропа елдеріне гастрольдік сапармен барып жүр.

Дерек көзі: vokrug.tv


Сардор Милано, @sardormilano


Сардор Милано.jpg

Сардор Милано — ташкенттік әнші, автор және орындаушы. 2015 жылы «Главная сцена» музыкалық шоуында жеңіске жетіп, 2016 жылы «Голос» бағдарламасының финалына жетті. Оның дауыс диапазоны — үш жарым октава. «Новая волна-2017» конкурсының лауреаты атанған.

Дерек көзі: ru.wikipedia.org


Сабина Мустаева,@sabina_mustaeva


Сабина Мустаева.jpg

Сабина Мустаева — жас әнші, «Голос. Дети 2» шоуының жеңімпазы. 11 жастан түрлі музыкалық конкурстарға қатысады. «Детская Новоя Волна» сайысында үшінші орынды иеленді. Польшадағы «Голос» шоуына қатысқан.

Дерек көзі: 24smi.org


Тәджікстан


Манижа, @manizha


Манижа.jpg

Манижа — әнші, Душанбе қаласының тумасы. 1994 жылы отбасымен Мәскеуге көшіп келген. 2003 жылы Юрмалдағы халықаралық Rainbow Stars орындаушылардың конкурсында Гран-при иеленді. «Луч надежды» фестивалінің лауреаты.

2007 жылы алғашқы «Пренебрегаю» синглін жарыққа шығарды. Ол «Русское радионың» хит-парад үздік әндерінің ондығына енді. 2016 жылы дебюттық Manuscript Instagram-альбомын жарыққа шығарды. Манижа музыкалық кештерге, промо-кампанияларға қатысып жүреді, Рессейде өз концерттерін береді.

Дерек көзі: ru.wikipedia.org


Жасмин Каримова,
@jasminesface


Жасмин Каримова.jpg

Жасмин Тәджікстанда туған. Бала күнінде Австралияда, кейін АҚШ, Голландияда тұрған. 2015 жылы әділқазылар алқасын голландиялық «Голос» байқауында таңқалдырды. 2017 жылы Леван Горозиямен бірігіп «Дорога» атты клип түсірген.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.