facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-yel-a-sh--a-k-sh-p-manhettonda-za-ger-bolyp-zh-mys-steyt-n-zhayynda
logo
Қазақ әйелі АҚШ-ға көшіп, Манхэттонда заңгер болып жұмыс істейтіні жайында

17.08.2019

Қазақ әйелі АҚШ-ға көшіп, Манхэттонда заңгер болып жұмыс істейтіні жайында

Айя Балтабек, 32 жаста, Солтүстік Қазақстан, заңгер, @ayabaltabek


Казақстан — АҚШ


Мен Солтүстік Қазақстанның тумасымын. 2016 жылдың маусым айында саяхатшы ретінде АҚШ-ға бардым. Бірақ үш айдан кейін сонда қалып, білім алуды шештім.

Қазақстандағы өмірім жақсы болатын, мұнайгаз саласында заңгер қызметін атқардым. Бірақ теңгенің девальвациясы болған кезде, долларға қатысты жалақым үш есеге төмендеп кетті. Сол кезде мен Италиядан қайтып келгенмін және Қазақстанда қалсам, табысым жылына бір рет шетелде демалуға жетпейтінін түсіндім.

Қазақ әйелі АҚШ-ға көшіп, Манхэттонда заңгер болып жұмыс істейтіні жайында

Жұмыстан шығып, басқа жерге кету қорқынышты болды. Бірақ мен жұмыс істеген компанияның топ-менеджері айтқандай, егер мен Қазақстанға оралсам, маған жұмыс беріледі. Бұл көшіп кетудегі шешуші фактор болды.


Алғашқы әсер мен қиындықтар туралы


Алғашқы алты ай Вирджиния штатындағы Виенна қаласында тұрдым. Сол жерде табысты адамдар тұрады, барлық жерлерде таза, жасыл шөп. Маған өте ұнады.

Жұмыс іздеп, көші-қонға байланысты мәселелерді шешудің уақыты келгенде, мен Нью-Йоркқа көшіп кеттім. Бұл қала – келімсектердің мекені, осында соншалықты әдемі жане жақсы деп айта алмаймын. Бірақ мен өзімді жайлы сезіндім, себебі бұл қаламен таныс едім.


Нью-Йорктағы өмірі жайында


Штаттар әртүрлі. Нью-Йорктағы өмірді Астанадағы өмірмен салыстыра аламын.

Нью-Йорктағы өмір салтым Қазақстандағыдай – жұмыс, спорт, достармен кездесіп араласу, мейрамханалар, мәдени өмір. Ерекшеленетіні – жайлылық, жеңілдік және еркіндік. Заңға қатысты еркіндік емес, айыптауға қатысты еркіндік. Осында сенде ешкімнің шаруасы жоқ. Не істесең де, не кисең де, қалай өмір сүрсең де – өзің білесің.

Нью-Йорктағы өмірді Астанадағы өмірмен салыстыра аламын


Басқа жағынан — осында жалғызсырап қаласың.


Оқу жайында


АҚШ-дағы оқуым тез өтті – бір жыл магистратурада және үш ай BAR-ға дайындыққа кетті. Басты қиындық тілге байланысты болды. Қарапайым ағылшын тілмен емес, заңгерлік ағылшын тілімен қиын болды. Кітапханада түнгі 12-де қуып жібермегенше дейін отыратынбыз. Кейстерді бірінен кейін бірін оқуға тура келетін. Басында ақырындап оқитынмын, бірақ бірнеше айдан кейін, оқу және түсіну жылдамдығы өсті және барлығы оңайырақ қабылданды. Бұл қиындыққа шетелдіктер ғана тап болмайды, американдықтардың өздері заңға қатысты терминдермен қиналды.

Қазақ әйелі АҚШ-ға көшіп, Манхэттонда заңгер болып жұмыс істейтіні жайында

АҚШ дипломы бүкіл әлем бойынша үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Осында білімнің сапасы қазақстандық білімнен әлдеқайда жоғары деп сендірмеймін. Қазақстанда жақсы профессорлар болды, мемлекет және заң теориясын әлі күнге дейін есімде. Бірақ әлемдегі адамдар американдық білімге сенеді, сол себепті өзіңе де сенімді боласың.


Жұмысы жайында


Мен Нью-Йоркта, Манхэттондағы заңгерлік фирмасында заңгер болып жұмыс істеймін. Негізінен иммиграциялық сұрақтармен айналысамын.

АҚШ-да заңгер лицензиясын алу үшін, магистр дипломына ие болып, BAR — арнайы емтиханды тапсыру керек. BAR емтиханы – бөлек тақырып. Оңай емес, бірақ тапсыруға болады.

Заңгер болу – американдықтар үшін үлкен жетістік. Бұл мамандық кез-келген қоғамда құрметке ие. Сол себепті әлеуметтік жағынан заңгер дәрежесі өмірді әлдеқайда жеңілдетеді.

Заңгер болу – американдықтар үшін үлкен жетістік


АҚШ-да кез-келген салада жұмыс табуға болады. Бірақ жалақы мөлшерлері әртүрлі – жылына 60 000-нан 500 000 $-ға дейін жетеді. Заңгер үшін ең табысты кәсіп – серіктес болу немесе заңгерлік фирмасын ашу.

Қазақ әйелі АҚШ-ға көшіп, Манхэттонда заңгер болып жұмыс істейтіні жайында


Көшу қалай ықпал етті


АҚШ-ға көшу басқа елдердегі өмір әлдеқайда жеңіл бола алатынына көзімді ашты. АҚШ-да әлдеқайда көп мүмкіндіктер ұсынылады. Осында нәтижеге тезірек қол жеткізуге болады.

Мен үшін Нью-Йорктағы өмір ойын сияқты – Солтүстік Қазақстанның ауылынан шыққан қызы бұдан басқа қандай жетістікке қол жеткізе алады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Сіз оқу керек көркем әдеби кітаптар
Сіз оқу керек көркем әдеби кітаптар
«Оземпик». Жаңа диета туралы не білу маңызды
«Оземпик». Жаңа диета туралы не білу маңызды
Шетелде тұратын қазақстандық блогерлер
Шетелде тұратын қазақстандық блогерлер
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Көруге тұрарлық топ-10 аниме
Көруге тұрарлық топ-10 аниме