facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
lemdeg-aza-standy-tar-aza-stannan-shy-an-otbasy-m-naygaz-salasynda-zh-mys-step-dubayda-singapurda-zh-ne-afrikada-m-r-s-ru-zhayynda
logo
Әлемдегі қазақстандықтар. Қазақстаннан шыққан отбасы мұнайгаз саласында жұмыс істеп, Дубайда, Сингапурда және Африкада өмір сүру жайында
Өмір сүру стилі

17.04.2019

Әлемдегі қазақстандықтар. Қазақстаннан шыққан отбасы мұнайгаз саласында жұмыс істеп, Дубайда, Сингапурда және Африкада өмір сүру жайында

Гаухар Гумарова, туған қаласы — Атырау, бухгалтер

3.jpeg


Атырау — Дубай — Сингапур — Гана Республикасы


Мен КИПЭП оқу орнын бітірдім және төрт жыл бойы «Тенгизшевройл» компаниясында жұмыс істедім. КИМЭП түлектерінің кездесуінде болашақ күйеуіммен таныстым және біз 2012 жылы үйлендік. Күйеуім де Атырауда AgipKCO компаниясында жұмыс істеді.

Алты жыл бұрын күйеуіме Дубайдағы мұнай компаниялардың бірінде жұмыс істеу ұсынысы түсті. Содан кейін біз Сингапурға көшіп кеттік. Ал қазірде Батыс Африкада орналасқан Гана Республикасының Аккра қаласында тұрып жатырмыз.

Біз шетелге басқа өмірді армандағаннан көшкен жоқпыз. Барлығы тез болып шықты, ал біз шешімдерді жеңіл қабылдаймыз. Жаңа және қызықты нәрсені байқап көруді қалап, тәуекелге бел будық.

1.jpeg


Дубайдағы өмір жайында


Дубайға көшіп келген кезде, қиындықтарды аса сезген жоқпыз. Біз жас болдық, балаларымыз болған жоқ, бірден жұмысқа кірістік және арабтық өмірге тез бейімделдік.

Жексенбіден бейсенбіге дейін жұмыс істедік, ал демалыс күндерімізді жағажайда өткізіп, басқа әмірліктерді зерттеп жүрдік. Ай сайын Қазақстаннан қонақтар келетін және Отанды сағынатын уақытымыз да болған жоқ.

Бізді Дубайдағы тазалық пен жайлылық, қызмет көрсетудің деңгейі таң қалдыратын. Барлығы жүйеге келтірілген, барлық жағдайлар адамдардың жайлылығы үшін жасалған.

Дубайда қызықты ерекшеліктер бар. Мысалы, арабтарды суретке түсіруге, қоғамдық жерлерде құшақтасуға, қол ұстасып жүруге болмайды. Метрода әйелдерге арналған бөлек вагондар бар, арнайы бөлек кезек орын алады, мемлекеттік мекемелердегі күту залдары, жағажайлар, спортзалдағы күндер де бөлек ұсынылады.

2.jpeg

Өзіндік қиындықтар да болды. Мен көпұлттық компанияда жұмыс істедім, менің әріптестерім негізінен арабтар, ливандықтар және американдықтар болды. Маған олардың менталитетін, жұмыс стилін түсіну қиын еді. Бірақ соның өзінде адамдардың ашық болатыны және кез-келген жағдайда әрқашан көмектесуге дайын екені таң қалдыратын. Саған тек қана жұмыс істеп, үйрену және бұл елдің дәстүрлері мен заңдарын құрметтеу керек.


Сингапурдағы өмір жайында


Дубайда үш жыл тұрғаннан кейін, күйеуім өмірімізге өзгеріс енгізу керек деп шешті. Оған Сингапурда жаңа жоба ұсынды, сол себепті 2015 жылы біз үш айлық ұлымызбен сол жерге көшіп кеттік.

Әуежайдан шыққан кезде, өзімді саунаға келгендей сезіндім. Қапырық ауа мен дымқылдық сезілді. Түскі ас ішетін орын іздеген кезде, мәзірдегі барлық тағамдар шошқа етінен әзірленетіне таң қалдық.

Бастапқы кезде қиын болды. Араб Әмірлігінде достарымыз болды, ал Сингапурда ештеңе және ешкім болған жоқ. Сол себепті біз ұлымызбен ақырындап жаңа мемлекетті зерттей бастадық. Мен алдымен метроны зерттедім – ол жоғалуға болатын бөлек әлем сияқты өте үлкен.

6.jpeg

Ақырындап мен бұл бірегей және керемет қалаға ғашық бола бастадым. Баламен бірге жүру ыңғайлы болды. Біз саябақтарда, балалар алаңдарында көп уақыт өткіздік. Балабақшамыз күшті болды. Сингапур – балалардың жұмағы.

Сингапурда мүмкіндігі шектеулі егде адамдар және психологиялық саулықтың бүлінуі бар жастар көп екені таң қалдырды. Оларға ешкім тиіспейді, олардың қала ішінде жүруі үшін барлық жағдайлар жасалған, пандустар, жедел сатылар орнатылған.

Marina Bay-де зумба, йога, жүгіру сияқты әртүрлі тегін спорттық іс-шаралар жиі өткізілетін.

Әрине, кемшіліктер де болды. Сингапур – таза қала, бірақ жергілікті халықтың өзі тазалықты сақтамайды. Бізге дубайлық таза жағажай жетіспеді.

Маған кез-келген жергілікті адам баланың жанына келіп, оны сипап, суретке немесе бейнеге түсіре алатыны ұнамайтын.

Бүкіл Азия алақандағыдай болды – бұл ең үлкен артықшылық. Сингапурдан Тайландқа, Малайзияға, Балиге және таяудағы басқа да елдер мен аралдарға жеңіл ұшып кетуге болатын.

Сингапур — болашақтың қаласы, оны өз көзімен көріп қайту керек


Сингапур — болашақтың қаласы, оны өз көзімен көріп қайту керек.


Гана Республикасындағы өмір жайында


Сингапурдан кейін 2017 жылы күйеуімді жаңа жоба бойынша Батыс Африкаға, Гананың Аккра қаласына жіберді. 2018 жылы біз ұлымызбен және қызымызбен барып қосылдық.

Африканың аты Африка, ол Дубайдан, Сингупардан, Қазақстаннан да ерекшеленеді.

Қала 90-жылдардағы лас, жолдары жаман, жаяужолдары жоқ Қазақстанды есіме салды. Қоқыс, көшелерде тұрып жатқан адамдар көзге бірден түсетін. Гана сөздің тура мағынасында бізді жерге түсірді. Шынайылық қандай болуы мүмкін екенін, бірақ бұның өзінде адамдардың мейірімді болатынын және бейбіт өмір сүретінін көрсетті.

Күйеуім бізді Ганаға көшуге алдын-ала дайындады. Бірақ бұған қарамастан, бейімделуге қиын болды. Біз де бай болып туған жоқпыз, жақсы қызметке, сапалы медицинаға, сапалы жолдарға бірден ие болған жоқпыз. Кедейлік пен қоқыс әрбір елде бар, тек оны жақсы әдістер арқылы жасырады.

4.jpeg

Африка елін теледидардан көруге, оны пілдермен, жирафтармен, тайпалық билермен байланыстыруға үйрендік. Бірақ бұл жердегі шынайы өмір мүлдем басқа. Терезеден теңізге немесе Marina Bay Sands мейманханасына шығатын көрінісі жоқ екеніне ақырындап үйрендік.

Ганийляқтардың дәстүрлері өзгеше. Гана мәдениетінде адам дүниеге келген апта күніне үлкен көңіл бөледі. Бұл оның тағдырына ықпал етеді деп саналады. Ганиялықтар өмірден рахат алуды біледі. Оған қоса олар баяу әрекет етеді, кездесулер ешқашан уақытында басталмайды.


Шетелдегі өмір қалай ықпал етті


Шетелге көшу және бейімделу – ұзақ процесс. Басында көңіліңіз өршіп тұрады, кейін таңырқаған күйде боласыз, одан кейін барлығы сіз күткендей немесе қалағаныңыздай болмай қалуы мүмкін. Ақырындап сіз жаңа әлемде өзіңізді жайлы сезіне бастайсыз, жаңа ортаға бейімделесіз.

Шетелдегі өмір ойлауыңызды, құндылықтарыңызды өзгертеді, өмірдің көптеген қырларына көзіңізді ашады. Біз қолымызда барды бағалап, жоғалтқан нәрселерді жеңіл жібере бастаймыз. Ең қиыны – әрдайым жақсы адамдармен айырылысып тұру. Біз әрдайым өзімізге қашықтықты ұстауға уәде береміз, бірақ қазақи жанымыз бәрібір адамдарға жақын болуға талпынады.

Ең қиыны – әрдайым жақсы адамдармен айырылысып тұру


Жаңа өмірде жайлылық зонасынан шыға бастайсың. Кейбір кезде мансабыңды қиюға тура келеді, бірақ бұның да маңызы бар. Жаңа және қызықты нәрсені бастау үшін басқа мүмкіндіктер пайда болады.

Барлығы салыстырмалы түрде танылады. Дубайдағы, Сингапурдағы және Африкадағы өмірден кейін, біз Қазақстандағы медицина жақсы деңгейде дамып жатқанын түсіндік. Технологиялық тұрғыдан Дубай мен Сингапур алдыға жылжып кетті, бірақ тәжірибе жүзінде Қазақстандағы медицина жақсырақ бола алатынын көруге болады.

Өзіңе, өз күшіңе және мүмкіндіктеріңе сену маңызды. Жағдайды саналы түрде бағалап, эмоцияларға берілмеу керек. Өзің және отбасың үшін жауапкершілікті ұғыну керек. Сіз тұрып жатқан елдің заңдарын, салт-дәстүрлерін құрметтеп, сақтау қажет. Жаңа елде бұрынғыдай болады деп күтпеу керек. Сен жаңаны қабылдайтыныңды немесе қабылдамайтыныңды өзің шешесің.

5.jpeg

Біз Қазақстанды сағынамыз. Біздің ата-анамыз, туыстарымыз, достарымыз сонда тұрады. Балалар апалары мен аталарын сағынады. Отанға баратын әрбір сапарымыз – кішігірім той. Біз үйде балаларымызбен туған тілде сөйлесеміз, салт-дәстүрлерімізді сіңіруге, мәдениетімізді ұмытпауға тырысамыз.

Маған мансабымды сапарларға айырбастауға тура келгеніне өкінбеймін. Тіпті бұл белгісіздік кейбір кезде ұнайды, ол өміріміз бен мүмкіндіктерімізді шексіз етеді.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.