Біз Қазақстанның танымал дизайнерімен кездесіп, бос уақытын қайда өткізетінін, неден шабыт алатынын, қандай кітаптар оқитынын және қандай музыка тыңдайтынын сұрап білдік.
Айнур Тұрысбек, қаласы — Алматы, дизайнер, @ainurturisbek
Өзі жайлы
Әлі күнге дейін «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап беру жолындамын. Мамандығым заңгер, ал жүрек қалауым бойынша дизайнермін. Уақыт тезінен өткен құндылықтар мен өз принциптерінің арасындағы көзге көрінбейтін қырын шыңдап, өзімді іздеп жүрген, өзімді дамыту арқылы, өзімді тану арқылы өзімнен және қоршаған ортамнан үйлесім іздеп жүрген адаммын. Art meets Business -те fashion-ның көмегімен ойымдағы батыл әрі тереңде жатқан дүниелерді жүзеге асырып жүрмін.
Ainur Turisbek топтамалары — брендтің бірегейлігі, мұнда ДНҚ, өзіндік философия, шынайылық бар және бірлікке, ерлікке, намысқа, ізгілікке апарар жол қызыл жіптей өтіп, әңгіме кенептері адамгершілік қасиеттерін көрсетіп, мән-мағынаға толы құндылықтарды дәріптейді.
Мен мынадай топтамаларды шығардым: «Бұйырған кетпейді» — Мое будет со мной, «Қаһарман» — герой, «Шежiре» — Родословная, «Qадам» — Шаг, «Ықпал» — Влияние, «Тегi» — Благородство рода, Bata — Благословение, Beine — Отражение, ALMA — Мать, Niet — Намерение, ZAÝYT — Отец, Lúna sezim — Чувства, Pion dala — Чуткость, Şabıt muse — Вдохновение.
Көремін, оқимын және қараймын
Мен классиканы және жүректі шым еткізер «ноталарды» тыңдаймын. Мысалы, қобыз бен домбыра тарихи құндылыққа толы. Мен сөзі бар музыканы да, «сөзсіз» өнерді де жақсы көремін.
Ainur Turisbek бренді музыкалық аспаптардың көмегімен әуендер диалогқа ұласатын, музыка сөйлейтін, жинақтардағы бейнелер үндесетін екі fashion-фильм түсірді.
Мен көп оқимын. Кітап оқуға деген құштарлық тал бесіктен бойыма сіңген: үйде жинақталған бай кітапхана, отбасылық оқу және шығармаларды талдау шығармалардың мәнін іздеп, кейіпкерлерді түсіне білуге баулыды. Кеңес дәуіріндегі ауылда туып-өскен біздер үшін авторлар әлеміне саяхаттау қызықты еді. Бұл ой-өрісімізді кеңейтіп, ойлау қабілетімізді дамытып, армандаудан қорықпауға, еркін ойлауға үйретті. Сөйтіп өсе келе арманым мақсатқа айналды.
Мені әлем халықтарының ертегілері, классиктердің шығармалары таңғалдыратын, әр оқыған сайын өзіме жаңа бір нәрсе табатынмын. Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік», Александр Дюманың «Граф Монте-Кристо» романдары кейіпкерлер тағдырының тұңғиығына сүңгітіп жіберетін.
Кітап авторлары бізбен жүрек түбінде жатқан құпияларымен және өздерін оқырманы түсінсе екен деп мақсат етпейді. Бұл тәубе етудің бір түрі іспеттес — кейіпкерлер арқылы «айқайлап айтқыңыз келетінді» жеткізу. Мен мұны құрметтеймін.
Сән әлемінде ұқсастық бар: топтамалардың авторы әңгімелеген кезде, образға жан бітеді. Біздің кейіпкеріміз — еркін және өз-өзін қамтамасыз ете алатын, өзінің кім екенін білетін, намыс деген сөзді ұмытпаған, құндылықтар және ұстанымдармен қаруланып, бірлік туының астында топтастыратын neo-nomad.
Мен ержүрек қолбасшылар мен олардың жолы баяндалатын, сезімдер мен қызықты оқиға желісі бар тарихи киноларды жақсы көремін.
«Крестный отец», «Последний самурай», «Гладиатор» фильмдерін көремін. Намыс, ерлік, бауырмалдық туралы, сондай-ақ бірліктің қажеттілігі жайындағы фильмдер. Өйткені біз бәріміз ерекшеміз. Бірақ осы ерекшеліктерімізді бірлескен жобада біріктіргенде, коллабарациялар жасаған кезде бірегейлік туындайды.
Мысалы, Димаш Құдайберген немесе режиссер Асқар Ұзабаев немесе Зарина Алтынбаева, Jah Khalib, Ғалымжан Молданазар бренді сияқты жаңа әрі қызықты нәрсе болып шығады. Бірақ мен бірлік қажеттілігі туралы айтқанда, мен тек сән подиумы немесе түсіру алаңы туралы айтып отырған жоқпын.
Неден шабыт алады
Өмір. Өмірде болатынның бәрі. Үйім. Отбасым. Таулар. Теңіз. Шабыт — динамиканың тұрақтылықтан жоғары болатын күйі.
Бос уақытын қайда өткізеді
Мен бос уақытымды өзімді жайлы, еркін сезінетін жерде, қамқорлық пен үйлесім бар жерде, түсіністік пен келісім бар жерде өткіземін.
Мен отбасылық демалыстарды жақсы көремін.
Тепе-теңдік, оңаша қалу, өзіммен және отбасыммен диалог құру — менің демалысым осы. Мұндай күйге әдемі аралда да, ауылда да, өзен жағасында да, кітап оқып, шие жеп отырып та жетуге болады.
Алматыда мен таулар мен концептуалды кеңістіктерді жақсы көремін, мұнда негізін қалаушылар мен келушілерге қызмет көрсетудің өзіндік мағыналары бар. Мен қалаларды, адамдарды, оқиғаларды «біздікі» және «біздікі емес» деп бөлуді ұнатпаймын.
Адамдармен қарым-қатынас жасау — әрқашан тәжірибе. Сізді «толтыратын» адамдар бар, сізді құртуға тырысатындар да бар. Бірақ егер сіз осы құртуға тырысатын адамдардан қорқып, мүлде қарым-қатынас орнатпасаңыз, алғашқыларын жолықтырмауыңыз мүмкін. Сондықтан адамдарға көбірек сенгім келеді.
Қай жерден не сатып алуға болады
Ең алдымен, мен бүкіл сән индустриясына және онда еңбектеніп жүрген әрбір адамға құрметімді білдіргім келеді. Өйткені мен топтама шығарудың не екенін білемін, оның артында қаншама еңбек жатқанын да білемін.
Бұл жерде кеңес беру қиын, өйткені талғам жөнінде дауласпайды. Оған қоса кеңес беру де —жауапкершілік. Баршаңызды Ainur Turisbek The shop-та (@ainurturisbek_theshop) көруге қуаныштымын! Егер біздің философиямыз бен құндылықтарымызбен бөліссеңіз, қош келдіңіз. Біздің философиямыз: Барлығының бірлікте болу және әр адамның бірегейлігі.