facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
k-rnekt-neyrohirurg-medicina-ylymdaryny-doktory-zh-ne-k-s-pker-ara-andy-medicinaly-universitet-ndeg-o-udy-y-paly-zhayynda
logo
Көрнекті нейрохирург, медицина ғылымдарының докторы және кәсіпкер Қарағанды медициналық университетіндегі оқудың ықпалы жайында

18.06.2019

Көрнекті нейрохирург, медицина ғылымдарының докторы және кәсіпкер Қарағанды медициналық университетіндегі оқудың ықпалы жайында

Мыңжылқы Бердіходжаев, туған қаласы — Қызылорда, дәрігер-нейрохирург, «Орталық клиникалық аурухана» АҚ нейрохирургия орталығының жетекшісі


2A0379E5-FEF0-4FBE-B077-AE570B3119FA.jpeg

Университетті таңдау жайында


Мен 15 жыл бұрын Қарағанды медициналық академияны бітірдім. 2005 жылы нейрохирургия бойынша интернатурадан өттім.

1998 жылы осы оқу орынға түскен кезде, бұл үздік медициналық академиялардың бірі болатын. Мен бюджет бойынша оқып, академияны қызыл дипломмен бітірдім.


Атмосфера жайында


Оқу қиынға соқты – жақсы оқу үшін, қатты тырысу керек болды.

Оқытушыларымыз мықты болатын. Көп жыл өтті және олардың көбісі қазірде сабақ бермейтін шығар, себебі ұрпақ ауысты.

Мен қазақ тобында оқыдым. Біз тату едік және әлі күнге дейін бір-бірімізбен араласамыз. Бұның өзінде орыс топта оқыған достарымыз да бар.

Оқу қиынға соқты – жақсы оқу үшін, қатты тырысу керек болды


Академияда жылы атмосфера орнаған, сол себепті біз, студенттер әрдайым сонда оралуды қалайтынмбіз.


Оқу орынның берген білімі


Академияның берген базалық білімі менің клиникалық ординатурадағы қызметімде көмегін берді. Қарағандыда алынған білім ресейлік білімнен кем түспеді.

919612A2-41B6-4CA3-B5AB-26DA4EC11F26.jpeg

Кейін мен Еуропада және Америкада тәжірибеден өткен жақын және алыс шетелдегі әріптестермен араластым. Қарым-қатынасымызда ешқандай қиындықтар болған жоқ деп айта аламын. Қарағандылық медициналық академияның берген білімі лайықты деңгейде.

Әдетте академиямызды бітірген балалар қарапайым келеді, олар атаққа құмар болмайды. Менің ойымша, бұған біз оқыған қарапайым шахтерлік қала ықпал етті.


Жұмысы жайында


Қазіргі кезде мен «Орталық клиникалық аурухана» АҚ нейрохирургия орталығында жетекшілік қызметін атқарамын, бұған дейін «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасында» жетекшілік еттім.

Бүгінде біз Қазақстанның, алыс және жақын шетелдердің дәрігерлерін оқытамыз, халықаралық конференциялар өткіземіз. Келесі конференция маусым айының аяғында өтеді, ол тегін болады және Қарағанды академиясы студенттері, резиденттері де қатысады деп үміттенемін.


Сауле Нұрғалиева, 31 жаста, туған қаласы — Лисаковск, дәрігер-нейрофизиолог, «Миды дамыту орталығының» директоры


8692c837-738e-41ee-8316-3497746c82d1.JPG

Университетті таңдау жайында


Мен қандай жоғары оқу орнына түсетінім жайында ойлаған да жоқпын. Бұл посткеңістіктегі ең мықты медициналық жоғары оқу орны – Қарағанды медициналық академиясы болатынын әрқашан білдім.

ҰБТ үшін мамандықты таңдаған кезде, өзіме жақын болған пәнді – биологияны таңдадым, осы пән бойынша әрқашан олимпиадаларға қатысатынмын. ҰБТ нәтижесі бойынша жоғары балл жинап, армандаған жоғары оқу орныма түстім.


Атмосфера жайында


Университеттегі атмосфера кез-келген оқу орындағыдай – кітаптар, оқулықтар, сабақтар. Бізде медициналық университет болғандықтан, әрі ғимараттары қаланың әртүрлі бөлігінде орналасқандықтан, студенттер басқа жерге жету үшін, сабақтар арасында үлкен үзілістер болатын. Майқұдық, Оңтүстік-Шығыс жақтарға баруға тура келетін. Сабақтар әртүрлі корпустарда өтетін күндерді шахматтық күндер деп атайтынбыз. Қызықты болатын: сабаққа жүгіріп, жол бойы тамақ ішесің, сабаққа дайындаласың.

Өміріміз қызыққа толы болды. Алғашқы үш курстың оқуы қиынға соқты. Студенттер арасында мынадай сөз бар: «Алғашқы үш жыл сынақ кітапшасына еңбек етесің, кейін ол саған еңбек етеді». Бірақ бізде, мециналық оқу орнында бұндай ереже жұмыс істемейді. Қандай курс болмасын, талабы жоғары болады.

ba9cea61-4cd5-4115-8998-fc51d408ccd4.JPG

Мен жатақханада тұрдым, төрт жылдай бөлімнің старостасы болдым, сол себепті тұруды ұйымдастыру мәселесі де менің мойнымда болды. Сонымен қатар мен әртүрлі іс-шараларға қатысып жүретінмін, белсенділерді танитынмын.

Университеттегі атмосфера кез-келген оқу орындағыдай – кітаптар, оқулықтар, сабақтар


Бізбен Германия, Үндістан, Пәкістан – әртүрлі елдерден келген студенттер оқитын. Бұның өзінде атмосфера әрқашан байыпты болды, барлық студенттер бір-бірін түсініп, қолдау көрсететін, үй жұмыстарын бірге істейтін. Біз бір-бірімізбен араласатынбыз, кез-келген студентпен әңгімелесіп, дәрістермен бөлісуге болатын.

Астанада тұрып жатқаныма қарамастан, интернет пен әлеуметтік желілердің арқасында курстастарыммен және таныстарыммен байланысты үзбей араласамыз.


Оқу орынның берген білімі


Университетке келген кезде, үлкен өмір басталады. Өзіндігінен коммуникация құрып, оқытушыларға жол таба білу керек. Университет өмірлік дағдыларды қалыптастырып, қажетті ақпаратты іздей білуге үйретті.

Мен медициналық-биологиялық факультетте оқыдым, мамандығым бойынша дәрігер-биофизикпін. Біздің факультетімізде медицинаның барлық мүмкіндіктері көрсетілген, сол себепті функционалды диагностиканың дәрігері атанып, қайта дайындықтан өткен соң, не істеу керектігін және бұның қалай жұмыс істейтінін түсіндім.

Қарағанды медициналық университетінің түлегі қандай

Университетіміздің түлектерін ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс істей білу және есте сақтау қабілеті жақсы болуы біріктіреді деген ойдамын.

Медициналық жоғары оқу орнындағы оқу қиынға соғады деген пікір бар. Және бұл шындық.


Жұмысы жайында


Бұған дейін мен дәрігер-нейрофизиолог болып жұмыс істедім, Астанадағы жекеменшік орталықта басқа электроэнцефалографиялық тексеру, ЭЭГ-бақылау жұмыстарын атқардым. Қазірде осыған жақын салаға кетіп қалдым, «Миды дамыту орталығы» шағын компанияны аштым. Біз нейрогарнитура арқылы балалар мен ересектердің дағдыларын дамытумен айналысамыз. Бұл мидың қалай жұмыс істейтінін көріп, кейбір параметрлерін бақылауға болатын кішкентай электроэнцефалограф. Биологиялық кері байланыстың негізінде нейротренингтер өткіземіз.


Сауле Есембаева, 51 жаста, туған қаласы — Қарағанды, медицина ғылымдарының докторы, Дүниежүзілік тіс емдеу академиясының және Экология, қауіпсіздік, адам және табиғат ғылымдары Халықаралық академиясының мүшесі


8227513c-7ff1-418e-8d20-1d292ac5a41f (1).JPG


Университетті таңдау жайында


Мен Қарағанды медициналық институтты 1989 жылы бітірдім. Анам кезінде осы жоғары оқу орынның емдеу факультетін бітірді және мен оның ізін жалғастыруды қаладым. Оқуға түскен кезде, емдеу факультетіне үлкен байқау болды. Мен жақсы оқыдым, бірақ маған бірнеше балл жетпеді және мен стоматологиялық факультетке түстім. Бір жыл оқып, емдеу факультетіне ауысуды жоспарладым. Бірақ бірінші курстың соңына қарай тіс дәрігері болуды шештім. Ал анам ғылыммен айналысып, аспирантаруға түсуге кеңес берді.


Атмосфера жайында


Оқытушыларымыз әлемдік деңгейдегі ғалымдар, соғыс кезінде елімізге қоныс аударған Қазан медициналық институтының мұғалімдері болатын. Әрине, сол кезде, әсіресе осындай ұстаздар болғанда, бір келісім жасауға үміттену ойымызда да болған жоқ.

Медицинадағы негізгі білімдермен қатар бізге өмір мектебін үйреткенін қазіргі кезде түсініп жатырмын және бұл өте бағалы нәрсе. Мен 38 жасымда профессор атандым. Аспирантураға Алматыға түстім және сол жердегі оқу әлдеқайда оңайырақ болды, себебі Қарағандыға қарағанда олардың талаптары қатал болған жоқ. Қарағанды медициналық университеті саңлақтарының көбісі Алматыға келді. Сол адамдардың арасында үшеуі ғылым докторы атанса, кандидаттық дәрежеге ие болу үшін келгендер ғылыми жұмыстарын сәтті қорғап шықты.


Оқу орынның берген білімі


Ұстаздар бізді батылдыққа және жақсы мағынадағы авантюризмге үйретті.

Қарағандылық студенттер, интерндар жайында естіген кезде, жүрегім жылулыққа толады – бұл туған жерден келетін жылулық


Қарағандылық студенттер, интерндар жайында естіген кезде, жүрегім жылулыққа толады – бұл туған жерден келетін жылулық. Мен Қарағанды медициналық университетінен шыққан студенттерге деген ерекше қатынасымды ешқашан жасырмаймын. Тіпті іскерлік мәселе кезінде, бұл адам біздің оқу орнымыздың түлегі екенін білген кезде, оны ерекше қабылдаймын.

c8c10a02-d013-411d-bcd8-be2a3afd1ab3 (1).JPG


Жұмысы жайында


Ұстазым менің балалар тіс дәрігері болып, кафедрада сабақ беруімді қалады. Бірақ мен ересектер терапиясына кеттім. Кейін онкогематологиямен, тіс емдеумен, денсаулық сақтау мәселелерімен айналыса бастадым. Бүгінде мен барлық тіс дәрігерлері қолданып жатқан барлық дерлік клиникалық тесулердің авторы болып табыламын. Бес жыл бойы Қауымдастықтың президенті және жеті жыл бойы Қазақстанның басты тіс дәрігері болдым.

Мен жас мамандарға көмек көрсететін авторлық мектебімді аштым. Қазақстан бойынша байқау жарияладым: әрбір аймақтан бір адамды таңдап, үш жыл бойы әлемнің үздік мамандарына апарып оқытамын. Бұл менің осында тұлға болып қалыптасуыма ықпал еткен халыққа және еліме деген алғысым, жеке үлесім.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақ халқының ескірген 10 салт-дәстүрі
Қазақ халқының ескірген 10 салт-дәстүрі
Қазақ халқының тарихы туралы 10 фильм
Қазақ халқының тарихы туралы 10 фильм
Өзін-өзі бағалауға және ішкі сенімділікке ие болуға көмектесетін 9 кітап
Өзін-өзі бағалауға және ішкі сенімділікке ие болуға көмектесетін 9 кітап
Шетелде тұратын қазақстандық блогерлер
Шетелде тұратын қазақстандық блогерлер
Tinder-ден басқа. 10 қызықты танысу қосымшалары
Tinder-ден басқа. 10 қызықты танысу қосымшалары