Арнасай — Астана қаласынан 30 км жерде орналасқан және шамамен 1300 мың адамдай тұрғыны бар шағын ауыл. Соңғы жылдары тұрғындар суғарудың, гидропониканың және тыңайтқыштардың заманауи технологияларының көмегімен ауыл шаруашылығын қалыптастырды. Ал қазір ауыл экологиялық туризмнің орталығына айналуда. Біз «жасыл» технологияларды пайдалану деңгейіне тіпті Астана да қызыға қарайтын ауылға барып қайттық.
Татьяна Немцан, Арнасай ауылының «Жасыл технологиялар» орталығының басшысы
Жасыл технологиялар орталығы
Барлығы да 2002 жылы, ауыл адамдары өз күштерімен ауыл шаруашылығындағы жаңашылдықтарды пайдаланып, өздерінің өмір сүру ортасын жақсартсын деген мақсатпен қоғамдық қорды құрудан басталды. «Жасыл технологиялар» орталығы өзінің жұмысын ресми түрде 2015 жылы бастады. Бұл жерде жылыжай, қонақ бөлмелер пайда болып, жертөлелер жаңартылды.
Қазір біз басқа ауылдардың белсенділерін жетістікке қалай жетуге болатынын үйретудеміз
Осы айдың аяғында ауыл бойынша қоқысты бөлек жинауға арналған контейнерлер орнатылатын болады, ал көрші ауылда қоқыс өңдеуші комбинаттың құрылысы басталады.
Жылыжайлар мен балық фермасы
Көп адамдар Астанада жыл бойы жұмыс істейтін жылыжайды салуға болатынына сенбейді, алайда біз Арнасайда бұған қол жеткіздік. Онда, классикалық және де күн энергиясы мен ғимарат қабырғаларынан жылу алатындар жылу берудің бірнеше көзі жұмыс істейді. Оныншы сынып оқушыларының бірі бұл жерде өсімдіктерді гидропоника жүйесі бойынша өсіре бастады. Жылыжайда өтетін тәжірибелік сабақтарда біз ауыл балаларына өз қолымен бір нәрсені жасауға, өсімдіктерді күтіп, баптауға және ауыл шаруашылығына деген сүйіспеншілікке баулимыз.
Жылыжайдың жертөлесінде жайын өсіріледі
Балық тіршілік ететін су тазартудың бірнеше кезеңінен өтіп, бактарға қайта құйылады. Балықтың тіршілік әрекеті бар судың бір бөлігі өсімдіктерді суғару үшін құбырлармен жылыжайға жіберіледі, өйткені бұл су табиғи тыңайтқыштармен байытылған. Жақын арада бұл жерде балықтың телапия мен бекіре тұқымдары өсірілетін болады.
Жертөледе тағы бір жылыжай бар, ол жерде райхан, жалбыз, салат жапырақтары өсіріледі.
EXPO CAMP балалар лагері
Қазақстандағы скауттар қозғалысымен бірге Арнасайда балаларға арналған EXPO CAMP шатырлы лагері құрылды. Лагерь «жасыл» технологияларды бүгіннен бастап пайдалануға болатынын көрсету үшін жасалды. Бұл жерде балалар олардың қалай жұмыс істейтінін өз көздерімен көре алады. Лагерьді құруға оны жаңа шатырлармен, музыкалық аппаратпен және сахнамен жасақтаған демеушілер және шатырларды ұсынған ҚР Қорғаныс министрлігі көмектесті. Көпшіліктің қолданысындағы шатырлар күн батареялары есебінен жарықтандырылады.
Ауыл тұрғындарымен жасалған жағажай мен саябақ
Ауылдың жанынан Есіл өзені ағып өтеді, ол жерге біз жақын арада жағажай салатын боламыз.
Арнасайда ауылдар тұрғындарының өздері құрған саябақ та бар
Бұрын бұл 25 жылға жуық ешкім келмей кеткен жер болған. Ауыл шаруашылығы министрлігі бізге бензинмен жұмыс істейтін арамен көмектессе, «Жасыл аймақ» ұйымы ағаштарды сиретуді жүргізген мамандар бөлді. Ауылдың барлық тұрғындары шығып, ауылды қоқыстан тазартты, біз ол жерлерге бетонның жұқа қабатын құйып, жол жасап шықтық. НЗМ оқушылары ескі тамыр сабақтары мен тастардан саябаққа арналған шағын сәулеттік пішіндер жасады. Бүгінгі күнде бұл саябақта жергілікті қолөнершілер мен зергерлер жәрмеңкелер өткізеді. Демалуға келгісі келетіндер орталықта орналасқан қонақүйге жайғасуларына болады, ал ауылдың өзінде қонақтарға арналған 10 үй бар.