Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Қазақстанда жасалған пайдалы 5 мобильді қосымша
12144

05.12.2016

Қазақстанда жасалған пайдалы 5 мобильді қосымша

Қазақстанда жасалған пайдалы 5 мобильді қосымша

Kitap (iOS, Android)

Кімге арналған: қазақ әдебиетін сүйетіндер үшін

Пайдасы:

Қосымшада 4000-нан аса қазақ тіліндегі кітап жинақталған. Кітаптар авторлар мен бөлімдер бойынша бөлінген, сондай-ақ, кез-келген кітапты атауы арқылы табуға болады. Барлық кітапты оффлайн түрде оқи аласыз, бастысы, қосымшаны смартфоныңызға жүктеп алуыңыз қажет.


Қазақстанда жасалған пайдалы 5 мобильді қосымша

Kім білгіш (iOS, Android)

Кімге арналған: интеллектуалды жарыс ойынын жақсы көретіндерге

Пайдасы:

«Кім білгіш» - интеллектуалды жарыс ойын-викторинасы. Ойын алты раунд барысында кімнің ақылды екенін анықтайтын екі ойыншы арасындағы жарысқа құрылған. Ойында түрлі санаттар, физика, математика, лингвистика, кино, музыка және т.б. бойынша, сұрақтар жинақталған.


Қазақстанда жасалған пайдалы 5 мобильді қосымша

Start Code (iOS)

Кімге арналған: бағдарлама жасауды (программалау) үйренгісі келетіндер үшін

Пайдасы:

Қосымшада бірнеше веб-программалау курсы бар. Әр курстың соңында бір сайт әзірлейтін боласыз. Курс әзілге құрылған қызықты материалдардан тұрады. Орындалған әр тапсырмадан соң, оқушы өзін тексере алады.


Қазақстанда жасалған пайдалы 5 мобильді қосымша

Doctor Stars (iOS)

Кімге арналған: медицина мен биология саласы бойынша интеллектуалды жарыс ойындарын жақсы көретіндерге

Пайдасы:

Doctor Stars — қатысушылар әлемнің түкпір-түкпірінде отырып-ақ, бір-бірімен медицинаның түрлі саласы бойынша білімдерін сынасуға мүмкіндік беретін тегін интеллектуалды ойын-викторинасы. Ойын базасында медицина, биология, анатомия, эндокринология, паразитология, иммунология, кардиология, онкология, гинекология және неврология жайында 3000-нан аса сұрақ бар. Бір ойын – алты сұрақтан үш раундты құрайды, әр сұраққа ойлануға 25 секунд беріледі.


Қазақстанда жасалған пайдалы 5 мобильді қосымша

Soyle.kz (Android)

Кімге арналған: қазақ тілін үйренгісі келетіндер үшін

Пайдасы:

Soyle.kz — қазақ тілін басынан бастап үйренгісі келетіндерге көмектесетін қосымша. Барлық сабақтарды кәсіби лингвист, филолог мамандар жазған. Сабақтар бойынша өзіңізді тексеріп, жаңадан үйренген сөздеріңізді қолдана аласыз.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу