Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Ұялы телефон теңгерімінің көмегімен кез-келген қызметтер үшін,жол ақысы үшін және кез-келген сайттан сатып алынған тауар үшін қалай төлем жүргізуге болады
5263

10.10.2017

Ұялы телефон теңгерімінің көмегімен кез-келген қызметтер үшін,жол ақысы үшін және кез-келген сайттан сатып алынған тауар үшін қалай төлем жүргізуге болады

Александр Бондаренко, 29 жас, туған қаласы – Қарағанды, Wooppay қаржытех-компаниясының директоры


1 (101 of 113).JPG


Телефон бұрыннан бері жай ғана сөйлесіп,хабарламалармен алмасуға арналған құралдан артық құрал болды. Бүгінгі күні бұл жетілген төлем құралы. 2015 жылдың соңынан бастап Beeline-нің Қазақстандағы бүкіл қолданушыларында ұялы телефон теңгерімінен тұрмыстық қызметтерін,авто тұрақты, жол ақысын, кез-келген сайттан алынған тауарды төлеуге мүмкіндігі пайда болды. Activ қолданушыларында осындай мүмкіндік 2016 жылы пайда болды.


Ұялы телефон арқылы ақшаны алу мен төлеу тәсілдері


QR – код

Ұялы телефон теңгерімі көмегімен QR – код бойынша кез-келген мекемеде тапсырыс үшін төлеп,кофе сатып алып,ал келешекте – нан сатып сатып алуға,такси үшін төлеуге мүмкіндік беретін пилоттық жоба жұмысы іске асырылады.


Қазіргі кезде Алматы мен Астана бойынша 150-ден астам сервистерінің қызметтерін QR-код бойынша төлеуге болады.Мысалы, Эко-такси. Қалғандары – бұл шағын бизнес: шағын дүкендер, дәмханалар,асханалар.


Ақшаны алу

Енді егер сіздің мобильді операторыныз Beeline болса, ақшаны теңгерімнен шешіп алуға болады. Бұл үшін «Қазпоштаның» кез-келген бөлімшесіне барып,ақшанызды алып кету керек.


Сонымен қоса ерекше бірегей шешім бар – банк картасын телефонның теңгеріміне қыстырып, сол картамен кәдімгі карта тәрізді төлем жүргізуге болады: банкоматтан ақша шешіп алу, кэшбэк алу,енді ақша банкті шоттан емес, телефон теңгерімінен жұмсалатын төлемдерді жүзеге асыру сияқты мүмкіндік беретін Альфа-Банк картасы бар. Осындай картаны жасау анағұрлым тез, ал оны толықтыру анағұрлым жеңіл,себебі негізінде сіз бүкіл операцияларды телефон нөмірі арқылы жүзеге асырасыз.


Тағы бір қызықты сервис – бұл банк картасыз ақшаны банкоматтан алу. Бұл үшін mobi.money немесе money.beeline.kz сайттарында «Ақшаны банкоматтан шығару» қызметіне кіріп,қажетті соманы тандап, ұялы телефонға растау коды келгенде,сол кодпен «Казкоммерцбанк» банкінің кез-келген банкоматына бару керек. «Beeline теңгерімінен ақшаны алу» қызметін таңдап,кодты еңгізіп,ақшаны алуға болады.


СМС

Мен сипаттаған бүкіл операцияларды қысқа нөмірге СМС-ті жіберу арқылы жүзеге асыруға болады. Егер сізде смартфон емес,батырмалы ұялы телефон болса да,жай ғана СМС жіберу арқылы автотұрақты,жол ақысын, тұрмыстық қызметті төлеуге болады. Клиенттер үшін СМС тегін.


СМС бойынша төлемдерді жүзеге асыру нұсқауы money.beeline.kz порталы мен операторлар сайттарында берілген.


Мысалы, Алматыда автотұрақты төлеу үшін тұрақ нөмірі мен көлік нөмірі терілген СМС жіберу керек. Жауап ретінде тұрақ үшін сома бағасы берілген СМС келеді,оны растау керек,содан соң ақша теңгерімнен шешіледі.


СМС арқылы төлем жүргізудін артықшылы – бұл интернеттің қажетсіз болғаны.


Ұялы телефон арқылы төлем жүргізу артықшылықтары


Интернетте карта нөмірін көрсетуден гөрі, телефон нөмірін көрсету анағұрлым қауіпсіз. Жауап ретінде сізге тауарды сатып алған сайтта еңгізуге қажет коды бар СМС келеді, содан соң транзакция жүзеге асырылады. Сонымен қоса,ақшаны жоғалтып алуға қауіп-қатеріне бас тікпей, ,теңгерімінізге қажетті соманы салып, төлем жүргізуге болады.


Телефон өзінізбен бірге қаптаған карталарды және әмиянды тасымауға мүмкіндік береді.


Телефонға кез-келген картадан ақша салуға болады. Сонымен қоса телефон теңгерімін толтыру жеңіл. Банкті,кассаны,банкоматті іздеуге қажеті жоқ. Әр дүкенде тұратын кез-келген терминал жарайды.


Клиенттер үшін барлық төлемдер тегін. Оператор өзі бейілділік бағдарламасын орнатады, QR-кодымен төлем жүргізу кезінде кэшбек береді. Яғни 5% кэшбек теңгерімге қайтарылады. Теңгерімге қыстырылған карта арқылы төлем жүргізу кезінде , басқа карталарда сияқты, кэшбек 1,5 % болады.


Транзакция картадан карағанда,тезірек жүргізіледі. Өз телефон нөмірін көбісі жатқа біледі, оны тек тез еңгізу керек,осымен болды.


Ең қызықтысы – сізде банк картасы болмаса да,оның қажеті де жоқ.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу