Биылдан бастап мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына мемлекеттік жәрдемақының жаңа түрі төленеді.
Бұған дейін қаржылай қолдау 18 жасқа дейін ғана берілсе, енді бұл қаражат кәмелетке толған балаларға да төленеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светлана Жақыпова брифингте хабарлады. Оның айтуынша, жәрдемақыны тек Iтоптағы мүгедек жандар иеленеді. Қазір елімізде 14 мың отбасы осы санатқа кіреді. Қаражат бұл азаматтардың шотына шілде айынан бастап жіберіледі. Оның сомасы шамамен 30 мың теңгені құрайды.
Естеріңізге салайық, Елбасы жақында жариялағанЖолдауында осы мәселені көтеріп, Үкіметке онышешуге нақты тапсырма берген. Ол үшін заңғаөзгеріс енгізіп, бюджеттен 3 миллиард теңге бөлуқажет.
биыл 570 мың адамды жұмыспен қамту жоспарда бар. Елбасы өзінің халыққа Жолдауында зауыттардағы автоматтандыру салдарынан қызметінен босатылған азаматтарды да жұмысқа орналастыру жайында сөз қозғады. Бұл мәселені шешу үшін жауапты ведомство өңірлердегі ірі кәсіпорындармен бірлесіп, 137 жол картасын әзірледі.
Дерек көзі: 24.kz