facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/3e7/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/3e723e5b825ae8ed0315c1243cacce37.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
google-da-y-zh-mys-almat-kenen-alpauyt-kompaniyada-y-zh-mysy-men-m-r-turaly
logo
Google-дағы жұмыс: Алмат Кенен алпауыт компаниядағы жұмысы мен өмірі туралы

25.10.2020

Google-дағы жұмыс: Алмат Кенен алпауыт компаниядағы жұмысы мен өмірі туралы

Алмат Германияда тұрады. Ол бізге алпауыт компаниядағы жұмысы мен Еуропадағы өмірі туралы айтып бермек.


Алмат Кенен, Мюнхен, Google-да software engineer, Linkedin

Google-дағы жұмыс: Алмат Кенен алпауыт компаниядағы жұмысы мен өмірі туралы

Қоныс аудару туралы

Мен Алматыданмын. Қазақ-Британ техникалық университетінде «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша білім алған. Соңғы оқу жылында мен шетелдік компанияларға жұмысқа және тағылымдамадан өтуге белсенді түрде өтініш бердім. Олардың арасында Мюнхенде немесе Варшавада жұмыс ұсынатын Google болды. Мен бірінші нұсқаны таңдадым да 2019 жылдың қазан айында көштім.

Қазір мен Германияда тұрамын және Google-да Site Reliability Engineer ретінде, қысқартылғанда SRE немесе SWE — Software Engineer.

Көшуімнің себебі — ірі технологиялық компанияда білім мен жұмыс тәжірибесін алу мүмкіндігі.

Бейімделу мен уақытша қиындықтар туралы

Германияға көшкеннен кейін иммигранттар үшін құжаттармен айналысу және пәтер табу маңызды. Компания бірнеше аптадай баспанамен көмектесті, бірақ кейін өзім іздедім. Неміс тілін білмейінше, келушілерге пәтер табу мен иммиграциялық кеңсеге тіркелу қиынырақ болады. Мен Мюнхенге неміс тілін білмей көшіп келгендіктен телефонмен, супермаркеттерде және пәтер іздеу кезінде адамдармен сөйлесу қиын болды. Бірақ маған осында тұрып жатқан достарым көмектесті.

Тағы бір ерекшелігі, дүкендер мен супермаркеттер 20:00-де жабылып, жексенбі күні жұмыс істемейді. Бұған үйрену үшін уақыт қажет.

Google-дағы жұмыс: Алмат Кенен алпауыт компаниядағы жұмысы мен өмірі туралы

Мені жергілікті тұрғындардың қолма-қол ақшамен төлейтіндігі және барлық мекемелердің Visa және MasterCard карталарын қабылдамайтыны таң қалдырды. Бюрократия да көптеген процестерді баяулатады. Мысалы, жұмыс визасын алу мен ұзарту екі-үш айға созылады және мекемелерге қағаз хаттар арқылы хабарласасыз.

Бірақ маған адамдармен араласқандағы нақтылық пен формальдылық ұнады. Танымал пікірге қарамастан, немістер құрметті, сыпайылықты және сабырлықты бағалайды.

Қиын жағдайларда кеңес пен көмек сұраудан ұялмау маңызды. Мүмкін сіздің айналаңыздағы адамдар да осындай қиындықтарға тап болған шығар. Сондай-ақ Мюнхендегі қазақстандықтардың чаты бар, онда отандастар бір-біріне көмектеседі.

Даму мен мансап туралы

Қазақстанда мен бэк-энд-әзірлеуші ​​ретінде тағылымдамадан өттім және ғылыми көмекші болып жұмыс істедім. Университет тәмамдауға келгенде 100-ден астам шетелдік компанияларға құжат тапсырдым. Сұхбатқа дайындалдым. Бұл кезеңнен өтуіме олимпиадалық бағдарламалау бойынша алған білімім көмектесті. Атап айтқанда, алгоритмдер мен деректер құрылымдары саласында.

Google-дағы жұмыс: Алмат Кенен алпауыт компаниядағы жұмысы мен өмірі туралы

Ірі компанияда сұхбаттан сәтті өту үшін алгоритмдік және архитектуралық есептерді шешу және талдау, ойларды анық жеткізу мен идеяларды кодқа айналдыру маңызды. Қазір бұл тақырып бойынша көптеген кітаптар мен курстар бар, бірақ олардың көбі ағылшын тілінде. Сондықтан шет тілдерін үйрену маңызды.

Білім базасын алғаннан кейін, оларды бекіту үшін тренинг сұхбаттарынан өтуді ұсынамын. Бұл сұхбатта өзінде уақытыңызды тиімді пайдалануға көмектеседі.

Түйіндемеңізді жақсартуға кеңес беремін және LinkedIn, AngelList Talent, GlassDoor мен HackerRank сияқты жұмыс іздеушілер платформаларында белсенді болуды ұсынамын

Түйіндемеңізді жақсартуға кеңес беремін және LinkedIn, AngelList Talent, GlassDoor мен HackerRank сияқты жұмыс іздеушілер платформаларында белсенді болуды ұсынамын.

Мен Google-дың ішкі инфрақұрылымы үшін кіруді басқару жүйесін әзірлеп жатырмын. Компания қызметкерлері әртүрлі ресурстар мен қызметтерге қол жеткізу деңгейлерін конфигурациялау үшін өнімдерімізді пайдаланады.

Google тапсырмаларды орындау үшін барлық жағдайды жасайды. Компания жобалар шеңберінде де, сыртта да оқуға және дамуға мүмкіндік береді. Көшу және иммиграция мәселелерін шешу кезінде қолдау көрсетеді. Сондай-ақ, кеңседен тыс жұмыс пен өмір арасындағы балансқа назар аударады, қызметкерлердің жағдайын мен күйін бағалайды.

Қоныс аудару әсері

Бұл қадам көзқарастарды қайта бағалауға және басымдық беруге көмектесті. Жауапкершілігім арта түсті. Жаңа тілдерді үйрене отырып, туған жеріне, қазақ тіліне басқаша қарай бастадым.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Ғылыми мақалаларды қайдан іздеуге болады: зерттеушілер үшін тегін материалдары бар 12 сайт
Ғылыми мақалаларды қайдан іздеуге болады: зерттеушілер үшін тегін материалдары бар 12 сайт
Лаура Аутелеева, қазақстандық жас ғалым қазіргі ғылымның мәселелері мен дамуы туралы
Лаура Аутелеева, қазақстандық жас ғалым қазіргі ғылымның мәселелері мен дамуы туралы
IELTS-ті 7.0 және одан жоғары баллға қалай тапсыруға болады: Орталық Азия студенттерінің тәжірбиесі мен стратегиясы
IELTS-ті 7.0 және одан жоғары баллға қалай тапсыруға болады: Орталық Азия студенттерінің тәжірбиесі мен стратегиясы
Ғалымға қаржыландыруды немесе қолдау бағдарламаларын қайдан табуға болады — 10 өзекті мүмкіндік
Ғалымға қаржыландыруды немесе қолдау бағдарламаларын қайдан табуға болады — 10 өзекті мүмкіндік
University of Glasgow — әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарының бірі ұсынған 20 тегін курс
University of Glasgow — әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарының бірі ұсынған 20 тегін курс