Future Leaders Exchange бағдарламасы-бұл жастарға АҚШ-та оқуға мүмкіндік беретін білім беру жобасы. Біздің кейіпкерлер іріктеуден сәтті өту үшін өз тәжірибелерімен және кеңестерімен бөлісті.
Акежан Тастанбек, Астана қаласы, студент, @akezhan.tastanbek
Өзім туралы
Мен Назарбаев Университетінің бірінші курс студентімін. Математиканы оқимын. Мен инвестицияларға, криптовалюталарға қызығушылық танытамын және FLEX бағдарламасының іс-шараларына үнемі қатысамын.
2021-2022 жылдары FLEX алмасу бағдарламасына қатыстым. Огайо штатының Уоррен қаласында тұрдым.
FLEX іріктеуге дайындық туралы
FLEX іріктеуіне дайындалу барысында мен YouTube бейнелері арқылы түлектердің тәжірибесін зерттедім, толығырақ білу үшін бағдарлама мүшесімен сөйлестім. Флексерлердің блогтарын қадағалап, олардың оқиғаларынан шабыт алдым.
10-сыныпта өз өтінішімді бердім. Іріктеуден сәтті өтіп, АҚШ-та 11-сыныпты өткізе отыра Назарбаев Зияткерлік мектебінеде онлайн оқыдым.
Кеңестер
Өз күшіңіз бен әлеуетіңізге сеніңіз. Тілдік кедергіден қорықпаңыз. Бейімделуге дайын болыңыз. Егер іріктеуден өтпесеңіз, үмітіңізді үзбеңіз: өмірде көптеген жаңа мүмкіндіктер болады.
Егер сіз финалист болсаңыз, АҚШ-та өз уақытыңызды белсенді пайдаланыңыз. Естеліктер жасаңыз және жзаңа достар табыңыз. FLEX түлектері — кез келген уақытта қолдау көрсетуге дайын қауымдастық.
Мадияр Түтенов, 19 жаста, Павлодар қаласы, ағылшын тілі мұғалімі, @lili_drums
Өзім туралы
Мен Маргулан университетінің бірінші курсында оқимын және музыка мектебінде сабақ беремін. Flex бағдарламасында Павлодар қаласын таныттым.
FLEX-ке қатысу — менің өмірімдегі ең күтпеген және ең дұрыс шешімдердің бірі. Мен 2021 жылдың қыркүйегінде өтініш бердім. Бір жылдан кейін АҚШ-қа барып, академиляқ жылды Мэн штатының Нью-Глостер қаласында өткіздім. Gray - New Gloucester орта мектебінде оқыдым.
FLEX іріктеуге дайындық туралы
Дайындық кезінде мен көп жаттығатынмын. Ағылшын тілінде сериалдар, фильмдер мен подкасттар қарадым. Жиі эссе жазып, сөздік қорымды кеңейттім және Speaking клубтарына қатыстым.
Жан-жақтылық, бейімделу қабілеті, жайлы зонадан шығып, өзіме жаңа сынақ жасау — маған финалист болуға көмектескен негізгі критерийлер. Мен бір ережені ұстандым — өзім болу.
Кеңестер
FLEX көшбасшылықты, бейімделуді және жан-жақтылықты бағалайды. Қиындықтарды жеңе алатыныңызды көрсету маңызды.
Тым көп зат күтпеңіз. Штаттар Голливуд фильмдерінде немесе жаңалықтарда көрсетілгендей емес. Бұл да өзінің артықшылықтары мен кемшіліктері бар ел. Қалай деуші еді: It’s not worse, it’s not better, it’s just different.
Дамира Досмағамбет, 19 жаста, Филадельфия, студент, @damira _ _ dd
Өзім туралы
Мен АҚШ-тың Филадельфия қаласындағы Дрексел университетінің екінші курс студентімін. «Маркетинг және Халықаралық Бизнес» бағдарламасы бойынша оқимын. Әлемнің 15 елінде болдым. Мен шығармашылықпен айналысқанды және Instagram-да блог жүргізгенді ұнатамын.
Мен FLEX бағдарламасына 2021-2022 жылдары қатыстым. Аляска штатының Фэрбенкс қаласында тұрдым. West Valley High School-да 12-сыныпта оқыдым. Қазіргі уақытта Drexel University-дегі FLEX бағдарламасының өкілімін.
FLEX іріктеуге дайындық туралы
FLEX-ті іріктеуге дайындық кезінде мен эссеге назар аудардым және ұқсас сұрақтары бар ресурстарды пайдаландым.
Маңызды критерийлердің бірі — көшбасшылық қасиеті. Оны қатысушылар өз хаттарында көрсетуі керек.
Кеңестер
Өзіңізді, күшті және әлсіз жақтарыңызды жақсы білу маңызды. FLEX көшбасшыларды, рухы мықты адамдарды, бастамашыларды және өз елін АҚШ-қа лайықты түрде көрсете алатындарды іздейді.
Қиындықтарға дайын болыңыз, бірақ олардан қорықпаңыз. Ең бастысы — көңіл көтеру, жаңа ел мен адамдардан ләззат алу. Әр мүмкіндікті қолданыңыз және әр жағдайдан тек жақсы затты қалдырыңыз.