facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
erl--zayyptylar-aralarynda-y-zhas-ayyrmashyly-y-men-6-balany-t-rbieleu-turaly
logo
Ерлі-зайыптылар араларындағы жас айырмашылығы мен 6 баланы тәрбиелеу туралы

17.08.2018

Ерлі-зайыптылар араларындағы жас айырмашылығы мен 6 баланы тәрбиелеу туралы


Біз туралы



Ерлан. Біз Алматыда таныстық. Қаржы Министрлігінде жұмыс істедім, ал Лейла ол жерде тағылымдамадан өтті. Біз-бірімізді кіреберісте көріп, амандысып өтетінбіз. Барлығы Астанаға көшкеннен кейін басталды.

20180714-WED_1169.jpg

Лейла. Астанада 2000 жылы кездесуді бастадық. Бұған дейін жай ғана әріптес болып, отбасы болатынымыз жайлы ойламаппыз.

Ерлан жайлы бірінші әсерлерден оның ақжарқын, сүйкімді, жайдары екені есімде қалды.

Оған қашан ұнай бастағанымды білмеймін, мүмкін Астанаға көшіп, бір кабинетте жұмыс істей бастаған кезден шығар. Арамыздағы жас айырмашылығы он жас. Министрлікке тағылымдамаға келген кезде ол біздің бөлімшенің басшысы болды. Ал мен тыныш, үйде отыратын қыз болдым. Ол маған көңіл белгілерін білдірмеді, себебі мені ренжітіп алуға қорықты. Оның сезімдері жайлы әріптесім арқылы білдім. Маған өте ыңғайсыз болды. Бұдан кейін көп уақыт бойы тіпті оның жағына қарай алмадым.

20180714-WED_1253.jpg

Ерлан. Әріптес досымыз екеуміз жиі бір-бірімізге сырларымызды айтып, әңгімелесетінбіз, маған Лейла ұнайтынын, бірақ одан үлкенмін, сондықтан жанына баруға бытылым жетпейтінін айттым. Досым барлық айтқанымды тыңдап, бір күні барлығын Лейлаға айтып салды. Осыдан кейін артқа шегінудің жолы болған жоқ, сол себепті сөйлесу үшін Лейланы жұмыстан кейін қалуды өтіндім.

Лейла. Есімде, ол кезде байыпты қарым-қатынас жайлы ойларым болған жоқ және күйеуге де шығуды жоспарлаған емеспін. Мүмкін, махаббат болмағандықтан шығар. Оқуымды жалғастыруды жоспарладым және шетелге, яғни Жапонияға оқуға түстім. Үйде отыруды ұнататын қыз болып, жігіт туралы ойламадым. Ал мұндай мойындауды естіген кезде маған тіпті күлкілі болды, себебі бұған қалай жауап беруді білмедім. Бұл жағдай мен үшін түсініксіз болды — ол менен үлкен, менің басшым және кенеттен осылайша сөз салады. Ол кезде оған тек сыйластық сезімі болды. Әлі күнге дейін бұрынғы әріптестерімізбен кездескен кезде олар бізде ең жақсы басшы мен ұжым болғанын айтып жатады. Ерлан әрқашан сыпайы сөйлеп, дөрекілікке жол бермейтін. Сондықтан барлық ұжым оған үлкен құрметпен қарайтын және қазір де қарайды.

20180714-WED_1195.jpg

Сол кезде Ерлан менен көңілін білдіруге рұқсат сұрады. Сол күні кешке ол мені үйіме дейін шығарып салды. Жол бойы бір-бірімізден ұялып, тіпті сөйлескен жоқпыз. Кейін киноға, кафеге, түскі ас ішуге бардық. Бастапқыда бүкіл ұжыммен тамақтанатынбыз, кейін екеуміз бара бастадық. Осылайша, біртіндеп бұл адамсыз өмір сүре алмайтынымды түсіндім.

Ерлан. Бастапқыда маған Лейланың сырт келбеті ұнайтын. Кейін бір кабинетте жұмыс істеген кезде оның тәрбиесіне, өмірге деген көзқарасына назар аудардым. Отбасылық құндылықтар туралы әңгімелестік. Осының бәрі менің көзқарасыма түсті. Лейла маған күннен-күнге дейін қаттырақ ұнай бастады. Сондықтан оған көңілімді білдіруге рұқсат сұраған кезде келешекте үйленгім келетінім жайлы бірден айттым.

20180714-WED_1213.jpg

Лейла. Үйленер алдын біз бір жарым жыл кездесіп жүрдік. Ол маған байыпты қарым-қатынасқа бағытталғанын басында айтқан еді.



Астана туралы



Ерлан. Мен үшін Астанаға көшу қиын болған жоқ, себебі оған өзім ұмтылдым. Біздің ұйым барлық шетелдік елшіліктер Алматыда болған уақытқа дейін сонда қалу керек болды. Ол кезде Астанада әлі дипломатиялық қалашықтар мен өкілдіктер болған жоқ. Кейін бізге Астанаға жаңа ұйымға адам, яғни өкіл қажет екенін айтты. Мен сол Астанадағы өкіл болуға келістім. Ал екі айдан кейін бүкіл дипломатиялық корпусты ауыстырды.

Лейла. Мен үшін де көшу қиын болған жоқ. Менің ата-анам ол кезде Астанаға көшкен еді, әкем астананы ауыстырған комиссияда жұмыс істеді. Ата-анам мен әпкелерім осында болды және мен оңайлықпен көштім.

20180714-WED_1200.jpg

Біз Астананы жақсы көреміз.

Ерлан. Отбасымыз үлкен және саябақта серуендегенді жақсы көреміз. Инфрақұрылым балалармен серуендеуге лайық жерге, балалар алаңдарына барамыз. Балаларымызбен «Сәтті» мейрамханасының жазғы террасасын жақсы көреміз.

Лейла. Бала болған кезімізде ипподромға жиі барып тұратынбыз.



Отбасы туралы



Ерлан. Отбасымыз үлкен және шулы. Біздің 6 ұлымыз бар: үлкендері — 16, 14, 12 жаста. Жас аралықтары үлкен емес. Кішілері — 9, 7, 4 жаста. 12 жыл ішінде 6 баламыз туылды.

Лейла. Жаңа үйленген кезімізде Ерланның әкесі неше бала қалайтындарымыз жайлы сұрады, мен: «Төртеу», — деп жауап бердім, бірақ алты бала жайлы ешқашан ойлаған емеспін.

Біздің отбасылық дәстүріміз — дастархан басында барлығымыз бірге отыру. Демалысты да бірге өткіземіз.

20180714-WED_1183.jpg

Ерлан. Отбасымыз ән айтуға жақын. Кіші балаларымыз бізбен бірге караокеге барғанды ұнатады. Үлкен балаларымыздың дауысы қазір өзгеріп жатыр, сондықтан ән айтуды әлі жақсы көрмейді.

Өткен жылы жиі велосипед тебетінбіз, биыл үй жанында орналасқан саябақтың қайта құрылып жатқандығынан велосипедті сирек тептік.

Балаларды барлық жағынан дамытуға тырысамыз. Олар музыкамен де, таэквондомен де айналысады. Үйде жаттығады, себебі оларды басқа бір жерге апарғанша, үйге жаттықтырушыны шақыру оңай.

Лейла. Тәрбие жайлы айтатын болсақ, оларды өмірлік мысалдармен үйретуге тырысамыз. Өмірде қалай болатынын айтып, көрсетеміз. Сәтсіздікке тап болған кездерінде қолдау көрсетеміз.

Үлкен ұлымыз бізге көп көмек көрсетеді. Ол жауапты, сондықтан онымен тепе-тең секілді, оған сене алатындайсезім пайда болады. Олар есейіп, біз өткен кезде, әрқайсысының отбасы болатынына қарамастан, белгілі бір жағдайларда шешім қабылдай алатын адам болғандарын қалаймыз.

20180714-WED_1209.jpg

Ерлан. Өмір оларды жан-жаққа бөлмей, араласқандарын қалаймыз.

Лейла. Біз де Ерлан екеуміз аға-әпкелерімізбен жақын араласып тұруға тырысамыз. Балалар жақындар арасында дұрыс қарым-қатынас үлгісін көру үшін отбасылық шаралар өткізіп тұрамыз.

Ерлан. Мен кішігірім отбасыда өстім: үлкенімін, қарындасым мен інім бар. Басқа қалаларда тұрамыз, бірақ қарым-қатынасымызды сақтап тұруға тырысамыз.

Балаларымызға салғымыз келетін басты нәрсе — адалдық, әділеттілік және жауапкершілік. Өйткені егер алдап, қулық жасасаң, бір күні ол өзіңе қайтып келеді.

20180714-WED_1244.jpg


Бүгінгі күні рухтың жай-күйі



Ерлан. Әрқашан позитивті көңіл-күйде болу қажет, әйтпесе қолыңыздан ештеңе келмейді.

Лейла. Отбасымыздың ең басты қағидаларының бірі — алға жылжу.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақтың дәстүрлі «келін шәй» салт-дәстүрі
Қазақтың дәстүрлі «келін шәй» салт-дәстүрі
Қыз ұзату: қазақ салтындағы қыз тағдыры қандай
Қыз ұзату: қазақ салтындағы қыз тағдыры қандай
Қазақстандағы аға бауырластардың 10 белгісі
Қазақстандағы аға бауырластардың 10 белгісі
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
«Оземпик». Жаңа диета туралы не білу маңызды
«Оземпик». Жаңа диета туралы не білу маңызды