Дархан Джуз, музыкант, қала — Алматы, @d.juzz
Қазір қалай
Басты қиындық — мен қазір қала сыртындамын. Менің ән жаздырғым келеді, ал мұнда студияны әлі таппадым.
Бірақ қала сыртында болудың да жақсы жақтары бар: мұнда жазу жеңілірек, өзіме көп уақыт пайда болды, кітап оқи бастадым.
Ақша жайлы
Наурыз және сәуірге жоспарланған бірнеше концерттерден бас тарттық. Бірақ менің қазір қолданылып жүрген, аздаған жинаған ақшам бар. Шығындар әлі жоқ.
Жұмыс жайлы
Өз аудиторияммен Instagram арқылы араласамын. Сондай-ақ қазір қызықты жобамен айналысып жатырмыз — қашықтықта бейнебаян ойластырудамыз. Жақында шығарамыз деген үміттемін.
Қазіргі уақытта мен екі ән жаздым, тағы үшеуі процессте
Биттарды жіберетін битмейкерлер, дыбыс режиссерлері бар, ал мен бұл уақытта ән жазамын. Дауысты жазу үшін студияны ғана табу қалды. Қазіргі уақытта мен екі ән жаздым, тағы үшеуі процессте.
Мұндай жағдай болатынын білсем, тезірек ән жазып, жинақ шығаруға тырысар едім. Көктемге қалдырған үлкен жеке концертімді өткізер едім.