facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/dba/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/epis7vkbgdq7kjmu1mky50mjsjufzka4.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
alpha-tobymen-tanysu-aza-t-l-ndeg-shy-armashyly-pen-shabyt-k-zder
logo
ALPHA тобымен танысу: қазақ тіліндегі шығармашылық пен шабыт көздері

01.10.2024

ALPHA тобымен танысу: қазақ тіліндегі шығармашылық пен шабыт көздері

Интервьюміздің бүгінгі кейіпкерлері — ALPHA тобының мүшелері. Олар жас буынның музыка саласындағы өркендеп келе жатқан жұлдыздары. Мақалада әр әртістің қысқа биографиясы мен қалыптасуын талқылаймыз.

Өздеріңіз туралы

Нұрлыбек Хамит, 21 жаста, Алматы қаласы, ALPHA тобының мүшесі, @n.byeah

NB

Менің лақап атым — NB, мағынасы «ән, би» дегеннен құрылады. Мен Жезқазған қаласының тумасымын, 2001 жылы 16 желтоқсанда дүниеге келгенмін. 4 жасымнан бастап ән айтамын. Домбыра сыныбында оқып, әрі қарай вокал ән сабағын жалғастырдым. Сосын домбыраға колледжге түсіп, бір жыл оқып, оны тастап, «хоровое дирижирование» факультетіне түсіп те бір жыл оқығанымен тастадым. Осылай ALPHA тобына келіп отырмын.

2019 жылы «Проект X» деген жоба болды. Сол жобадан бесеуіміз топ болып шығып отырмыз. «Проект X» жобасы 2019 жылы болған кезде бесеуіміз 5 жақтан жиналып, Juz Entertainment компанияға стажер болып керген тұрмыз. Сол жерде 2 жылы стажер болып, қазір ALPHA деген топпыз.

Ақжол Серікжанұлы, 22 жаста, Алматы қаласы, ALPHA тобының мүшесі, @i.uwave

I

Менің лақап атым — I. Мен 2002 жылы Қытайда, Шыңжаң облысының Шәуешек қаласында туылғанмын. Содан кейін 10 жасымда Қазақстанға, Алматы қаласына көшіп келдім. Өнерге 13 жасымда қызығушылық таныттым. Ақырындап ән жазып, синтезатормен аккордтар үйренуді бастадым. YouTube-тан видеолар көріп, өз өзімді дайындап бастадым. Содан бері, екі жыл «балалар театрында» оқыдым. Кейін «Проект X» басталғаннан соң, мен оған қатысып, Juz Entertainment-тегі тағылымдама өткенде жігіттерді кездестірдім. Осылайша ALPHA мүшесі болып, дебюттадым.

Тілеужани Уали, 21 жаста, Алматы қаласы, ALPHA тобының мүшесі, @mrqozzy

qozzy

Менің лақап атым — Qozzy. 2003 жылғымын, 8 сәуірде дүниеге келдім. Мен де музыкалық байқауға түсіп кеткенмін. Қызығушылығым, хоббиім — бокс, бала кезмінен спортпен айналысым өскенмін.

Абулхайыр Мадеш, 23 жаста, Алматы қаласы, ALPHA тобының мүшесі, @urboov

boo

Менің лақап атым — A.Boo. Жалпы, бұдан бұрын мен бокспен айналыстым, және де боксер болуды армандадым. Өкінішке орай, көп травмалар алдым — қолым, аяғым сынған еді, сонымен боксты жалғастыра алмадым. Содан соң, 8 сыныпта домбырамен айналыса бастадым. Домбыра мен үшін қиындыққа ұшырады, ал 9 сыныпта өлең айтуға қызығып бастадым, вокалға да қатысқан болатынмын. «Чайковский» колледжіне түсуді шешіп, 3-ші курстан бастап Instagram парақшама каверлер түсіріп бастадым. Көрермендер мені байқай бастады, содан сол «Проект Х»-ке мені өздері шақырған болды. Осылайша «Проект X»-қа келіп, жігіттермен танысып, ALPHA тобы ретінде екі жыл тағылымдамадан өттік.

Дарын Амангелді, 22 жаста, Алматы қаласы, ALPHA тобының мүшесі, @dark.bolma

dark

Менің лақап атым — Dark. 2002 жылы 29 қыркүйекте дүниеге келдім. Бала кезімде өте жабық болдым, музыкаға дейін қызығушылығым тым болған жоқ, жалпы, бір де бір салаға қызығушылық танытпадым. Менің отбасым музыкадан өте алшақ адамдар. Бірақ, 2019 жылы менің жақын досым «Проект X» бағдарламасына бірге барайық деп, ұсынды. Солай «иә» деп, бірге барғанымен, ALPHA тобының бір мүшесі атандым.

Музыка жазуда шабыттың ерекше көздеріңіз

A.Boo. Мені мықты әртістер шабыттандырады. Көбінесе шетелдік әртістер маған шабыт береді, әндері, жасап жатқан жұмыстары өте сапалы, жаңа, ерекше болып көрінеді. Сондықтан да мен олардың өзім ән жазған кезе, олардан қалыспай, олардан да бір бас жоғары болғым келеді.

I. Достармен келісемін, бірақ, ол заттардан бөлек те мен шабытты біздің жанкүйерлердің реакциясынан, кері байланыстан алатын шығармын. Егер мынандай әуен шығарсам, оларға қатты ұнайтын сияқты деген мақсатпен әндерді жазамын.

A.Boo. Қазіргі уақытта Джастин Тимберлейк көп тыңдап жүрмін, сүйікті әртістің бірі.

NB. Шабыт деген енді менде жоқ, мен оны таудан, табиғаттан аламын. Шабыт ол мені күнде әрдайым оятып тұратын талантым, менің қызығушылығым, менің жұмысымды қатты жақсы көретіндігімнің арқасында шығар. Сол себепті мен басында жұмыс бойынша бастаймын, ал менің шабытым артынан ояна береді. Маған бір жасаған затым ұнайды, мысалы бір жазған тармақ ұнаса, әрі қарай шабытым әсер етеді. Мүмкін сол жерде бір әртіске ұқсағым келеді, солай алға кете береді. Абулхайыр айтқандай, жобаны өзім бастап, әртістерге қарап, теңесуге тырысамын.

Қазақ тіліндегі шығармашылық туындылар шығару

Qozzy. Қазақ тілінде жазуды біз таңдаған жоқпыз — қазақ тілінде жазу бізді таңдады. Біздің топтағы бүкіл балалар — қарапайым, ауылдағы қазақ отбасыдан шыққан балалар болғандықтан, ана тілінде жазу дұрыс деп ойлаймыз. Қазіргі таңда басқа тілдерде жазуды эксперимент ретінде жасап, көріп жатырмыз. Америкалық нарыққа шығу үшін ағылшын тілінде де өлеңдерді дайындап тұрмыз. Қазақ тілді аудитория негізі көп, өте сапалы айтсақ та болады.

І. Қазақ тілі — әуенге салынған кезде өте әдемі естілетін тіл, сөздік қоры бай болғандықтан, көптеген тақырыптарды қозғауға болады. Қазақ тіліндегі сан алуан әдемі сөздері құлаққа жат естілмейді, ән жазуға сол үшін өте күшті инструмент. Осы бесжылдықта қазақ музыкасы өте қатты дамыған сияқты. Себебі, тек қана поп жанрдағы емес, көптеген суб-жанрлар да қазақ тілді музыкада пайда болып жатыр. «Рок», «инди», «синти-поп», «хип-хоп», түрлі жанрдағы әртістер қазір қазақша жазуды тырысып жатыр. 10-15 жыл бұрын коммерциялық жақтан пайдалы болу үшін, орысша жазуды таңдады, ал қазір орысша жазатын әртістер қарама-қарсы бағытқа ұмтылып тұр. Қазақ тілінде музыка тыңдармандардың саны асып, көбейіп жатыр. Сол үшін, өте тамаша мүмкіндік деп ойлаймын.

Орта Азиялық музыка индустриясының дамуы жайлы

І. Орталық Азия музыканың басқа мемлекеттерге қарағанда ерекшелігі — әртістер өзіндік дәстүрлі дыбысты, ұлттық аспаптардың әуені мен гармониялардың түрлерін қолдануға қорықпайды. Менің ойымша, осы бізді басқа мемлекеттерден ерекшелендіреді. Біз әлемдік деңгейдегі поп жанрында, түрлі стильдерде сапалы, заманауи дыбысты құра аламыз, соның үстінде, өзіміздің мәдениетіміздің айдентикасын қоса аламыз. Орта Азиялық музыка тек қана өз мемлекеттерінде ғана дамыған жоқ, шет елдерде де танылып жатыр. Мысалы, біздің өзінде АҚШ-тан, Польшадан және Шығыс Азиялық тыңдарманымыз да бар. Олар біз үшін де қазақ тілін үйреніп жатыр, осы жылғы өткен турда Американың Техасынан келген 2 қыз еліміздің 7 қаласына бізбен бірге барып шықты, сонымен қоса Польшадан, Қытайдан да келген жанкүйерлер бар. Қазақстанға қосқан үлесіміз көп деп санаймыз.

2000 жылғы пайда болған RnB-pop қайта оралып жатыр. Яғни, кезінде Pharrell, Timbaland жасап кеткен дүниелердің ұқсас дыбысталуы оралып жатыр. Дәл қазіргі сәтте қазақ тілінде осындай стилімен ешкімді естіген жоқпын, біз сондай әуенді дайындап жатырмыз.

NB. Негізінен, мүмкіндіктер қатты көп те, аз да болуды айта алмаймын. Жалпы, бір үлкен мүмкіндік беретін ол — TikTok платформасы, жалпы, әлеуметтік желілер. Қазіргі таңда TikTok арқылы әншілердің музыкасымен бірге өзіндік жеке бас қасиеттері де қамтылып жатады. Оны жақсы құрал деп есептеймін, егер сіз сапалы ән жазатын болсаңыз, дистрибьюциондық науқандар көбейіп те жатыр. Осындай мүмкіндіктер Қазақстан үшін үлкен жаңалық деп есептеймін. Өйткені, Қазақстан қаншама жылдар бойы осындай нюанстарға акцент қоймай, ендігі жылдарда назар аудара бастады — ол қуанарлық жағдай. Сондықтан, әртістерге қазір мүмкіндіктер көп жақтан ашылады деп айта аламын.

Көп әншілердің мәселесі — жаңа әнді қалай шығарамын, оны қалай жүктеп, алға қарай қалай дамыта аламын деген сәттері болса, жарнамалық науқандардың көбеюі көмектесе алады.

Жас әртістер қандай қиындықтарға тап болады

Dark. Көп жас әртістердің қателігі — бір өлеңді шығарып, сол сәтте сынып қалуы. Өйткені, бір өлеңге үлкен болашақты сеніп тапсырады. Бір өлеңмен шықпау, керісінше — үлкен жоспармен, концепция мен дайындықпен келуге дұрыс болады.

Qozzy. Жас әншілерге айтарым, brand name маңыздылығы, онымен жұмыс істеу керек, әрі, сыртқы келбет те ұмытпау қажет. Сыртқы келбетінен бөлек, бұл шығармашылықта, осы салада адамгершілік таныту үлкен орын алады. Дұрыс командамен, дұрыс жоспардың және стратегияның бар болуы үлкен жетістіктерге алып келе алады.

A.Boo. Ең бастысы — уақыт, оны күте білу керек, асықпау, себебі, уақыт бәрін шешеді. Ол ұзақ та болуы мүмкін, кейбіреулерінде тез болуы мүмкін, бірақ та, әркімнің өз белгілі бір уақыты болады.

Жас әртістерге кеңес

NB. Жас әртістер үлкен арманмен, көптен күткен өмірмен шығады ғой, бірақ, сіздің оған сәйкес келуіңіз қажет. Өзіңіздің қойған мақсатқа, жоспарға сәйкес болу керек. Тек соның арқасында сіз жетістікке жете аласыз. Тағы бір кеңес — әртіс болу, әндер жазу деген заттардан бұрын өзіңнің жеке өміріңнің болуы. Өзіңіздің физикалық, моральдік денсаулығыңыз бар, оған қарау керек. Өйткені, әнші өзінің дауысынан бұрын — бірінші сезімін береді, ал сезім өмірден келеді. Ол — махаббат болуы мүмкін, не ұрыс-керісінен алған травмалары болуы мүмкін. Әртістің жаман-жақсы болмай, таза сезімі болады, нағыз музыкант ән арқылы осының бәрін жеткізе білуі қажет.

Qozzy. Ән шығарғаннан соң оның интернет платформаларға шығуы — ол тек артисттің шығарған еңбегінің 10%-ы ғана болады. Одан қарай шығатын жұмыстар да өте маңызды, оны дамыта білу, әр түрлі инфоповодтар, трендтер арқылы насихаттау білу керек. Себебі, біріншіден — көп әртістер шығарған тректерін насихаттамайды, сіз оған уақыт салғаныңызды ұмытпауыңыз қажетсіз. Егер әніңізге шынымен сенетін болсаңыз, тура сондай сеніммен әрі қарай концепцияны қозғалту керек екенін ойда ұстау.

Dark. Қателісуден қорықпаңыз, ол арқылы сіз өсесіз, көптеген практика арқасында демоларды жаза беруді тоқтамаңыз. Сонымен қоса, жұрттың ойын да тыңдау маңызды. Солай тез өсетіңізді айта аламын.

Жақындағы концерт туралы

I. 1 қазан күні Алматыда болатын концертіміз — осы жылғы турдың соңғы аялдамасы ғана емес, ALPHA тобының үш жылдық туған күніне орай жасалған концерт. Дайындық өте орасан зор, себебі, Алматыдағы бұл концерт бүкіл бағдарлама жанды band-пен болады. Кезінде біздің концертімізге келген адамдар «тағы да неге келемін?» деген ойлайтын болсаңыздар, осы жолы музыкамыз мүлдем басқаша сезіледі. Кәдімгідей, жаңа дыбыстау болады.

Qozzy. Осы концерт басқа энергетикалық толқынмен өтетін болады. Оны тек қана көрген адамдар сезінеді, ұмытылмайтын кеш сыйлайтынымызға уәде береміз. Жастық шақтың вайбын сезінгісі келетіндер болса — концертімізде сіздерді асыға күтетін боламыз.

NB. Концертімізді жасаған себебіміз — love and peace-терге арнау. Өйткені, love and peace-тердің арқасында біз үш жылға жетіп отырмыз. Осы уақыттың ішінде қандай жетістіктерге жеткенімізді біз оны өмірде көрсеткіміз келеді.

І. Сонымен қоса, біз бес ай үзілісте болдық, осы уақытта ALPHA-да ешқандай өлең шыққан жоқ. Осы концертте біз жаңа әнімізді халыққа көрсететміз деп жатырмыз, әрі Qozzy-дің жаңа соло трегі де орындалады. Менің ойымша, ALPHA-ның сиқырын интернеттен қарап отырсаң, оның тек 50%-ын сезінесің деп ойлаймын. Бізді тірідей көру, жанды дыбысты есту, энергетикамызды сезу — ол бөлек. Сол үшін концертке келіңіздер!

Жақын болашаққа жоспарларыңыз


NB. ALPHA тобының жоспарлары өте көп. Осы жылға қойған жоспарларымыздың ішіне осы концерт, тур кірді. Love and peace-терге ұнады деген үміттеміз, концерттен кейін жаңа әніміз шығады. Оған жаңа визуалды перформанс видео шығады, әрі қарай тобымыз тоқтамайды, одан соң жұмыс істейді. Әндер өте көп жазылнып жатыр, туындыларды жасап отырмыз.

І. Бізде бір өте қызық ивент дайындалып жатыр, концертіміздің бір айынан кейін осы ивентті жоспарлар жатырмыз. Не туралы екенін қазір айта алмаймыз, бірақ ол fan meeting-тің басқа форматы болайын деп тұр. Біз үшін өте маңызды іс-шара болып тұр. Ол уақытпен байланысты, қазір біз идея мен ұйымдастыру тұрғыдан жұмыс істеп жатырмыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
10 ең әдемі қазақ халық әндері
10 ең әдемі қазақ халық әндері
2024 жылы қалай киіну керек: негізгі сән трендтері
2024 жылы қалай киіну керек: негізгі сән трендтері
Қазақстандағы ең қымбат суретшілер
Қазақстандағы ең қымбат суретшілер
«Өз ісіңнен шабыт алу маңызды», — Мирас Баянов суретке деген сүйіспеншілік пен тарихта із қалдыру ниеті туралы
«Өз ісіңнен шабыт алу маңызды», — Мирас Баянов суретке деген сүйіспеншілік пен тарихта із қалдыру ниеті туралы
Мәди Рымбаев шығармашылығы мен жақында жарыққа шығатын әні туралы
Мәди Рымбаев шығармашылығы мен жақында жарыққа шығатын әні туралы