Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/264/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/q4jyujr9j3ydwifix5wp378v9j6di7dl.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

Биылғы оқу жылының каникул кезеңдері бекітілді
1724

06.10.2023

Биылғы оқу жылының каникул кезеңдері бекітілді

Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылының басталу мерзімін, ұзақтығын және каникул кезеңдерін бекітті.

«Орта білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылы 1 қыркүйекте басталды, 25 мамырда аяқталады. Бірінші тоқсанда оқу уақыты 8 апта, күзгі каникул 30 қазаннан 5 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылады.

Екінші тоқсанда 8 оқу аптасы, қысқы каникул 2023 жылдың 29 желтоқсанында басталады, 2024 жылдың 7 қаңтарын қоса алғанда күнтізбелік 10 күнге жалғасады.

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. 11 күндік көктемгі каникул 2024 жылдың 21 наурызында басталып, 31 наурызға дейін жалғасады», — деп жызылған министрлік ақпаратында.

Дереккөз: baq.kz

Меню

Істер

Қала 24

Шолу